Презентация на тему маманды?-жетістік желкені


Нұрға бөлену ІІ-тарау.Адам болам десеңіз.Сабақтың тақырыбы:МАМАНДЫҚ-ЖЕТІСТІК МЕРЕЙІ. Уралы Мақсаты:1.“Мамандық” құндылығы туралы түсініктерді кеңейту.Мамандық таңдау,оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру.2.Мамандық таңдау кезінде тұрған оқушыларға бағыт – бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.3. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке баулу. Мәтінмен жұмыс«Үміт үзгім келмейді»Н.Келімбетов Мәтін бойынша сұрақтар:1.Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек? 2.Жақсы маман болу үшін адам нені білу және үйрену қажет? Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Бірулер үшін- ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін- әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін өз бейімділігін тануы қажет. Өз- өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы- адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс- табыс биігіне жеткізетін қанат. Есте сақтайтын нәрселер:*Икемі, қызығуы, бейімі бар мамандықты таңдау;*Өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын ойлау;*Мұндай еңбектен шабыт туатыны, ол өнімді еңбекке ұласып, табыс әкелетінін білу керек. Пікірлесу1.Сен қандай маман болуды армандайсың? Неліктен?2.Адам өзін белгілі бір  мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсың?3.Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсың?4.Қай  уақытта  адам өз еңбегінің жемісін көре алады? “Мамандық қасиеттері”тренингі Нұсқауы: Мен белгілі бір мамандықтарды атаймын, ал тренингке қатысушылар аталған мамандықтарының бойында болуы қажет қасиеттерді тез арада атап беруі керек. Шығармашылық жұмыс




«Ақылдың алты қалпағы»Сіз қандай ақпарат алдыңыз?Барлық жаңасын және қызықтысын жазыңыз.Жағымды, пайдалы жақтарын саралаңыз.Бүгінгі сабақтан алған әсерің?Қорытынды жасаңыз.Қандай қиыншылықтары бар?






Үйге тапсырма “Отбасылық кәсіп” шығарма Тыныштық сәті