Презентация Атмосфераны? циркуляциясы . Ауа массалары (8 сынып)


Психологиялық тренинг Тақырыбы :Атмосфераның циркуляциясы . Ауа массалары І-тапсырма:Климат дегенеміз не? Қазақстан климатының қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?ІІ-тапсырма: Күн радиациясы Миға шабуыл. 1.Ауа массалары дегеніміз не?2.Ауа массаларының қасиеттері (арктикалық, қоңыржай, тропиктік)3.Ауа массаларының трансформациясы дегеніміз не? Мағынаны тану . ( мәтінмен жұмыс )І-топ – Арктикалық ауа массасының еліміздің аумағының климатын өзгертудегі әсерін анықтау;ІІ-топ –Қоңыржай ауа массасының еліміздің аумағының климатын өзгертудегі әсерін анықтау;ІІІ- топ – Тропиктік ауа массасының еліміздің аумағының климатын өзгертудегі әсерін анықтау;Әр топта сипаттама беру жоспары :1) Ауа массасының қалыптасу орны. Қайдан келеді?2) Ауа массасының өзіне тән қасиеттері3) Қандай ауа райын қалыптастырады?4) Жыл мезгілдерінің қай кездерінде қандай ауа райын әкеледі?5) Ауа райы қалай өзгереді? Антициклон, циклон, атмосфералық фронт 1. Қазақстан аумағына әсерін тигізетін ауа массаларының түрлері 2. Қайдан келеді? 3. Қандай ауа райын қалыптастырады? 4. Жыл мезгілдерінің қай кездерінде қандай ауа райы әкеледі? Сергіту сәті Жұмыс дәптер: Сызбалармен жұмыс жасап, циклон мен антициклонның қозғалысына сипаттама береді Циклон массалары құйын тәріздес қозғалыста болатын атмосфераның қысымы төмен аймағы Антициклон атмосфера қысымы жоғары аймақ Қысым орталығынан шетіне қарай азая береді Циклондық ауа райы. Антициклондық ауа райы Жаңа сабақты бекіту1. Телеграмма«Ертең облысымыз өтпелі антициклон ықпалында болып, жауын-шашынсыз болса, еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығыс өңірінде өтпелі атмосфералық фронттарда қандай ауа райы қалыптасады?» Тест тапсырмасы1. Ғаламдық климат қалыптастырушы факторды көрсетіңдерА) географиялық ендік Ә) күн радиациясы б) жер бедері2. Атмосферадан өтіп жер бетіне жететін радиация қалай аталады?А) тура радиация, Ә) жиынтық радиация б) шашыранды радиация3.Жиынтық радиациясының топырақ, су, қар жамылғысы сіңіріп жылыған радиация қалай аталады? А) тура радиация Ә) шашыранды радиация б) жұтылған радиация4. Ауа массасының бір жерден екінші жерге ауысуынан қасиетінің өзгеруі..... деп аталады.А) трансформация ә) конденсация б) деформация5. Қандай ауа массасы Қазақстан жерінде антициклондық ауа райын қалыптастырады?А) тропиктік ауа массасы ә) арктикалық ауа массасы б) қоңыржай ауа массасы6. Қазақстан жеріне батыстан ене отырып, жауын –шашын әкелетін ауа массасы?а) арктикалық ауа массасы ә) тропиктік ауа массасы б) теңіздік қоңыржай ауа массасы7. Қазақстанның оңтүстік облыстарына жаз айларында шаңды дауылдар мен аңызақ (ыстық жел) әкелетін ауа массасы? А) тропиктік ауа массасы ә) арктикалық ауа массасы б) қоңыржай ауа массасы Тест кілті 1) Ә 2) А 3) Б 4) А 5) Ә 6) Б 7) А Бағалау бойынша қорытындыКері байланыс