Инклюзивті білім беру немесе «білім барша?а» ба?дарламасы — барлы? балалар?а мектепке дейінгі о?у орындарында, мектепте ж?не мектеп ?міріне белсене ?атысу?а м?мкіндік береді
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеев қаласы«Шал ақын ауданының қазақ орта мектебі» КММБастауыш сынып мұғаліміТыңдаушы: Шаниева Гульмира КойшыбаевнаСанаты-1еңбек өтілі-16 жылүшінші (негізгі) деңгейИнклюзивті білім беру
Инклюзивті білім беру *Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді. *Инклюзивті білім берудің мақсаты - этникалық тегіне, діни сеніміне, экономикалық мәртебесіне және дамуындағы ерекшеліктеріне қарамастан, барлық балалардың білім алуына және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау процесі. *Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.
" Инклюзивті білім " (integration --> inclusion). Теориялық негіздемесі «Бәріне бірдей мүмкіндік» принципін ұстанатын инклюзивтік білім берудің енгізіле бастағанына көп бола қойған жоқ. Бұл термин көбіне «Сапалы білім барлығы үшін» түсінігімен бірге қолданылады. Яғни жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі бала мен басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай жасау.
Инклюзия - бұл балаларды олардың жыныстық, этникалық және дінге қатыстылықтары, оқудағы жетістіктері, денсаулық жағдайы, даму деңгейі, ата-аналарының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі мен басқа да айырмашылықтарына қарамастан жалпы білім беретін үдеріске толық енгізу үдерісі, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.Инклюзивті оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқу қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.
Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері:1. Адамның құндылығы оның қабілеті мен жетістіктеріне тәуелді емес 2. Әрбір адам ойлау мен сезінуге қабілетті 3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы 4. Барлық адамдар бір-біріне қажет 5. Түбегейлі білім шынайы өзара қарым-қатынастар негізінде жүзеге асады 6. Барлық адамдар бір-бірінің қолдауына, қатарластарының достығына мұқтаж 7. Әртүрлілік адам өмірінің даму аясын кеңейтеді 2004 жылы зерттеу жүргізілген кезде, орта мектеп педагогтарының 80 пайызы бұл жүйеге қарсы болса, 2007 жылы 49 пайызы ғана қолдамаған.
Елімізде инклюзивті білім беруді дамыту қажеттілігін негіздеу.Негізгі бағыттары. Инклюзивті білім берудің технологиясы Педагогтер мен мамандарға арналған ұсынымдар: даму мүмкіндігі шектеулі балалар бір-біріне ұқсамайды; диагноз -оқытудың дәлме-дәл рецептісіне немесе бала дамуының дәлме-дәл жорамалына негіз бола алмайды;ауытқудың себептерін анықтау - оқытудың дәлме-дәл әдісін таңдауға негіз бола алмайды. Естуінде, көруінде ауытқуы бар, дене кемістігі бар, оқу материалын меңгерумен байланысты ерекше қажеттілігі бар баламен, ерекше коммуникативті қажеттілігі бар баламен, психикалық дамуында кемістігі бар баламен жұмыс кезіндегі нақты стратегиялар.
Түрлі бағыттағы мамандардың(психолог,логопед, дефектолог,әлеуметтік педагог, дәрігердің) ынтымақтастығы. Өзара кеңестер. Табысты ынтымақтастықтың ережесі. Сыныптағы табысты жұмыстың ортасын ұйымдастыру. 1.Әр баланы бірінші күннен бастап құшақ жайып қарсы ал. Оны сол қалпында қабылда. 2.Сыныптағы ортаны бейімде. 3.Әр баланың сыныптағы қоғамның мүшесі болуына қол жеткіз. Сынып бөлмесінің (тобының ) жиһазы: негізгі жиһаз және құрал-жабдықтар. Оқыту үдерісіне бейімделу: уақыт, комфорт, алаңдатушы факторлар, шу, жарық, материалдарды іріктеу.
Әдістемелік ұсынымдар: 1.Егер қажет болса, балаға ойыншықпен және материалдармен ойнауға көмектес. 2.Ойыншықты баланың қызығушылығы мен қалауы бойынша таңда. 3.Баланың жұмысбастылығын, ойынмен әуестенуін, танымдық белсенділігін қамтамасыз ететін ойыншықтар мен материалдарды таңдаңыз.4.Ойыншықтар мен материалдарды зейінін, ойынмен әуестігін, жұмысбастылығын дамытатындай мақсатта бейімдеуге ұмтылыңыз. Балалардың жәйіне баға: байқау, тестілеу, топтастыру, диагностика, даму мониторингі.
Қорытынды: Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту. 2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін: мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары; мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді, әртүрлі бұзушылықтары бар балалар үшін интеграция нысандары анықталады; мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру ережесі әзірленеді. 830 мектепте мүгедек балалар үшін санитарлық бөлмелерде көтергіш құралдар, пандустар, арнайы құрылғылар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылады. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалады (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық алып жүрудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы).
Ерекше сұранысты қажет ететін балаларға білім беру кез келген ел үшін негізгі міндеттердің бірі болып табылады.Бұл – әркім өз іс-әрекетінің қажеттігі мен қатыстылығын сезіне білетін шын мәніндегі инклюзивті қоғам құруғақажетті шарт. Біз әрбір балаға оның сұранысы мен басқа да жағдайларына тәуелсіз, өз әлеуетін толық жүзеге асыруға,қоғамға пайда әкелуге және оның толыққанды мүшесі болуғамүмкіндік беруге міндеттіміз. Дэвид Бланкет