Урок Г.Мендельді? гибридологиялы? ?дісі
Сыныбы 9“Б" Күні 3/XII Сабақтың тақырыбы: Г.Мендельдің гибридологиялық әдісі. Сабақтың мақсаты: Дамытушылығы: Оқушылар генетика ғылымының тарихи даму кезеңдерін және зерттеу әдістерін танып біледі. Білімділігі: Генетик ғалымдардың еңбектері, олардың маңыздылығы туралы, Г.Мендельдің өмір баяны мен гибридологиялық зерттеу әдісі, генетикалық ұғымдар мен терминдер туралы білім беру. Тәрбиелігі: Оқушыларға ата-анадан берілетін қасиет пен белгілердің тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің нәтижесі екенін біле отырып,салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Ғалымдардың партреттері,электрондық оқулық, дидактикалық материалдар.Хабарлама,таратпа материалдар,интерактивті тақта,мультемедия. Сабақтың типі: Жаңа сабақты игерту. Сабақтың түрі: Электрондық оқулық арқылы оқыту, өз беттерімен тапсырмаларды орындау. Сабақтың өту тәсілі: Баяндау,көрсету,сұрақ-жауап,қортындылау. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру. II. Өткенге шолу. «Менен сұрақ,сіздерден жауап»
III. Жаңа сабақты игеру. (Электрондық оқулық ) IV. Жаңа сабақты қорытындылау. V. Үйге тапсырма беру . VI. Оқушылардың білімін бағалау. Сабақтың жүрісі: Өткенді еске түсіру. "Меннен сұрақ,сіздерден жауап". 1. Генетикалық ғылымы нені зерттейді? 2. Тұқым қуалаушылық деген не? Оны қалай түсінесіңдер? 3. Өзгергіштік дегеніміз не? 4. Генетиканың даму неше кезеңге бөлінеді? 5. Генетика трминін алғаш кім енгізді? 6. Генетиканың дамуның бірінші кезеңі қай уақыттарды қамтиды? 7. Генетиканың дамуның екінші кезеңі неімен ерекшеленеді? 8. Генетиканың дамуның үшінші кезеңнің жетістіктері қандай? 9. Хромосомалық теорияның негізін кім қалады? 10. Ген дегеніміз не? Жаңа сабақтың барысы: I. Г.Мендельдің өмірбаяны мен еңбектері. II.Т.Морганның еңбектері. III. Генетиканың зерттеу әдістері. IV. Г.Мендель ашқан тұқым қуалаудың заңдылықтары. V. Гибридологиялық талдау жасау үшін қолданатын шартты белгілер,ұғымдар мен терминдер. VI.Қорытындылау.
Гибридологиялық әдіс. Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтарын зерттеудің ғылыми негізін Г.Мендель қалады.Ол өз тәжірибелеріне қолайлы обьект ретінде асбұршақты алды.Себебі, басқа өсімдіктермен салыстырғанда асбұршақтың мынадай қасиеттері бар: 1)бірнеше белгілері бойынша бір-бірінен айқын ажыратылатын көп деген сорттары бар; 2)өсіруге қолайлы; 3) Гүліндегі жыныс мүшелері күлтежапырақшаларымен толық қалқаланып тұратындықтан,өсімдік өздігінен тозаңданады.Сондықтан әр сорт өзінше таза дамып жетілетіндіктен,белгілері ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріссіз беріледі; 4) бұл өсімдіктің сорттарын қолдан тозаңдандыру арқылы.өсімтал будандар алуға болады.Міне,сондықтан Мендель асбұршақтың 34 сортынан белгілері айқын ажыратылатын 22 сортты таңдап алды,өз тәжірибелеріне пайдаланды.Ол өсімдіктің негізінен жеті белгісіне көңіл аударды: сабағының ұзындығы,тұқымының пішіні мен түсі,жемістерінің пішіні мен түсі,гүлдерінің реңі мен орналасуы. Мендель тәжірибелерінің келесі бір ерекшелігі белгілердің тұқым қуалауын зерттеуде гибридологиялық әдісті қолдау арқылы дәл және тиянақты нәтиже алуында болды.Бұл әдістің негізгі жағдайлары мыналар: 1) будандастыру үшін бір-бірінен айқын жұп белгілері бойынша ажыратылатын бір түрдің дарақтары алынады; 2) зерттелетін белгілер тұрақты,яғни бірнеше ұрпақ бойы қайталанып отырады; 3) әр ұрпақтағы алынған будандарға жеке талдау жасалып,нақтылы сандық есептеулер жүргізілді.Мендель өзінің тәжірибелерін 8жыл бойы (1856-64) Брно қаласындағы Августин монастырының бағында жүргізді.Ол өз зерттеулерінің нәтижесі туралы 1865 жылы 8ақпанда сол Брно қаласындағы табиғи зерттеулер қоғамының кеңесінде баяндады.Соның негізінде “Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер“атты еңбегін жариялады.Қандай да болсын белгі-қасиеттерінде тұқым қуалайтын өзгешеліктері бар организмдерді будандастырғанда гибридті формалар алынады. Бір ғана жұп белгілерінде айырмашылығы бар ата-аналық формалар будандастырылса моногибридті,екі жұп белгісі болса дигибридті,ал белгілердің саны көп болса полигибридті будандастыру деп атайды.
