Таби?атты зерттеуді? ?ылыми ?дістері. Физикалы? эксперимент. Физикалы? теория. 7-класс
Ақтөбе қаласы Благодар орта мектебі Физика пәні мұғалімі : Коянбаева А.Ж Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері. Физикалық эксперимент. Физикалық теория. 7-класс
Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері. Физикалық эксперимент. Физикалық теория.Сабақтың мақсаты:Білімділік мақсаты: Табиғатты зерттеудің кең тараған ғылыми әдістерімен таныстыру. Эсперименттік әдістің негізгі қызметімен таныстыру. Дамытушылық мақсаты: Зат құрылысының молекулалық-кинетикалық теориясының негізгі қағидаларымен таныстыру. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.Сабақтың түрі: Аралас, жаңа білімді қалыптастыру.Сабақтың Әдіс-тӘсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.Сабақтың кӨрнекіліктері: Графопроектор, суреттер, үлестірме қағаздар, слайд.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:І. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ: Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.ІІ. Қызығушылығын ояту.1.Астрономия ғылымының дамуына қандай қажеттілік себеп болды?2.Астрономия нені зерттейді?3.Астрономияның қандай салалары бар?4.Ертедегі Орталық Азия елдері ғалымдарынан кімдерді білесің? Олардың ғылыми еңбектері туралы қандай хабарың бар?5.Аспан денелеріне байланысты халық арасында айтылатын қандай аңыздарды білесіңдер?6.Галактика деп нені айтады?Галактикалардың мөлшер-көлемі қандай?
ІІІ.«Ми шабулы» 1.Аспан денелерінің қозғалысын зеріттеуге арналған орталық2.Әлем кеңістігіндегі ғарыш аппараттарының қозғалысын және ғарыш кеңістігін зеріттейтін астрономияның бір бөлімі3.Ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерде немесе денелер жүйесінде болып жатқан құбылыстарды зеріттейтін ғылым.4.Физиканың ғылыми тілін игеріп,заңдарын оқып үйрену үшін қолданылатын арнайы сөздер.5.Біздің планетамызға ең жақын жұлдыз.6.Аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейтін астрономияның саласы.
№ жауаптары1Обсерватория2 Косманавтика3Астрономия4Термин5Күн6Космогония
Ү. Мағынаны тану стратегиясыТабиғат туралы білім арнайы зерттеу әдістерін қолдану арқылы жинақталадыТабиғатты зерттеу әдістерінің ішінен кең тараған үш ғылыми әдісті атап өтуге боладыБақылау, эксперимент және теориялық зерделеуБақылау негізінен ғылыми деректер жинау үшін қолданылады.Табиғатты танып зерделеудегі ең жауапты кезең -болжам
Болжам – ғылыми деректермен негізделген жорамал.Найзағайдың пайда болуы туралы ғылыми болжамды В.Франклин (1706-1790) ұсынды. Оның болжамы бойынша найзагай - әр турлі зарядталған бұлттардың арасындагы немесе бұлт пен Жердің арасындағы аса қуатты электр ушқыны Ондай ұшқын әр түрлі электрленген денелердің араларында да байқалады Өзінің болжамының дұрыстығын В. Франклин бұлтты күні аспанға ұшқыш батпырауықты көтеріп тексерді.. Батпырауыққа байланған ұзын жібек баудың Жер бетіндегі ұшына темірден жасалған салмақты кілт іліндіАспанды калың бұлт қаптаған күні ол кілтке саусағын жакындатып, күшті электр ұшқынынан есеңгіреп калады. Сөйтіп ол: «найзағай - электр ұшқыны» деген өзінің болжамын тәжірибе жасап дәлелдеді.Найзағайдың пайда болу сырын ұққан В. Франклин одан қорғану жолын да іздестірді. Ол найзағайдан сақтандыратын жайқайтарғышты ойлап тапты
В. Франклиннің тәжірибесіне ұксас, бірақ одан да күрделі тәжірибені жасау үстінде М.В.Ломоносовтың досы Г. В. Рихман күшті электр ұшқынының бір түрі - домалақ найзағайдан 1753 жылы қайтыс болды.Бұл мысалдардан мынадай қорытынды жасаймыз. Ғылыми болжам ұсыну - ашылған айқат жаңалық емес. Кез келген болжамның да, теорияның да шынайылығын тек практикалық тәжірибе, ягни эксперимент қана дәлелдей алады. Әр түрлі эксперименттер жүргізуде адамдарға арнайы жасалған құралдар мен аспаптар үлкен көмек жасайды. Кейбір физикалық аспаптар өте қарапайым болып келеді. Олардың қатарында сызгышты, тіктеуішті,таразыны атауға болады.
