Слайд: Шеміршекті балы?тар: акулалар ж?не скаттар.


7 сынып2016 ж Сұрақтар қою арқылы үй жұмысын сұрап, өткен тақырыпты еске түсіру1.Көбею дегеніміз қандай процесс? 2.Уылдырық қандай безден түзіледі?  3.Өрістегіш балықтар, ерекшелігі, мысалы.  1.Бұл балықтың еті өте дәмді болғандықтан «Патша балығы» деп аталады 2. Тұщы су балығыШеміршекті балықтардың тыныс алу мүшесі.Балықтың ас қорыту жүйесінің өскініТұқытектестер отрядына жататын сүйекті балық6. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы.Балық аталық безінен бөлетін сұйықтық.8. « Балық патшасы».БахтахлаАбұғалбЖеезкеылдақТорсқтАақрамИхгооилиялШоғаБекіерСөзжұмбақ 12345678




























06.02.2016 жЖаңа тақырып: Шеміршекті балықтар: акулалар және скаттар. Бекіре балықтар, маңызы және оларды қалпына келтіру шаралары. Қостынысты балықтар, олардың құрылықтық омыртқалы жануарлардың шығу тегіндегі маңызы. Балықтардың жүйелік топтарыШеміршектіСүйектіБекіретектестерОТРЯДТАРЫОТРЯДТАРЫМайшабақтәріздестерАлбырттектестерТұқытектестерАлабұғатектестерАкулаларЖұпбалықтар ТұтасбастарКЛАСЫ Шеміршекті балықтардың қазіргі кезде 750-дей түрі бар. Қаңқасы тек шеміршектен тұрады. Шеміршекті балықтардың көпшілігі теңіздерде таралған. Шеміршекті балықтарға тән белгілер: шеміршекті балықтардың дене пішіні барлығында бірдей емес. Акулалардың денесі созылыңқы, жұмыр, ұршық тәрізді. Суда еркін жүзеді. Жұпбалықтардың денесі қабысып, жалпайып кеткен. Сондықтан олар су түбінде мекендейді. Шеміршекті балықтардың денесін плакоидты қабыршақтар қаптайды. Бұл гректің «плакс – тақташа», «ейдос – пішінді» деген сөздерінен алынған термин. Шеміршекті балықтардың қаңқасы шеміршектен түзілген. Бас қаңқасында ми сауыты, жақ, тіласты, желбезек доғалары бар. Омыртқа жотасы – тұлға және құйрық бөлімдерінен құралады. Асқорыту мүшелері клоакамен бітеді. Клоака – тік ішектің кеңейген бөлігі. Шеміршекті балықтардың көпшілігі іштей ұрықтанады. Омыртқалар арасында желі қалдығы сақталған. Омыртқа жотасы жұлынды қорғайды. Иық және жамбас белдеулері мен жұп көкірек, жұп құрсақ жүзбеқанаттарының қаңқасы айқын білінеді. Шеміршекті балықтардың тынысалу мүшесі – желбезектер. Желбезектерінде желбезек доғалары, желбезекаралық перде және желбезек шашақтары болады. Желбезек доғаларының саны 5 жұп. Желбезек шашақтарын ұсақ – қылтамырлар (капиллярлар) торлап жатады. Шеміршекті балықтарТақтажелбезектілерАкулаСкатТұтасбастыларХимера