Гибридологиялық талдау жасау үшін қолданатын шартты белгілер,ұғымдар мен терминдер.
Жаңа сабақты қорытындылау.I. Не білдік: (ауызша сұрақтар) 1. Генетика ғылымы негізінің қалануы не себепті Мендель есімімен байланысты? 2. Мендель зерттеу жұмыстарына не себепті бұршақ өсімдігін таңдап алды? 3. Бұршақ өсімдігінің неше белгісі бойынша зерттеу жүргізді? 4. Аллельді гендер дегеніміз не? 5. Т.Морган Гендер қайда орналасады деді? 6. Генотип дегеніміз не? 7. Фенотип деп нені айтамыз? 8. Генетиканы зерттеудің қандай әдістері бар? 9. Лакус дегеніміз не? 10. Гомета дегеніміз не? II. Оқулықтағы 45-суретке талдау жасай отырып,Мендель өз тәжірибесінде өсімдіктердің қандай мүшелеріне ерекше көңіл бөлгенін жазыңдар. 1. ________________________________________________________________ 2. ________________________________________________________________ 3. ________________________________________________________________
4. _____________________________________________________________ 5. _____________________________________________________________ 6. _____________________________________________________________ 7. _____________________________________________________________Мендельдің өз тәжірибесінде зерттеу нысаны ретінде бұршақты таңдап алуының себебін түсіндіріңдер (оқулықты пайдаланыңдар). 1. _____________________________________________________________ 2. _____________________________________________________________ 3. _____________________________________________________________ III. Биологиялық диктант. Кестенің оң жақ бөлігінде берілген сөздерді пайдаланып,сөйлемдерді толықтырыңдар.1. Организмнің дене клеткасында болатын жұп 1) бір белгісінхромосомалар .............................................................. 2) аллельді гендердеп аталады. 3) гомологті 2. Мейоздық бөліну кезінде гомологті хромосомалар хромосомаларбір-бірден ...................................................................... 4) бірдей үлескілерінде бөлініп кетеді. 5) гаметаларға3. Ген организмнің нақты ............................................. 6) біреуі ғана анықтайды. 4. Түзілген әр гаметада аллельді гендердің .................................... болады. 5. Аллельді гендер гомологті хромосомалардың .................................... орналасқан.6. Қарама-қарсы белгілердің анықтайтын жұп гендер.................................... деп атайды.
Жауабы.1. Гомологті хромосомалар2. Гаметаларға3. Бір белгісін4. Біреуі ғана 5. бірдей үлескілерінде 6. Аллельді гендер
IV. "Кім жүйрік" Әр сөйлемнің тұсындағы қоршаудың ішіне берілген сөздердің сәйкес келетіндерін тез жазыңдар. 1) «А» және «а» әріптердің қайсысы доминантты генді,кайсысы рецессивті генді көрсетеді? Доминантты ген . Рецессивті ген . 2) Қарама-қарсы белгілердің анықтайтын жұп гендер
3) Дене клеткасында жұп күйінде болатын хромосомалар 4) Ұрықтану нәтижесінде гаметалардың қосылуы 5) Организмнің өз ата-аналарынан қабылдаған гендердің толық жиынтығы 6) Аллельді гендердің екеуі де доминантты («АА») не рецессивті («аа») болса 7) Организмнің аллельді гендер екі түрлі болса
8) Организмнің ішкі және сыртқы белгілерінің жиынтығы 9) Ата-аналарынан ұрпақтарына гаметалар арқылы берілетін фактор10) Аталақ және аналық организмнің жыныстық хромосомасының белгісін жазыңдар 1) А,а 2) генотип; 3) гомозиготалы; 4) гетерозиготалы; 5) фенотип; 6) аллельді гендер; 7) ген; 8) гомологті хромосомалар; 9) зигота.