Сондай-ак термометр, секундомер, әр түрлі ток көзі (батареялар, аккумуляторлар) сияқты аспаптар тұрмыста да, экспериментте де кең колданылады. Сонымен қатар ғылым мен техниканың дамуына аса қажетті күрделі аспаптар да бар. Ондай физикалық қондырғылардың қатарында элементар бөлшектердің (мысалы, электрондардың) жылдамдығын аса үлкен шамаға (жарық жылдамдығына жуык) жеткізетін алып удеткіштерді атауға болады. Физикалық эксперименттер жасауға арналған үдеткіштердің алғашқыларының бірі Мәскеуге жақын Дубна қаласында 1957 жылы салынды . Оның диаметрі 72 м болса, ал одан кейінірек Серпухов қаласында салынған үдеткіштің диаметрі 6 км жетті. 5. Астрономиялық бақылаулар үшін де әр түрлі құралдар мен аспаптар қолданылады. Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы – телескоп
Эксперимент - физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі. Эксперимент аркылы физикалык кұбылыстар зерттеліп, ғылыми болжамдар мен теориялар тәжірибеде тексеріледі. Сонымен қатар ол жаңа физикалық заңдарды ашуда да кең колданылады. Оған физиканы оқу барысында көз жеткізуге болады. Мысалы, осы оқулыкта карастырылатын Гук заңы, Архимед заңы және басқа да заңдар эксперимент жасау арқылы ашылған. Архимед жәнө басқа заңдарды тексеруде кең қолданылатын серіппелі таразының сұлбасын салудағы оқушылардың жіберетін қателеріне көңіл аударайық. 17-суретте серіппелі таразының әр түрлі сұлбасы көрсетілген. 17-суреттегі а нұсқасының салдыр-салақ салынғаны айдан анық. Ал нұскасын салуда ұқыптылық, нақтылық, дәлдік және жауапкершілік сезіледі. Сондай-ак экспериментте алынған нәтижелерді ала-құла етіп жазбай, белгілі ретпен, әрі кесте түрінде көрсете білуге дағдылану керек. Эксперимент барысын жұмыс дәптерлеріне қалай жазудың үлгісін Гук заңын тағайындайтын тәжірибе мысалы оқулықта көрсетілген.
Физикалық құбылыстарды бір-бірімен өзара байланыстыра отырып, жан-жақты түсіндіретін жүйелі білім физикалық теория деп аталады.Физиканың 4 іргелі теориялары:Классикалық механика теориясы;Термодинамика және молекулалық физика теориясы;Электродинамика теориясы;Кванттық механика теориясы.Физикалық теорияның тарихи дамуына мысал ретінде заттың құрылысы туралы молекулалы-кинетикалық теорияның қалыптасуын алуға болады.Алғаш рет денелердің барлығы да өте кішкентай бөлшектерден тұрады деген идея ертедегі Эллада елінде қалыптасты. Оның негізін салушы - грек ғұламасы Демокрит(б.з.б. 460- 370). Ол кез келген денені ұсақтап бөле отырып, ең соңында бөлінбейтін бөлшек - атомды (көне грекше: ἄτομος - бөлінбейтін) алуға болады деді. Атомдар үздіксіз козғалады, әр түрлі денелердің атомдарының пішіні мен көлемдері де әр түрлі болады деп пайымдады.
Демокриттің идеясын Эпикур (б.з.б. 341-270) одан әрі дамытты. Ол да Демокрит сияқты атомдар өздерінің пішіні мен көлеміне және салмағына қарай әр түрлі болады деп қорытты. Заттың құрылысы туралы мұндай пайымдаулар эксперимент жүзінде дәлелденбеген, тек жорамалдар ғана еді. Сондықтан заттың атомдық құрылысы туралы ілім ұзақ уақыт қолдау таппады. Тіпті ұлы Аристотельдің өзі де Демокриттің көзқарасымен келіспеді. Ол денені шексіз ұсақтап беле беруге болады деді. АлЕуропада қайта өрлеу дәуірінің өзінде де (XVII ғ.) заттың атомдардан тұратыны туралы ілімді таратушыларды өлім жазасына кесетін болды. Соған қарамастан өзінің ғылыми көзқарасы үшін отқа өртенген Джордано Бруно (1548-1600) заттардың атомдардан тұратынын қорғаумен өтті. Қайта өрлеу дәуірінің соңына қарай заттың атомдық құрылысы туралы ілім толық жеңіске жетті. Оған көптеген ұлы ғалымдардың еңбектері мен ашқан жаңалықтары әсер етті.
Зат кұрылысының молекулалы-кинетикалық теориясының негізгі қағидаларын кейінірек М.В. Ломоносов былай қорытындылап берді: 1) Барлық заттар өте ұсақ бөлшектерден - молекулалар мен атомдардан (Ломоносовша «корпускулалардан») тұрады; 2) Молекулалар мен атомдар үздіксіз ретсіз қозғалыста болады; 3) Молекулалар мен атомдар өзара әрекеттеседі.
Үйге тапсырма: §5 Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру Бағалау:Шығу парағын толтыру-Бүгінгі сабақтан не білдіңіз? -Пікіріңіз. -Кімге рахмет айтамыз?