Т?мар – с?ндік б?йым(презентация)
Тұмар – сәндік бұйым
А) ақпараттық: оқушыларға жалпы тұмардың шығуы туралы ақпарат беру; Ә) коммуникативтік: оқушының еңбекке деген қызығушылығын арттырып, танымдық қабілетін дамыту, өнердің қыры мен сырын ұғымдарын эстетикалық талғамын дамыту;Б) проблеманы шешу: қағаздан және қатырмақағаздан жасалған заттарды ұқыптап ұстауға тәрбиелеу. Құзіреттілікке жеткізетін мақсат – міндеттер:
Тұмар зиянды тылсым күштерден, тіл-көзден сақтайды деп сенген ежелден келе жатқан қазақ халқының бұйымы. Тұмар сөзінің этимологиясы көне түркі тума және йер тіркесінен "туған жер" мағынасын береді. Яғни, көне түркілер тұмарға туған жердің топырағын салып жүрген. Ислам дінінің әсерімен, тұмарға туған жердің топырағын салу ығыстырылап, орнына Құран аяттары жазылған қағаз салу белең алған. Тұмарды әдетте діни ғұламаларға жаздырып алып, былғарымен қаптап, бойға тағып жүреді.Тұмар тарихы
Жалпы түсінік Тұмар (ғұрып). Адамға, малға тұмар тағу ертеден келе жатқан дәстүрлі әдет. Ол көбінесе адамға (әсіресе жас балаға), малға көздің сұғынан, тілдің уынан сақтасын деп тағылады. Оны оқыған молдалар, ишандар, емшілер дұғалап береді. Тұмарды мойынға, бас киімге, киім жағасына тағады. Тұмар (бойтұмар) – асыл тастарды тізіп әшекейлеп, алтын, күміс жалатқан. Қымбат бағалы метал не былғары қорапша (үш бұрышты, кейде төрт бұрышты) ішіне тіл көзден, ауру-сырқаудан, пәле-жаладан сақтайтын дұға жазылған тәбәрік: ұлутас, үкі қауырсыны, киелі саналатын т.б. нәрселер салынады.
Түрлері Жастық тұмар – төртбұрышты түсті металдан жасалған көркемдік бұйым. Қиық тұмар – сәндікке мойынға тағылатын жылтырауық заттардан істелетін тұмар. Лағыл тұмар – лағыл таспен безелген тұмар. Сіркелі қолтық тұмар – бетіне сіркелеп өрнек салынған тұмар. Алтын тұмар – күміс бетіне алтын жалатқан, алтынмен әшекейленген тұмар. Тұмарша – асыл тасты күмістен жасалған, мойынға тағылатын әшекейді көбінесе қыздар таққан. Тіллә тұмар – алтынмен апталған тұмардың бір түрі.
Түтік тәрізді екі негізгі бөліктен және шынжырбаулардағы жеті салпыншақтан тұрады. Түтік тәрізді, қуыс, алып-салатын құрастырмалы екі бөліктен тұрады, ұштары конус тәріздес, бір шоғыр түйіршіктермен бітеді. Конус тәріздес ұштары екі қатар тегіс сымкәптеумен және үш қатар кертпесі бар сымкәптеумен сәнделген. Тұмардың жоғарғы бөлігінде орта көлемді екі ілмек бар. Түтік тәрізді бөлігі алты жерінен шеңбермен құрсауланған, олар ұсақ кертпемен безендірілген. Шеңберлердің арасындағы жерлер зооморфты өрнекпен бедерлеу техникасында әшекейленген. Тұмардың төменгі бөлігінде – шынжырбауларға ілінген жеті найза іспеттес шағын қуыс ілгек. Салпыншақтардың үсті дөңес, асты жайпақ.
Үшбұрышты үлгідегі негізгі бөліктен және шынжырбаулардағы алты салпыншақтан тұрады. Тұмар үшбұрышты, шеттері тіс-тіс болып келген, ортаңғы дөңес үшбұрышты бөліктің ортасында қоңыр түсті темірлі кварцтан ендірме бар. Ортаңғы бөлік пен тұмардың шеттері негізінен ұсақ айшықтармен әшекейленген.Үшбұрышты тілімнің төбесінде шығыршық енгізілген тесік бар. Тұмардың негізгі бөлігінде тесіктер бар, оларға тиын теңгелерден (d – 1,4 см) жасалған алты салпыншақ енгізілген.
Өзара қозғалмалы етіп қосылған үшбұрышты түріндегі екі негізгі бөлік пен жеті салпыншақтан тұрады. Үшбұрышты жоғарғы тілімнің көлемі кішірек, үш шоғыр түйіршікпен әшекейленген. Төменгі үшбұрыштың бет жағы сары түсті, ортасында – жақтаулы ақық тас. Үшбұрышты тілімдердің шеттері сымкәптеумен және түйіршіктермен сәнделген. Жоғарғы үшбұрышты тілімнің төбесінде шығыршық енгізілген ілмек бар. Бедерлі өрнектері бар жапырақ түріндегі салпыншақтар ілмектер мен шығыршықтар арқылы үшбұрыштарға бекітілген. Екі салпыншақ – жоғарғы үшбұрышқа, шынжырбаулардағы бесеуі –төменгі үшбұрышқа.
Сопақ пішінді негізгі бөлік пен қысқа шынжырбаудан тұрады. Негізгі бөлік – сымкәптеу және керту техникасында орындалған жақтаудағы ақық тас (4,3 х 3 (см)). Тастың оң жақ бетінде екі өрнекті жолақ бар, олар қас бетті үш бөлікке бөліп тұр. Үсті мен астына екі торкөз тоға дәнекерленген, жоғарғысында ілмек бар және ұштарына шығыршықтар ілінген алты буынды қысқа шынжырбау бар.
Тең бүйірлі үшбұрыш түріндегі тілімнен тұрады, оның ортасында күрең қызыл түсті ақықтан ендірме (1,5 х 1,1 (см)). Сопақ пішінді ендірменің саты тәрізді жиегі бар. Тілімнің оң жақ бетінде мүйіз тәріздес өсімдіктік-зооморфтық өрнек бедерленген.
Назарларыңызға рахмет!