Сыныбы: 8 сынып Саба?ты? та?ырыбы: Microsoft office Word редакторында кестемен ж?мыс. Саба?ты? ма?саты: Ms Word редакторында кесте ??ру Білімділік: ?дістерін т?сірдіру,о?ушыл


Қалақбашова Гулмира. Табынбайқызы.Туылған жылы: 05.07.1984 ж.Туылған жері: Туркменистан Республикасы Оқу орны: Ақтау қаласындагыБолашақ коллеж бітірдім Мамандығы: Информатика пәні мұғаліміЕңбек өтілі: 8 жыл Информатика сабағында жаңатехнологияны пайдалана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру және дамыту. “Ұстаз білімді,өмірге құштар, әділ, қажет десеңіз ер жүрек болуы керек”Әл-Фараби Мақсатым – сабақ сапасын көтеру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың танымын қалыптастыру. Жас ұрпақтың санасын біліммен сусындатып, өзімнің бойымдағы бар білім мен күш жігерімді оқушы бойына сіңіруге аянбай еңбек ету. Менің ойымша сабақ беру де өнер, өмір бойы жаңалық іздеп, оны табу ізденіп отыру бұл менің шығармашылық еңбегімнің өзегі деп айта аламын. Бүгінгі таңда №15 орта мектептің физика, математика және информатика пән бірлестігінің өзекті мәселесі: Ұлттық дәстүр элементтерін дамыта оқыту технологиясын пайдалану, оқушылардың логикалық ойлау, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, шығармашылық белсенділігі мен іздемпаздығын арттыру. Ал өзімнің өзекті тақырыбым: Информатика сабағында жаңа технологияны пайдалана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру және дамыту. Өзекті тақырыбым бойынша жұмыс жасаудағы мақсатым:Деңгейлеп саралап оқыту технологиясынқолдана отырып, оқушылардың шығармашылығын дамытуЖеке тұлғаның ойлау қабілетін жетілдіріп, пәнге қызығушылығын арттыруӨз халқын сүйетін, еңбекқор,отансүйгіш, білімді де білікті жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша білім алуға жағдай жасайдыДеңгейлеп оқытудың тиімді жақтарыСыныптағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі және әр оқушының белсенділігі оянады.Сыныптағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі және әр оқушының белсенділігі оянады. Барлық оқушы өз жұмысын ең төменгі деңгейдегі тапсырманы орындаудан бастайды да, оның орындалуына сәйкес келесі деңгейге көшіп отырады. Оқушының өзбетімен жұмыс істеуі тиянақтылыққа, төзімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігін оятады.Жауапкершілікті сезіне отырып, оқушы ізденімпаздығы, шығармашылығы мен дарынының шыңдалуын тәрбиелейді. Оқушының деңгейін дұрыс анықтап, оны жұмыс істеу әдісін тиімді таңдауда мұғалім өз ісінің шебері болуы тиісМұғалімге қойылатын талаптарБілікті маман Шығармашыл тұлға Мектеп өміріне белсене қатысатын қызметкер Ізденімпаз ұстаз Салауатты өмір салтын ұстанатын азамат Пәнге қызығушылығын арттыру Өзіме қоятын талаптар Оқушыларға қоятын талаптар 1. Шығармашылықпен жұмыстану. 2. Жаңашыл педагогтардың оқыту әдістерін үнемі басшылыққа алу.3. Шешу жолдарын үйрену. 1. Есеп шығаруға дағдыландыру.2. Ізденгіштіктерді ұштастыру.3. Заман талабына сай бейімделу. Информатиканы оқыту мақсаттарыБілім беру Тәрбиелік Дамытушылық Бағдарлама анықтайтын информатикабілімнің, барлық жүйесінтерең және саналымеңгеруін қамтамасыз ету. Дүниеге ғылымикөзқарасын қалыптастыру,табиғатты танудың Жаңа технологияны меңгеруге ,адамгершілік,эстетикалық тәрбиеберу.Алған теориялық білімдерін практикадақолдана білуге,практикалық есептерді шығаруға,информатикабасқа пәндерге қолданабілуге, өздігінен білім алуға үйрету. 1. Мұғалім өз пәнін терең меңгеріп, оны оқушыларға жай қарапайым тілмен, өмірмен байланыстырып ғылыми тұрғыдан білім беруі қажет.2. Мұғалім әр оқушыға, бүкіл сыныпқа қатаң талап қоя білуі керек.3. Мұғалім өзінің сабағында оқушылардың психологиялық және логикалық ой өрісін дамытуда халықтық педагогика элементтерін пайдаланып отыруы тиіс.Оқушылардың сапалы да тиянақты білім алуы үшін әр бөлім бойынша олардың білімдерін тексеріп отыру керек. Ең бастысы әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуі керек. Қорыта айтқанда,бүгінгі сабақ кешегі сабақтан өзгеше, ал ертеңгісабақ бүгінгі берген сабақтан жақсы болуы тиіс. Тәрбие беруде эстетикалық, патриоттық, имандылық тәрбие беру бағытын көздеймін. Ол үшін тәрбие жұмыстарын өткізу барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын. Жаңа дүниені танып білген баланың ғылым тану әлеміндегі белсенділігі артып, көкжиегі кеңи түседі. Ғылыммен өндірістің дамуына информатиканың қажеттілігі, информатиканың білім мен біліктіліктің қолданылу аясының кеңеюі, еліміздегі әрбір оқушының компьютерлік сауаттылығының маңызын күшейте түсті. Бұл еліміздің әрбір азаматына орта білім алуға міндет арта отырып, мұғалім қауымына ертеңгі күні мемлекет сенім арта алатындай оқушылардың дайындығының сапасын көтеруді және білімнің қандай да бір деңгейіне кепілдік беруін қамтамасыз етуді талап етеді. Деңгейлеп оқыту технологиясын информатика сабақтарында тиімді қолдана білсе, үздік нәтижеге қол жеткізуге болады.Мен 8–сыныпта информатика сабағында Мәтіндік құжатты форматтау тақырыбында деңгейлік тапсырмада сабақ өттім. Сабақтың мақсаты: Білімділік:Ms Word редакторында құжатты форматтау тақырыбы бойынша оқушыларға толық түсінік беру. Оқушыларға мәтін немесе оның үзінділерін ерекшелеу тәсілдерін, негізгі форматтау режімдерін қолдануды үйрету, символдарды форматтау;мәтінді туралау, жоларалық интервал, тасымалды орналастыру сияқты мәтіндік құжаттарды форматтаудыңжолдарын үйрету. .Дамытушылық: Оқушылардың компьютерге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс істету шеберлігін одан әрі қарай шыңдау жәнеосы сабақта алған білімдерін пайдалана білуге ықпал жасау .Тәрбиелік: . Ms Word редакторында мәтінді сауатты теру. Жүйелікке, еңбекке, іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу. Қорыта айтқанда: Ұстаз бүгінгі емес, болашаққа қызмет етеді . М Әуезов “Халықты халықпен,адамды адаммен теңестіретін-білім”деген екен . Олай болса, ұлтық төл мәдениетті қастерлей білетін, рухани жан дүниесі бай,ой-өрісі дамыған, ұрпақ тәрбиелеу өзімнің міндетім деп білемін. Осы тұрғыда адамды әліде көп биік белестер тұрғанын сезініп, аянбай еңбек етемін