Презентация на тему Gardening in England (7 класс)
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігіОңтүстік Қазақстан облысы«Е.Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектеп»Коммуналдық мемлекеттік мекемесіҒылыми жоба тақырыбы: Тікенді достарым Бағыты: Дүниетану Дайындаған: 3-Б сынып оқушысы: Адилханова Севинч Мухаммадрасулқызы Жұмыс жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі Абдураимова Набатай Мансуровна Түркістан – 2016 жыл Мазмұны: 1. Кіріспе2. Негізгі бөлім: 2.1. Кірпі қайда тіршілік етеді? 2.2. Кірпіге алма не үшін қажет? 2.3. Кірпінің пайдасы бар ма? 2.4. Кірпілер қыста не жейді? 2.5. Суда тіршілік ететін кірпіні білесің бе? 2.6. Кірпінің досттары бар ма? 2.7. Құлақты кірпіні көргенсіз бе?3. Қорытынды4. Пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе Табиғаттағы кейбір тіршілік иелерінің өздеріне тән «қаруы» болады. Сондай жануарлар қатарында сүп-сүйкімді КІРПІ де бар. Оның беті, аяқтары менқарын тұсынан бөлек барлық жері инемен қапталған. Егер қауіп-қатер төне қалса кірпі жиырыла қалады да, тікенектерімен өзін қорғайды. Сол себептен де оған ешқандай жыртқыш жолай алмайды. Кірпі қайда тіршілік етеді? Кірпілер – дүние жүзінде кең таралған жануарлар. Бүгінде олардың 17-ден астам түрі жер бетінде жайылған. Осыдан 15 миллион жыл бұрын пайда болған тікенекті жануардың жойылып кетпеуінің сыры – тіршілікке тез бейімделуінде екен. Өйткені олар жер шарының кез – келген аймағында тіршілік ете береді. Кірпілер ну ормандар мен батпақтарда, тіпті, сусыз шөлге де шыдамды келеді. Көбінесе жалғыз жүріп тіршілік еткенді ұнатады. Сыртқы кейпі кішкентай болса да, шапшаң қимылдап, тез жүгіреді. Суда жақсы жүзеді және жақсы секіреді. Олардың нағыз акробаттар десе де болады. Түнгі серуенді ұнататын кірпілер қараңғы түскен соң ғана азық іздеуге шығады. Құрт – құмырсқа теріп, құс жұмыртқасы мен жеміс – жидектерді құмарта жейді. Тіршілігін түнде бастайтын басқа да жануарлар сияқты кірпінің де көзі нашар көреді. Әйтсе де, оның иіс сезу мүшесі мен есту қабілеті жақсы дамыған. Кірпіге алма не үшін қажет? Кірпінің кітаптан немесе мультфильмнен арқасына алманы шаншып алып, тасып жүргенін талай рет көрген боларсындар. Кірпінің арқа тұсы мен бүйірі түгел инелі сауытпен қапталған. Ал оның тікенектері жиырылатын бұлшықеттердің үстінде орналасқан. Кірпі жиырылған кезде ол дөңгеленіп шыға келеді. Бірақ, жаудың бәрінен құтылу мүмкін емес. Әсіресе, тікенектердің арасында өмір сүретін кене мен бүргеден арылу қиын. Олардан құтылу үшін кірпі ащы алманы үстіне қойып, өз-өзін тазартады екен. Оның тікенектерінің ұзындығы 3 см. Денесіндегі тікенектердің саны 7000-нан 10000-ға дейін жетеді. Тікенектер әрдайым жаңарып отырады. Бір жыл бойында оның тікенектері 3 рет түседі. Ал, түскен тікенектер орнына жаңалары өсіп шығады. Кейбір кірпілердің тікенектері улы келеді. Бірақ, бұл у кірпінің денесінен таралмайды. Ол құрбақадан бөлінетін уды өз тікенектеріне жағады. Кірпілерді тіпті улы сұр жыланның уы