Презентация по коучингу на тему Диалогтік о?ытуда зерттеушілік ??гімені? басымды?ы
Диологтік оқытуда зерттеушілік әңгіменің басымдылығы
Жалпы мақсатыДиалогтік оқытуда зерттеушілік әңгіменің басымдылығы туралы өзара пікірлесе отыра түсініктерін жетілдіреді,өзіндік ерекшеліктерін саралап өзектендіреді.Күтілетін нәтижеСабақта пікірлесу ортасын құрудың зерттеушілік диалог жүргізудің жолдарын үйреніп,іс-тәжірибеде қолдану шеберлігін арттырады.Түйінді идеясыДиологтік оқытуда зерттеушілік әңгімені қолдану арқылы оқушылардың сабақта пікірлесу ортасын құра білудің маңызын,берер нәтижесін түсінеді.
.Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде:әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынадыәркімнің идеясы пайдалы деп саналғанымен, мұқият бағалау жүргізіледі;3) қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды;4) қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме «көрінеді»; 5) топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де, келмеуі де мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу).
Оқу жылының басында алтыншы сыныптың жетекшісі өз шәкірттерінің алдында тұрды.Ол балаларға бір рет көз тастады да, барлығын бірдей жақсы көретінін және оларды көргеніне риза екенін айтты. Бұл, әрине, жалған болатын, өйткені алдыңғы қатарда мұғалім жақсы көрмейтін бір бала бүрісіп отыр еді. Басқа оқушылармен сияқты онымен де былтырғы оқу жылында танысқан. Сол кездің өзінде-ақ ол баланың өз сыныптастарымен ойнамайтынын және киімінің лас екенін, ешқашан жуынбағандай иіс шығатынын бақылаған болатын. Уақыт өткен сайын мұғалімнің бұл оқушыға деген көзқарасы нашарлай түсті. Оның жазба жұмыстарын қызыл қаламмен шимайлап, екі қоятын жағдайға да жетті.
Бір күні мектептің оқу жөніндегі орынбасары алтыншы сынып оқушыларының мінездемесіне талдау жасауды тапсырды, мұғалім сүйкімсіз оқушының мінездемесін ең соңына қалдырды. Ол баланың мінездемесін қолына алған кезде төбесіне мұздай су құйып жібергендей болды.
5. Кідіріспен оқу Бұл стратегия ауқымды мәтінмен жұмыс жасауға арналған. Мұғалім алдын-ала мәтінді бірнеше логикалық бөліктерге бөледі. Мәтін оқушыларға бейтаныс болуы керек. Ең алдымен мәтіннің бірінші бөлігімен танысады, талқылайды, сосын мұғалім келесі сұрақты қояды: Қалай ойлайсыңдар, оқиға әрі қарай немен жалғасады? Оқушылар өз болжамдарын айтады.
Бірінші сыныпта оқытқан мұғалім: «Бұл көзі нұр шашқан керемет бала. Үй тапсырмасын таза және ұқыпты орындайды. Оның мұғалімі болу да үлкен мәртебе»,-деп жазыпты. Екінші сынып мұғалімі ол туралы: «Ол- ғажап оқушы, оны жолдастары да сыйлайды, алайда отбасында проблема бар: мамасы айықпас дертке шалынды. Шамасы оның үйіндегі өмірі өліммен күреске айналған сияқты»,-деген екен. Үшінші сынып мұғалімі: «Анасының өлімі оған өте ауыр тиді. Бала барынша тырысады, бірақ әкесі оған еш көңіл бөлмейді.Егер бір шара қолданылмаса, оқуы нашарлап кетуі мүмкін»,-деп мінездеме беріпті. Ал төртінші сынып мұғалімі: «Баланың оқуға құлқы жоқ. Достары да жоқ. Сабақ үстінде жиі ұйықтап қалады»,-депті.Мінездемені оқып болған мұғалімнің жүрегі сыздап кетіпті.
Жаңа жылда барлық оқушылар оған жылтырақ қағазбен оралған сыйлықтар әкеліп құттықтап жатқанда, ол бала мыжылған қоңыр қағазға оралған түйіншекті қолына ұстатты. Кейбір балалар күле бастағанда, мұғалім түйіншекті ашып ішінен бір көзі жетпейтін білезік пен түбінде азғантай ғана қалған иіссуды алып шықты да : -Қандай керемет білезік!-деді де, құтыны ашып, әтірді аздап үстіне септі. Оқушылардың күлкісі сап тыйылды. Сабақ соңында бала жанына келіп, ақырын ғана:-Бүгін сізден менің анамның иісі шықты,-деді.
Бір жыл өткеннен кейін ол өз қағаздарының арасынан хат тауып алды. Ашып қараса, бала «Сіз менің өмірдегі ең керемет ұстазсыз!» ,-деп жазған екен. Тағы да бес жыл зулап өте шықты. Бұл кезде мұғалім басқа сыныпқа ауысқан еді. Сөйтсе бұрынғы оқушысы өзінің ең жақсы ұстазы болып қала беретінін жазған екен. Тағы да төрт жыл өткеннен соң мұғалім өз оқушысынан хат алды. Онда өзінің колледжді жақсы бітіріп, университетке түскенін, бітіргенін және өміріндегі ең жақсы көретін ұстазын сағынып жүргенін айтыпты.