Жауабы.1) Доминантты ген - А Рецессивті ген – а2) Аллельді гендер3) Гомологті хромосомалар4) Зигота5) Генотип6) Гомозиготалы7) Гетерозиготалы8) Фенотип9) Ген10) - XY ; - XX
V. "Бәрін білгім келеді" тест сұрақтары.1. Бір-бірінен айқын жұп белгілері бойынша ажыратылатын организмдерді өзара шағылыстыру:А) ГаметаларВ) ГомологияС) Гибридология Д) ФенотипЕ) Генотип2. Қандай да бір белгінің қалыптасуына жауап беретін тұқымқуалаушылық материалдың бірлігі:А) Ген В) ГаметаС) ГеномД) ГенотипЕ) Фенотип3. Гомологиялық хромосомдарда орналасқан және бір белгінің дамуын анықтайтын жұп гендер:А) Гомологиялық гендерВ) Аллельді гендерС) ГенотипД) ФенотипЕ) Гаметалар
4. Организмнің сыртқы және ішкі белгілерінің жиынтығы:А) ХромосомаларВ) ГаметаларС) ФенотипД) ГенотипЕ) Гетерозигота5. Бірдей аллельді гендер бар (АА немесе аа) организм генотипі:А) ГомозиготаВ) ГетерозиготаС) ГетерогаметалыД) ДоминанттыЕ) Рецессивті6. Аллельді гендер екі түрлі (Аа) организм генотипі:А) ГомозиготаВ) ГетерозиготаС) ГетерогаметалыД) ДоминанттыЕ) Рецессивті
7. Популяцияның барлық дараларының гендерінің жинағы дегеніміз – бұл: А) –генотипВ) –генС) –генофонд8. Ген араласқан хромосом үлескісі аталады:А) –аллельді депВ) –локусС) –кодон деп9. Қарама-қарсы белгілердің дамуын бақылайтын гендер аталады:А) –аллельді депВ) –гетерезиготтыС) –гомозиготты деп10. Аллельді гендер орналасады:А) –бір хромосомадаВ) –жынысты хромосомадаС) –гомологтық хромосомада11. Г.Мендель өзінің гибридологтық зерттеулерінің нәтижелерін баспадан басып шығардыА) 1855 ж.В) 1860 ж.С) 1865 ж.
12. Генотиптің анықтамасын таңдап алыңдар:А) –генотип дегеніміз-нақтылы ағзаның хромосомдарының гаплоидттық жиынтығының гендерінің бәріВ) –генотип өзара және орта жағдайларымен әрекеттесетін гендердің жинағыС) –генотип-популяцияның барлық дараларының гендер жиынтығы13. Фенотип дегеніміз-бұл сыртқы және ішкі белгілердің жиынтығы:А) –ағзаныңВ) –популяцияның барлық дараларының С) –түрдің барлық дараларының14. Берілген геннің бірдей аллельді бар және ұрпағында ажырамайтын ағзаны атайды:А) –гетерозиготты депВ) –моногибридтіС) –гомозиготты деп15. Әр түрлі ағзалардың генетикалық материалдарын біріктіргенде дамитын ұрпақты атайды:А) –гетерозистық депВ) –гибридС) –гетеротрофтық деп
Жауабы. 1) С 2) А 3) В 4) С 5) А 6) В 7) В 8) В 9) А10) С11) С12) В13) А14) С15) В
VI. "Ырыс алды – ынтымақ" – есеп шығару. 1. Генотиптері а)АА; ә)Аа; б)аа болып келетін өсімдіктер қандай тиіпті гаметалар түзе алады? 2. Асбұршақ тұқымының қара түсін анықтайтын А гені,ақ түсін анықтайтын а геніне қарағанда доминантты. Мына төмендегі жолдармен будандастырылып алынатын ұрпақтар тұқымдарының түстерін анықтау керек: а) Аа Х Аа; ә) АА Х Аа; б) аа Х АА; в) Аа Х аа VII. Тақырыптың түйіндері.Генетика. Гибридологиялық әдіс. Ген. Аллельді гендер. Гомозигота. Гетерозигота. Гомологтік хромосомалар. Локус. VIII. Үйге тапсырма беру. § 32,34. Дрозофила шыбынының қызыл көзді болуы- доминантты (А), ақ көзді болуы-рецессивті (а) гендермен анықталады. Мына шыбындардың генотиптерңн және түзілетін гамета түрлерін жазып,кестені толтырыңдар: IX. «Бейнет түбі – зейнет" – оқушылардың білімін бағалау. {16D9F66E-5EB9-4882-86FB-DCBF35E3C3E4}ФенотиптеріГенотиптеріГаметалары1.2.3.Гомозиготалы қызылкөзді шыбынГетерозиготалы қызыл көзді шыбын Ақ көзді шыбын