Математика саба?ында дидактикалы? ойындарды ?олдану ар?ылы о?ушыларды? п?нге ?ызы?ушылы?ын арттыру


Математика сабағында дидактикалық ойындарды  қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру Математика пәнінің мұғалімі:К. Ж. Бәкірова Ойын-адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын-адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі.Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы.Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»-деген. Ойын баланы қимылға, әрекетке, денешынықтыруға төселдіреді. Сол арқылы өмір күресіне, еңбекке баулиды. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзіне қоршаған дүние туралы түсінік алады. Математикалық ойын дегеніміз-тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі. Педагогика саласында пайдаланатын ойындарды   дидактикалық ойындар дейді. Дидактикалық ойындардың мақсаты мен міндеттері Дидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі,сабаққа эмоциялық бояу береді. Математикалық м Математикалық мазмұнындағы дидактикалық ойынның  сапалылығына әсер ететін келесі сұрақтарды қарастыру керек:•    Ойынның мақсаты. Ойынның кезінде оқушылар қандай математикалық білік  пен дағдыны қалыптастырады?•    Қатысушылардың саны.•    Ойынға қандай дидактикалық материалдар қажет болады ?•    Ойынның ережесімен таныстыруға қаншама уақыт кетеді?•    Қанша уақыттқа ойын есептелінген? Ойын қызықты және әсерлі бола ма? Осы ойынды тағы ойнауға келіседі ме?•    Оқушыларды түгелдей қатыстырудың қандай амалдары бар?•    Оқушылардың ойынға қатысуын бақылауды қалай  ұйымдастыру керек?•    Ойынды қызықты етіп, оқушылардың белсенділігін көтеру үшін қандай өзгерістер ендіру керек болады?•    Ойыннан соң қандай қорытынды жасау керек?Ойын  кезінде келесі жағдайларды ескеру керек: Ескеретін жай    Кері әсері Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:1) Балалардың іс-әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыстыру,біртіндеп қызықтыжеңіл ойындардан ойын-тапсырмалар арқылы берілген оқу-тәрбие мәселелеріне көшу.2) Шарты мен міндеттерінің біртіндеп күрделенуі.3) Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі.4) Оқу-тәрбие мақсаттарының бірлігі. Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыта отырып, таным әрекетін қалыптастыру. Планиметрия курсын пысықтап, алған білімді тексеру, белсенділігін арттыру. Міндеттері: 1) Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту. 2) Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта, дидактикалық материалдар Сабақтың түрі: Қайталау сабағы Сабақтың әдісі: Ойын технологиясы элементтері, топтық жұмыс. Ұйымдастыру кезеңі 1 топ Біле бер қанша білсең-тағы тіле, Жетерсің мақсатыңа біле, біле. Ж.Баласағұн. 2 топ Білім заңы ежелден Деңгейіңді анықтау. Жеңімпаз болу шарты сол- Еңбектену, жалықпау. “Біліктілік” сайысы 1.Ойымды жалғастыр 1.Геометрия грек тілінен аударғанда «???» деген мағынаны білдіреді. 2.Геометрия екі бөлімнен тұрады: ? және ??. ? жазықтықтағы фигураларды, ал ?? кеңістіктегі геометриялық фигураларды қарастырады. 3.Планиметрия курсының ең негізгі элементтері болып ?, ?, ? табылады. Ан-ма 1: ??? координатасымен анықталады және оның ұзындығы болмайды, яғни 0-ге тең. Ан-ма 2: ??? - екі жағынан да шектелмеген нүктелер жиыны. Ұзындығы – шексіз. Ан-ма 3: ??? – екі жағынан да шектелген түзудің бөлігі, ұзындығы әрқашан айқындалады. Геометрияда келесі белгілеулер қолданылады: /жазып көрсету/ 1.Тиісті, тиісті емес 2. Бірігу 3.Қиылысу 3. Сен білесің бе?  Шеңбер деген не? Шеңбердің центрі? Радиус дегеніміз не? Хорда? Диаметр? Шеңберлердің жанасуы 4. Кім жылдам?№1. Шеңбердің радиусы 2,5 см-ге тең. Шеңбер хордасы 6 см- ге тең болуы мүмкін бе? ( Д = 5 см, хорда 6 см болуы мүмкін емес) №2. Өзара перпендикуляр хордалар бір-бірін 5 см және 7 см кесінділерге бөледі. О нүктесінен хордаға түсірілген перпендикулярды табыңдар.№3. АВ және СД центрі О болатын шеңбердің диаметрі. Егер СВ = 13 см, АВ = 16 см болса, АОД үшбұрышының периметрі неге тең болады? Үшбұрыштар Сен білесің бе?   Ойымды жалғастыр: 1.Үшбұрыштың екі қабырғасының ортасын қосатын кесіндіні үшбұрыштың ??? деп атайды. 2.Үшбұрыштың төбесін сол төбеге қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын кесінді ??? деп аталады.3.Үшбұрыштың медианаларының қиылысу нүктесін оның ??? деп атайды. Кім жылдам? 1. АВС жәнеДЕF үшбұрыштары тең: ДЕ=2 см, ЕF= 3 см, ДF= 5 см,. АВС үшбұрышының қабырғаларын табыңдар. 2. АВС және ЕДК үшбұрыштары тең. В=600 , С=900 , ЕДК үшбұрышының бұрыштарын табыңдар.3. АВС және МДК үшбұрыштары тең. АВ=3 см, ВС= 4 см, АС= 5 см. МДК үшбұрыштарының қабырғаларын табыңдар. Сергіту сәті“Ребустар” шешу І топқа Осы ребустағы қанатты сөз білімнің мәңгі құдіреттілігін баяндайды. Ол қандай сөз? ‘ ‘ н ж ‘ ғ ‘ ‘ ‘ ‘ ‘ ‘ ‘ ‘ ‘ е й ‘ ‘ ‘ ‘ ‘ ’’ ’ ІІ топқа Туған елге деген сүйіспеншілік, ыстық махаббат-адам баласының тамаша асыл қасиеті болса керек.Мына ребус осыған арналады. ‘ н с ‘ н ’’’ 4.2.3.5.6.1.7.8. Р Г ’ Бағалау Топ мүшелері Үй тапсырмасы Ойымды жалғастыр Кім жылдам? Сен білесің бе? Дәптермен жұмыс Тест Жалпы ұпайы Бағалау парағы