Уақыт зулап өтіп жатты. Күндердің күнінде мұғалім өз оқушысынан тағы бір хат алды. Оқушысы университетті жақсы бітіргенін, әкесінің екі жыл бұрын қайтыс болғанын және жақында үйлену тойы болатынын хабарлапты. Бала өзінің сүйікті мұғалімін өз тойында ата-анасы отыратын жерден көргісі келетінін айтты. Әрине, мұғалім қуана келісті.
Той болатын күні ол баяғы бір көзі жоқ білезікті киіп, байғұс баланың есіне түсіретін иіссуды сатып алды. Алдына жүгіріп шыққан бала мұғалімін құшақтай бергенде, мамасының иісі есіне түсіп: -Менің осы өмірге керектігімді сезінуге, өз күшіме сенуге мүмкіндік бергеніңіз үшін сізге өте ризамын,-деді даусы дірілдеп. Мұғалімі көзіне жас алып: -Қателесесіз,керісінше, сен мені бәріне үйреткен. Сенімен жақын танысқанға дейін мен қалай мұғалім болу керек екенін білген жоқпын...,-деді.
«СЕРГІТУ» ТРЕНИНГІ
Көзімізді жұмамыз, айналамыз тып – тыныш, ыңғайланып отырып алыңыз. Сізге өте жайлы, тып – тыныш, сіз тек менің даусымды естіп тұрсыз. Сіз келе жатырсыз, алдыңызда орман шықты, көз алдыңызға елестетіңізші: яғни қалың орман ба, әлде сирек орман ба – оны өзіңіз таңдайсыз... Сіз келе жатырсыз, келе жатырсыз – алдыңызда жол бар, сіз сол жолмен келе жатырсыз – сол жол кең бе, әлде тар ма, - оны өзіңіз таңдайсыз. Келе жатырсыз – алдыңызда әмиян (кошелек) көрдіңіз, ол әмиянды аласыз ба, әлде алмайсыз ба – оны да өзіңіз білесіз. Сіз келе жатырсыз – алдыңызда үлкен қақпа тұр. Ол қақпадан секіріп өтесіз бе, әлде ашып кіресіз бе немесе айналып өтесіз бе – оны да өзіңіз шешіңіз. Сіз әлі келе жатырсыз, алдыңызда үй көрдіңіз. Ол үйге кіресіз бе, әлде кірмей, айналып қасынан өтесіз бе - өзіңіз біліңіз. Сіз келе жатырсыз, алдыңызда құмыра көресіз, құмыраны аласыз ба, әлде алмайсыз ба – оны да өзіңіз біліңіз. Келе жатырсыз – алыстан бір үйір жылқы көресіз. Сол жылқыға жақындап барасыз ба, әлде айналып өтіп кетесіз бе? - өзіңіз шешіңіз. Енді алдыңыздан өзен көресіз – ол өзен жәй толқынмен ағып жатыр ма, әлде шулап тасып жатыр ма? – оны да өзіңіз таңдаңыз.
ИНТЕРПРЕТАЦИЯ
Орман – ол Сіздің проблемаларыңыз, яғни алда кездесетін орман сирек болса, онда Сіздің проблемаларыңыз сирек болады, одан тез өтесіз. Егер қалың орман таңдасаңыз – алда қалың, үлкен проблема тұр.
Жол – Сіздің кеңдігіңіз немесе тарлығыңыз – таңдаған жолыңызға сәйкес келеді.
Әмиян – ол Сіздің ақшаңыз, Сіз әмиянды алсаңыз алдағы уақытта Сіздің ақшаңыз көп болады. Егер әмиянды алмасаңыз – қаржы жағынан қысыласыз.
Қақпа – қиындықтан өтуіңіз, қақпаны ашып кірсеңіз – қиындықтан жәй өтесіз, яғни төзесіз, ал секіріп өтсеңіз – қиыншылықтан қиналмайсыз. Ал айналып өтсеңіз, қиыншылықтан қашасыз.
Үй – ол өзіңіздің жанұяңыз, яғни Сіз үйдің адамысыз немесе үй шаруасына жоқсыз.
Құмыра – ол Сіздің ата – бабаңыздың байлығы.
Жылқы – аттың қасына жақындасаңыз, Сіз бақытты адамсыз. Айналып өтсеңіз - өз бақытыңыздан айналып кеткеніңіз.
Өзен – ол жәй болса, сіздің мінезіңіз жайлы болғаны. Ал шулап, тасып жатырса – Сіздің қаттылығыңызды білдіреді.
НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Бейне материал
Болжам кестесіМәтіннің жалғасы не туралы жазылған деп ойлайсыз?Қандай дәлеліңіз бар?Шындығында не болды ?
Постер қорғауКітап - білім бұлағыБілім - өмір шырағы
интервью-Бұл сабақтан сіз қандай әсер алдыңыз?-Бүгінгі сабақтың атап өтер ерекшелігі неде деп ойлайсыз?-Сабақтың қай тұсын әлі де жандандыру керек деген ойдасыз?-Қандай ұсыныс ,тілегіңіз бар?
Назарларыңызға рахмет!Назарларыңызға рахмет!