Презентация: «VІА топша элементтеріні? жалпы сипаттамасы. К?кірт.» «VІІА топша элементтеріні? жалпы сипаттамасы. Хлор.»


Сабақтың тақырыбы: «VІА топша элементтерінің жалпы сипаттамасы.Күкірт.»«VІІА топша элементтерінің жалпы сипаттамасы. Хлор.» МАҚСАТЫ: VІ A және VІІ А топша элементтеріне туралы жалпы мағұлмат беру. Күкірт және хлор элементтерімен таныстыру. Іздену арқылы логикалық ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру. Алғырлыққа, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу Психологиялық дайындық «Татулық- достық кілті» тренингі . Қатысушыларға шеңбер құрып тұруға және 3 топқа бөліну ұсынылады: «европалықтар» «жапондықтар» және «италиандықтар». Кейін әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп, өз амандасу тәсілімен барлығымен сәлемдеседі. «Европалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «италиандықтар» құшақтасып,бір-біріне сәттілік тілейді. ІІ-кезең: “Қызығушылықты ояту.” «Менен жылдам сұрақ,сізден жылдам жауап» Na-ге периодтық жүйе бойынша жалпы сипаттама беру. Са-дың қолдануы туралы мәлімет беру. ІІІ-кезең: “Мағынаны ашу.” (жаңа сабақты түсіндірмес бұрын студенттерді, түрлі-түсті стикер таңдап алу арқылы топқа бөліп аламыз) Сабақтың жоспары:1.VІ, VІІ А топша элементтеріне периодтық жүйе бойынша жалпы сипаттама.2.Табиғатта кездесуі,биологиялық маңызы3.Физикалық қасиеттері4. Химиялық қасиеттері5. Алу жолы 6. Қолданылуы Атом құрылысы Химиялық таңбасы-CL (хлор)Реттік номері-17Ar (CL)- 35,453 г/мольIІІ период,ІІІ қатар,VIІ топ,негізгі топша.Электрондық формуласы: 1s 2s 2р 3 s 3рЭлектрондық қабаты: )2 )8)7 Табиғатта таралуы. Белсенділігі жоғары болғандықтан тек қосылыстар күйінде кездеседі,таралуы бойынша он бірінші орында.Хлордың табиғи минералдары:галит,тас тұзы NaCl,сильвин KCl, карналлит KCl* MgCl*6HO ,каинит –KCL*MgSO*2HO,сильвинит –NaCl*KCl. Физикалық қасиеттері.Өткір иісті,ауадан ауыр тыныс жолдарын тітіркендіретін,тұншықтырғыш газ,суда нашар ериді, ертітіндісі хлор суы деп аталады.Температураны-34С-қа дейін төмендеткенде сұйылып,ал 101 С-да қатады,ауадан 2,5 есе ауыр. Химиялық қасиеттері: Жай заттармен әрекеттесуі:сутекпен күн сәулесінің әсерінен немесе қыздырғанда қопарылыс бере әрекеттестіреді:Сl2 + H2 =2HCl Металдармен әрекеттесіп тұздар түзеді,металдарды оңай тотықтырады: 3Сl2 + 2Ғе = 2Ғе Сl 3 Бейметалдармен бинарлы қосылыстар түзіледі:2Р+ 3Сl2 = 2Р Сl3 Сумен: Сl2 + НОН = НСl + НСlО Сілтімен осы қышқылдардың тұздары түзіледі: Сl2 + NaOH = NaCl + NaClO Алынуы. 1.Өндірісте сілітілік меалдардың хлоридтерін электролиздеу арқылы алады:(электролиздеу арқылы)2NaCl + 2H2O →H2 ↑ +Cl2↑ +2NaOH 2.Зертханада концентрлі тұз қышқылына тотықтырғыштармен әсер ету арқылы алады: 6HCl+KCl3 → KCL+ 3Cl2 ↑ + 3H2O Хлор және оның қосылыстарының қолданылуы Сl2-ауыз суды залалсыздандыру үшін, ағартқыш зат ретінде;NaCl—ас тұзы,оны күнделікті қолданамыз: натрий,хлор,сода алу үшін;KCl-маңызды калийді тыңайтқыш, калий , поташ алу үшін;CaCl2- су тартқыш зат,газдарды құрғатуда;ZnCl2-дәнекерлеуде,шпалдарды,телеграф бағандарын сүрлеу үшін қолданылады. Топқа бөлу Күкірт Оттегі Фтор Әрбір топ өздерінің химиялық элементтерін қорғайды. Оқулықпен жұмысІ топ «Күкірт»3,2 күкіртті оттекте жаққанда қанша грамм күкірт (ІV) оқсиді түзіледі? Оның зат мөлшері қандай? ІІ топ «Оттегі» ІІІ топ «Фтор»62 г фосфориттен неше грамм фосфор алуға болады? Бұл реакцияда неше грамм көмір тотығады? Есептеп шығарМассалық үлесі: 24,7 % К, 34,8 % Мn, 5% О-тен тұрптын заттың молекулалы формуласын тап. 2.6,5г мырыш пен 14,6 г күкірт қышқылы әрекеттестірілді.Түзілген газдың көлемін,зат мөлшерін,молекула санын,массасын анықта. IV-кезең «Ой толғау» Сабақты бекітуИнсерт кестесі арқылыВенн диаграммасы арқылы Не білеміз? Не білдік? Не білгіміз келеді? VI A топша элементтері VII A топша элементтері ҚОРЫТЫНДЫ: Жер үстінде адам өмір өткізер,Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.Бар ізгілік тек білімнен алынар,Білімнен аспанға жол салынар. Үй тапсырмасы: Оқулықтағы 17,18 оқып түсінік айту,№ 5,7,8 есептерді шығару. Бағалау