Lesson Study – т?жірибеде о?ыту мен о?уды жетілдіруді? т?сілі.


Lesson Study – тәжірибеде оқыту мен оқуды жетілдірудің тәсілі. Lesson Study  - мұғалімдер тәжірибесі  саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл.  Lesson study -  мектептегі оқытуды жетілдірудің жапондық тәсілі.Lesson Study - тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы Lesson study – сабақты жоспарлауды, сабақ жоспарын талқылауды, сабақты бақылауды, өтілген сабақтан кейінгі талқылауды қамтитын сабақтың сапасын жақсарту үдерісі.«Lesson study» қазақ тіліне аударғанда зерттеу сабағы  деген мағына береді. Зерттеу жүргізетін топ әдетте кемінде үш мұғалімнен тұрады.Топ мұғалімдері көп жағдайда бір мектепте жұмыс істейді, бірақ тәжірибені жақсарту мақсатында бірлесе жұмыс істеу үшін басқа мектептердің мұғалімдері де тартылуы мүмкін. Зерттеу барысында барлық топ мүшелері толық көлемде және бірдей дәрежеде үдеріске тартылады.Тек бір мұғалім ғана сабақ беретіндігіне қарамастан, зерттеу үшін бүкіл топ өзіне жауапкершілік алады және оқыту мен сабаққа берілген кез келген баға жеке мұғалімге емес, тұтастай барлық топтың жұмысына қатысты беріледі. Әдістеме бізге Жапониядан келді АҚШ-қа бұл әдістемені «дзюгёкенкью» деген жапон сөзін «Lesson Study» деп аударған Макото Йошида әкелді. Lesson Study қазіргі кезде: СингапурдаГонконгтеҚытайдаҰлыбританиядаШвециядаКанадада қолданылады Lesson Study үдерісінде бірталай уақыт бойы қалыптасқан және орныққан мынадай бірқатар қадамдар бар: • Lesson Study тобы өзара келісе отырып, оның жұмысының нәтижелілігін қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайды, үдеріс барысында барлық мүшелер бір-бірімен сыйластық қарым-қатынаста болады. • Топ зерттеудің түйінді идеяларын келісіп алады, ол әдетте сұрақ түрінде келіп, нені, кімді оқытуды анықтайды, мәселен, «Өздерінің оқуын жақсарту үшін Х-ті Y-тің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға қалай үйрете аламыз?» деген сияқты. • Топ қандай сынып және қандай үш «бақылаудағы оқушы» назарға алынатынын, сондай-ақ қандай сыныптар оқу үлгерімі жоғары, орта және төмен сыныптар болып саналатынын шешеді. • Топ зерттеу сабағын жоспарлайды, жоспарда «бақылаудағы оқушылардың» сабақта өтілетін материалды игеруіне ерекше мән беріледі. • Бір мұғалім зерттеу сабағын жүргізеді, осы уақытта басқалары – «бақылаудағы үш оқушыны» басты назарға алып, сабақты қадағалайды және қажет деген жерлерін белгілеп, түртіп алып отырады. Мұғалімдер осы зерттеу сабағы туралы олардың пікірін түсіну үшін бірнеше оқушымен сұхбат жүргізеді. • Топпен бірлесіп келесі Lesson Study-ді жоспарлау. Lesson Study-де бірлесе жұмыс істеуде мұғалімдер үшін қандай кедергілер бар? Lesson Study-дің мұғалімдер үшін тиімділігі қандай?Қазақстан мектептеріне «Lesson study» тәсілі қажет пе?»