да өлтіре алмайды. Күшәнерітіндісі, сулема, көгеретін қышқыл да оның өміріне қауіп төндірмейді. Жабайы табиғатта олар 3 жыл, ал қолда ұстайтындары 10 жылға дейін өмір сүреді. Кірпінің пайдасы бар ма? Адамдар әрдайым кірпілерді «жақсы көрші» деп есептеп, оларды өлтірмеген. Кірпілер өздеріне тиесілі жерге иелік етіп, жалғыз тіршілік етеді. Сондықтан да өз аймағына ешкімді жолатпайды. Оның тек тікенектері ғана қауіпті емес, өткір тістері де қорқыныш тудырады. Әсіресе, жыландар кірпі бар жерге жолай алмайды екен. Ол айналаны кеміргіштерден тазалап, жыландарды қуады. Осындай ерлігі арқылы шаруа адамдарға көп пайдасын тигізеді. Кірпілер қыста не жейді? Кірпілер қысқа азық жинап әлек болмайды. Өйткені, олар қыста қалың ұйқыға кетеді. Жаз бойы кірпілер көбірек май жинауға тырысады. Егер керекті мөлшерде май жинауға тырысады. Егер керекті мөлшерде май жинамаса, қыста аштыққа шыдай алмай, өліп кетуі де мүмкін. Күн қыза түскенде сыртқа шығып, бал араларының ұясымен қоректенеді. Қызығы, аралардың уы да кірпіге әсер етпейді екен. Суда тіршілік ететін кірпіні білесің бе? Суда да тікенекті жануарлар тіршілік етеді. Тұзды теңіздер мен мұхиттарда «теңіз кірпісі» өмір сүреді. Судың ең терең жерінде өмір сүретін олардың 900-дей түрі бар. Ғалымдар теңіз кірпілерін 100 жылға дейін өмір сүреді деп есептейді. Көздің жауын алатын теңіз кірпілері қызыл, ақ, күлгін, қара түстерге боялған. Тіпті, олардың өз түстерін өзгерте алатын да қабілеттері бар. Теңіз кірпілерінің тікенектері улы келеді. Улы теңіз кірпілері негізінен мұхиттарда кездеседі. Улы инелері арқылы олар қауіптен қорғанады. Кірпінің досттары бар ма? Кірпілер ит және мысықпен тез достаса алады. Олар көбінесе адамдармен қатар өмір сүргенді ұнатады. Әсіресе, сүт фермасы жанынан жиі кездестіруге болады. Кірпілер сүт сауылып біткен уақытта келіп, төгілген сүттен ұрттан кетеді екен. Құлақты кірпіні көргенсіз бе? Кірпілердің баршасы дөңгеленуді әдеткеайналдырмаған. Мысалы, құлақты кірпіДұшпандарынсезе қалса қашып құтыладыекен. Өйткені ол өзгелерінеқарағанда жылдамырақ жүгіреді. Қорытынды Ана кірпі баласын 7 аптада өмірге әкеледі. Бір жылда 3-6 кірпішелер дүниеге келеді. Кірпі балалары туылғанда соқыр әрі тікенексіз туылады екен. Тікенектер туылған соң бірнеше сағаттан соң өсіп, ал көзі 16 күннен кейін көре бастайды. Қысқы ұйқы уақытында кірпілер көп азық жоғалтады. Сондықтан да олар көктемде тынымсыз азықтанады. Кірпілердің тістерінің саны – 36. Қартая бастаса адамдар сияқты олардың да тістері түсе бастайды. Кірпілер өздерінен түшкіру, шырыл, шаңқыл, пырылдау, пысқыру сынды түрлі дыбыстарды шығарады. Ал, бір-бірімен ысқырық арқылы сөйлеседі екен. Кірпілерді үйде күтіп-баптауға әбден болады. Олар тыныш әрі таза жануарлар. Жауларынан құтылу үшін тікенектерін жиырып алған кірпіні қу түлкі суға түсіріп, жейді екен. Пайдаланылған әдебиеттер 1. «Алтын сандық» газетасы2. К. Жүнісова, К.Аймағанбетова «Дүниетану» 2000 3-сынып3. Интернет материалдары: www.google.kz www.yandex.kz