Тренинг Мен ж?не мені? ортам (11 сынып)


Тренинг 7 «б» сынып Ү.Макашева Психолог : Тренинг тақырыбы : « Мен және менің ортам»Мақсаты :Өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін –өзі дайындау, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым – қатынасқа түсу мәдениетін қалыптастыру

Міндеттері: Өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу;Сыныптағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуге көмектесу;Сыныпта белсенді жұмыс жасауға түрткі , ниет қалыптастыру;Тренинг мақсат – міндетіСіздер тренингтің ағылшынның «Тот Райн» – ойын жаттығуы деген сөзінен шыққандығын, яғни сабақ емес екендігін білесіздер.Мақсаты: әр адам бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке иқасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-құатынасқа түсу мәдениетін қалыптастыру. Сондықтан тренингке барлықтарыңыздың белсенді, шын ниетпен қатысуларыңызды сұраймын. Тренингке дайындық ережесіТренинг – ойын, ал әр бір ойын ережелерді қажет етеді.Бір-бірін есімдері бойынша атау.Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды.Болып жаққанға белсене қатысады.Әркім өз пікірін білдіруге құқылы.Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт.
- Мен деген кім? - Орта дегеніміз не? - Ортаға кімдер жатады?- Айналаңды кімдер қоршап тұр? - Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?- Жаман мінезді қалай түзетуге болады? Өмір - теңіз, жүзіп өтем демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңізӨмір - теңіз. Біз қазір оқушымыз, мектепті бітіргеннен кейін үлкен өмірге қадам басмыз. Студент, мамандық иесі боламыз, армия, отбасы яғни түрлі ортаға түсеміз. Әр теңіздің соқпақтары болған сияқты, өмірде де қуаныш пен бірге қиыншылықтар қатар жүреді. Сондай қиыншылықтарды жеңуге адам бойында ізгі қасиеттері, нұрлы ақылы, өмірге деген құштарлығы, асыл мінезі көмектеседі. Кез келген адам кез келген ортаға сыю үшін көркем мінезді, жақсы қасиеттері болуы керек. Халқымыз «Өзі жақсы кісіге- бір кісілік орын бар» деп бекер айтпаған. «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы Нұсқау: қатысушылар шеңбер құра отырады, ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер. Жаттығу шарты: қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. І-топ. Көшеде екі қыз бала тамақ жеп келе жатыр. Алдынан бір қарт кісі кездесіп: «Қыздар көшеде тамақ жеуге болмайды»,- деп ескерту жасады. Оған қыздар «Сіздің шаруаңыз не? Біз өзіміз білеміз!», - деп жауап қайтарды. Қыздарға ренжіген қарт кісі үндемей кетіп қалды. Осы жерде қыздардың қылығы дұрыс па? Сендер қыздардың орнында болсаңдар не істер едіңдер? Жағдаяттар ІІ топ Автобуста екі қыз келеді, өзара қызу әңгіме үстінде, ауыздарында сағыз, қасында тұрған үлкен атаны қағып, итеріп жіберді де ештене айтпастан тұра берді. Ата ашуланып қыздарға, қандай тәрбиесі жоқ балаларсыңдар, үйде ата- аналарына солай жасайсыңдар ма?- деді.Осы жерде дау басталды. Бұған кім кінәлі? Сіздер қалай ойлайсыздар? ІІІ топ.Бір үйдің екі қызы бар. Ата - анасы екеуіне бірдей жағдай жасайды. Бірақ ағайынды екі қыздың бірі ылғи, ешнәрсеге көңілі толмай, көңілсіз жүреді. Ал екіншісі, керсінше, әрдайым көңілі көтеріңкі, шат- шадыман жүреді. Себебі неде деп ойлайсыңдар? «Ақылдың алты қалпағы» Қызыл қалпақ- түйсік, сезім, әсер, эмоциялар. Өз ойларыңызды жазыңыздарСары қалпақ- шуақты оптимистерМаған не ұнады? Жағымды тұстары мен артықшылығы қандай ? Оң жағын жазыңызҚара қалпақ- сыни аналитиктер. Қандай проблемалар бар? Маған не ұнамайды? Жағымсыз жағын жазыңыз. БАҒАЛАУ Шаршы- әр күндерін ойлаумен бастап, ойлаумен аяқтайды. Яғни бұл фигураны ұнататындар- терең ойдың , асқақ арманның иелері. Сіздердің армандарыңызға қанат бітсін! Үшбұрыш- өтірік айтуды білмейтін, текшындықпен жүретін адал адамдарға тән. Олай болса адалдық айнымас серіктеріңіз болсын! Дөңгелек-сергектіктің белгісі. Бұл фигураны ұнататындар айналасында-ғылардың жанын жадыратып жүреді. Сіздерге сәттілік пен жақсы көңіл-күй тілеймін!Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу Шуағын төккен мейірімді Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің шұғылалы сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, жылытады. Сиқырылы күн өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Жүрегіміздегі осындай жылумен бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Психологиялық дайындық Әр кім өз орнына отырып, көзімізді жұмамыз. Терең 3рет дем аламыз. Сіздің қолдарыңыз еркін, әрі бос жатыр сіздің аяқтарыңызда әлсіреп босаңси бастады. Денеңіз толығымен дем алуда.Енді өзіңізді басқа бір қалада, кішкене бір көшеде келе жатқандай сезініңіз. Оң және сол жағыңызда әдемі үйлер. Осы үйлердің бірінде болашақты дәл болжайтын көріпкел тұрады. Бұл көріпкел өте дұрыс айтатын ерекше адам. Осы адамға барғандардың барлығы өз болашақтарын айқындап, мақсатты өмір сүруге шешім шығарады екен. Сіз міне сол үйге таяп қалдыңыз. Еменнен жасалған ауыр есікті аштыңыз. Есіктің ар жағынан сізге ақ сақалды, жылы жүзді қария кездесті. Ол сізді “кіріңіз” деп шақырды. Сіз бөлмеге кіргенде көне кітаптарға толы сөре, үстел үстінде жатқан картаны, жарқыраған айнаны көрдіңіз. Диванда ала мысық ұйықтап жатыр. Көріпкел сізді шақырып креслоға жайғастырып отырғызды да сізге қарай сөйлей бастады.Көзіңді жұм, мен саған жарқын болашағыңды айтамын....Осы сөзден кейін сіз ұйықтай бастадыңыз.Данамен кездесу Сіз қарияның сөзін естіп тұрсызба әлде түс көріп тұрсыз ба білмейсіз. Сіздің көз алдыңызда болашақ өміріңіздің бейнесі тұр. Мүмкін сіз мектепті өте жақсы деген бағаға аяқтап, ЖОО-на түсіп, онда үлкен жетістіктерге жетіп, қуанған сәттеріңізді көрдіңіз. Мүмкін сіз жиі қарым – қатынас жасайтын адамдарды көрдіңіз. Мүмкін сіз диплом алып, үлкен маман иесі, мемлекет қызметкері болған сәтіңізді, өз тәжірибеңізді таратып жатқан бейнеңізді көрдіңіз. Мүмкін сіз жанұяңызбен тұратын болашақ үйіңізді, машинаңызды көрдіңіз. Сізге болашақты айқын көруге біраз уақыт берілді.. Уақыт өте, сізге көріпкелдің «Сен күштісің, сенің қолыңнан бәрі келеді, біз сені жақсы көреміз… деген дауыстары естіле бастады. Бұл сөздер сіздің тамаша түсіңізді одан әрі көркейтуге мүмкіндік берді. Енді сіз көріпкелдің сізді оятып жатқанын сезе бастадыңыз. Сіз көріпкелге болашағыңызды айтқаны үшін рахмет айтыңыз. Сіз енді қоштасарда көріпкелге бір нәрсе айтқыңыз келіп еді, көріпкел өзі сөйлеп, әңгімесін айтып есікке дейін шығарып салды. Есікті жауып далаға шықтыңыз. Сіз қайтадан кішкентай көшемен жүріп келесіз. Енді міне өзімізге оралдыңыз. Мен қазір үшке дейін санаймын. Сол кезде сіз сергек, өзіңізді тамаша сезімде оянасыз.- Сіз қартпен қандай қарым – қатынас ұстандыңыз?- Сізге не ұнады?- Түрлі ортада болғанда өзіңізді қалай сезіндіңіз? ЖағымдыЖағымсызМүмкіндіктері Қатерлері “Жүйрік ой” жаттығуыІ топ.Бізге қажет қасиеттер...... Сол қасиеттердің кейбіреуі біздің бойымыздан табылады. ІІ топ.Біздің жанымыздан мынадай адамдардың табылғанын қалар едік, себебі... ІІІ топ.Біздің бойымызда әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттер,, мыналар.... Адам өзін ортаға қалай бейімдейді? Бір ортадан екінші ортаға бейімделу үшін адамның бойында ең бірінші көркем мінезбен, жақсы қасиеттер болуы керек.Жаны әсем адам деп адамгершілігі жетілген адамда айтамыз. Жанның әсемдігі- адамның әділеттілігінен, ержүректілігінен, сапасынан яғни барлық ізгілікке ие мінездерінен көрінеді.Өзгермейтін, түзелмейтін мінез болмайды. Адам өз мінезіне өзі жауапты.Қортынды сөз Тұлғаны танып біл Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен дейді. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені. Жетінші сөз
Бақыт деген... М.МақатаевБақыт деген – сенің бала күндеріңБақытсыз- ақ бақытты боп жүргенің.Бақытын да, басқасын да білмеуің,Бақытсыз – ақ ойнағаның -күлгенің.Бақыт жайлы мынау менің білгенім,Бақыт деген - бірде шаттық, бірде мұң.Бақытты сол – тәрік етіп түндерінБақыт іздеп азаптанса, кімде- кім.Бақыт деген- әркімдерде бір арман,Сол арманның шыққан жері құмардан,Ал сен үшін бақыт деген – дәл қазір,Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.