Мастер класс на тему ?аза? тілі саба?ында о?ушыларды? шы?армашылы?ын дамыту?а ба?ыттал?ан саба? ?лгісі


Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағыталған сабақ үлгісі Аршидинов Р Жоба жұмысының мақсаты Тәуелсіздігіміздің тірегі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алу, табиғаттағы тіршілік атаулының өсіп-өну, даму көзі-оның тамыры, адам баласының санасының даму кезеңі- оның тілі екендігін, оқушыларға ұғындыру. Жобаның міндеттері Білімділік:Оқушы бойында қазақ тілі нормасына сай ,өз сезімін,ойын дұрыс айтып,жазып бере алатындай дағдылар қалыптастыру.Тәрбиелік: Оқушыларға ана тілін сүюге,оның алтын қорын,тамаша сырлы,көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге,оны сезініп,құрметтей білуге баулу.Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамытуға септігі тиетін жұмыстардың оңай да тиімді түрлерін іріктеп алып,ұсыну Кіріспе Тіл қай ұлтта да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті.Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әр елдің мақтанышы. Ол-атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Сондықтан да әр адам ана тілін қастерлеуге міндетті, Оны шұбарлап сөйлеуге жол бермеуі керек. Ана тілі- ар өлшемі.Тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау.       1. Білім беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.     2. Меншік нысандарына қарамастан барлық білім беру ұйымдары білім алушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуін, сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің біреуін оқып-үйренуін қамтамасыз етуге тиіс.   3. Ана тілінде білім алу құқығы тиісті білім беру ұйымдарының мүмкіндіктері болған жағдайда сыныптар, топтар құрумен, сондай-ақ олардың жұмыс істеуіне жағдай жасаумен қамтамасыз етіледі.      Жаңашылдығы: 1.Суреттегі зат атауларын олардың қимылын білдіретін сөздермен қосып айту. 2.Суреттегі алғашқы зат атауларының алғашқы әріптерінен сөз құрау. -ма қаз -ба жібер шақыр -ме -пе төз теп -бе Зат есім Етістік Сөз табы Дәрігер емдеді Оқушы оқыды Күтілетін нәтиже: Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде мемлекеттік тілді меңгеру арқылы білім сапасы артады. Қорытынды «Туған тіліне жаны ашымаған адам –жәндік» «Көш жүре түзеледі» дегендей, бәрі де түзелер. Әйтсе де өз тілімізді ұмытпағанымыз дұрыс.Біздің тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазнамыз, өз атамекенімізде жүргендіктен, өз тілімізде сөйлеу – басты парызымыз. Сол себептен де қазақ тілін ту етіп тігіп, кейінгі ұрпаққа бүлдірмей тапсыруға міндеттіміз.