Тақтажелбезектілерге - акулалар мен скаттар жатады. Акула (лат. Selachioidei; көне норвегше haccal — балық) — тақтажелбезектілер класы тармағына жататын балық.Қазір акуланың 350-дей түрі бар: олар 6 отрядқа, 20 тұқымдасқа бөлінеді. Акула барлық теңіздер мен мұхиттарда кең тараған, тұщы суларда да (Амазонка өзені, Ганга) кездеседі. Денесінің ұзындығы 15 см-ден 20 м-ге дейін болады, салмағы 14 т-ға дейін тартады. Дене пішіні сүйірлеу, тұмсығы ұзын, аузы алқымға таяу орналасқан. Құйрық қанатының үстіңгі қалақшасы астыңғысынан үлкен болып келеді. Қаңқасы шеміршекті, тістері өткір, торсылдағы және желбезек қақпағы болмайды, басының екі жағында 5-7 жұп желбезек саңылаулары бар. 1500-2000 -ға жуық тістері бар.2 қатарлы.
Қызықты деректерЕң ірі теңіз балығы — китпошымды акула.Ақ акула — каркарадон — теңіз етқоректі балықтарының ең үлкені.Акула 1000 л суда ерітілген 1 г қанды сезе алады. Үлкен ақ акула - теңіз бен мұхит жағалауын мекендейтін су жануарларының бірі. Ұзындығы, орта есеппен алғанда, 12- 16 м. Алайда әлемнің рекордына айналған ең ұзын, үлкен ақ акуланың ұзындығы- 23 метр, ал салмағы 3 тонна. Бұл акула скумбрия акулалары отбасына кіреді. Оның бұдан басқа 4 тұқымдасы бар. Екеуі мако, қалған екеуі- майшабақты акула. Аналықтары аталықтарынан үлкен. Туылған кезде акуланың балалары 1,5 метрдей болады. Ақ акула- үлкен жыртқыш. Көбінесе салқын және жағалауға жақын жерлерде жүзіп жүреді. Ет жегенді ұнатады. Сол себепті кейде оны "теңіз арыстаны" деп те атайды. Жүзуіне құйрығы көмектеседі. Жүзбеқанаттары тек тепе- теңдікті сақтау үшін керек. Тұмсығы үшкір. Құйрығы, тыныс алу тесігі, қырлы үш негізгі жүзбеқанаты бар. Скат – балықтар класы тақтажелбезектілер отрядының жоғарғы тобына жататын шеміршекті балық. Қоңыржай климатты мұхит және теңіз суларының жағалауға жақын, аса терең емес жерлерін мекендейді. Көбінесе акулалар мен өзінен ірі скаттардан қорғанып , су түбіндегі құмға тығылып жатады. Скаттардың түр –түсі теңіз табанындағы қоршаған ортамен түстес болады. Дене пішіні – жалпақ , еті – тығыз , терісі – тықыр , тегіс болып келеді. Кейде оларды «жалпиған акула» деп те атайды.Ежелгі гректер скаттың жотасынан алынған уды анастезиологиялық дәрі ретінде қолданған. Скат кеуде қанаттарын кеңінен жазып жіберіп , толқын тәрізді қимылмен жүзеді.Ең ірі скаттар «манты» немесе «теңіз сайтаны» деп аталады. Манты ашық мұхиттағы су бетінде жүреді. Моллюскілермен, шаяндармен, тікентерілілермен, планктондармен және ұсақ балықтармен қоректенеді.
style.rotation
Тұтасбастылар терең су түбіне бейімделген балықтар. Денесі ұзын және ұршық тәрізді болады, ол құйрығына карай сүйірленеді. Кейбір түрлерінің рострумы болмайды. Терісі жалаңаш және қабыршақсыз деуге болады. Бүйір сызығы айқын көрінеді, брызгальцесі болмайды. Желбезек саңылаулары тері қатпарларымен жабылып тұрғандықтан сырттан қарағанда желбезек қуысына жалғасатын бір ғана саңылау көрінеді. Скелеттерінің құрылысы қарапайым, яғни ол негізінен хордадан тұрады. Таңдайдың шаршы шеміршегі бас сүйегінің ми сауытымен бірігіл кеткен. Жалпақ тақташа тістері аз болады. Ас қорыту жолы айқын жіктелмеген. Ұрықтану іште болады. Жұмыртқасының сыртында қалың, күрделі қабығы бар. Олар көбінесе екі жұмыртқадан салады. Осы кезде тіршілік ететіндерін үш тұқымдасқа топтауға болады. Олар Атлантика мен Тынық мұхиттардың солтүстік және оңтүстік жарты шардағы теңіздерінде тараған. Бізде батыс Мурманск тұсында химера, немесе теңіз мысығы деген түрі кездеседі. Ұзындығы 1 м. Көпшілігі 1000 м тереңдікте мекендеп, теңіз түбіндегі омырткасыздармен қоректенеді. Қәсіптік маңызы жоқ Аталық мысық акуланың ішкі құрылысы 1.Ауыз 2.Танау тесігі3.Көз4.Желбезек және желбезек саңылауы5.Көкбауыр6.Несепағар7.Тұқым көпіршігі8.Құрсақ жүзбе қанаттары9.Жүрек10.Көкірек жүзбе қанаттары11.Үш қалақты бауыр12.Аталық безі13.Қарын14.Тоқішек15.Клока тесігі16.Аналь жүзбе қанаты17. Құйрық жүзбеқанаты  1- топ. Балықтарға жалпы сипаттама2- топ. Шеміршекті балықтар класы3-топ. Шеміршекті балықтардың класс тармағы. Тақтажелбезектілер. Тұтасбастылар «Үштілділік-өмір талабы» Бұл бөлімде берілген сөзді орыс және ағылшын тіліне аудару керек 1 топқа берілген сөздер: Уылдырық,акула, шеміршек,2топқа берілген сөздер: Балық,өкпе, көз 3 топқа берілген сөздер:Торсылдақ,аналық, жүрек Уылдырық – икра – caviarАкула – акула – sharkШеміршек – хрящ - cartilageБалық – рыба – Fish Желбезек – жабры - gillsКөз – глаз - eyeТорсылдақ - рыбий пузырь – Fish bubble Скат – скат -crampЖүрек – сердце -  heart Тест1. Шеміршекті балықтардың тыныс алу мүшесі?А) ТерісіБ) ЖелбезектерС) Өкпе 2. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін сала?А) ботаникаБ) ихтиологияС) цитология 3. Шеміршекті балықтардың қаншаға жуық түрі бар?А) 750-дей түрБ) 250-дей түрС) 900-дай түр 4. Балықтардың жүрегі?А) 2 қуыстыБ) 4 қуыстыС) 3 куысты  5. Акула қанның иісін қалай сезеді?А) 0,5Б) 0,01С) 1 6. Шеміршекті балықтар неше класс тармаққа бөлінеді?А) 4Б) 3С) 2 Жауаптары: 1-Б, 2-Б,3-А,4-А,5- А,6- С Үйге тапсырма: §41.Шеміршекті балықтар: акулалар және скаттар. Бекіре балықтары, маңызы және оларды қалпына келтіру шаралары. Қостынысты балықтар.Саусаққанатты балықтар,олардың құрлықтық омыртқалы жануарлардың шығу тегіндегі маңызы.Осы тақырыпты оқып келу және кесте толтыру.Қызықты мәліметтер жинау.