Математика п?нінен Ше?бер ж?не д??гелек та?ырыбында?ы ашы? саба?
Шеңбер және дөңгелек
Сабақтың тақырыбы: Шеңбер. Дөңгелек.Сабақтың мақсаты: Шеңбер мен дөңгелек туралы түсінік беру, шеңбердің элементтерімен таныстыру, шеңбер мен дөңгелекті ажырата білуге үйрету.Міндеттері: 1. Өздігінен білім дәрежесін арттыру, логикалық ой-өрісін дамыту, меңгерген білімдерін есептер шығаруда қолдана білуге дағдыландыру;2. Әр топтың тез, шапшаң жұмыс істеуінде оқушылардың қызығушылығын ояту;3. Жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу, ұжымдық тәрбие беру.Көрнекіліктер: дөңгелек, шеңбер элементтері көрсетілген кесте, үлестірме қағаздар, шығармашылық тапсырма, циркуль, өлшегіш лента, киіз үй (макет), сызғыш, қарандаш.Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Үй жұмысын тексеру бөлімі3. “Топпен жұмыс” сөзжұмбақ шешу4. Миға шабуыл (жаңа материалға дайындық бөлімі) 5. Жаңа сабақты меңгерту 6. Оқулықпен жұмыс 7.cергіту сәті 8. Cабақты бекітуМатематикалық диктант 9. Уйге тапсырма 10Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі Тобыңды тап Оқушыларды топқа бөлу
СәлемдесуҚайырлы таң, достым!Қайырлы күн болсын!Сенбінің әрбір күніСәттілікке толсын!Біздің алар бағамызКілең «бестіктер» болсын!
Көңіл-күйіміз қалай?ЖақсыОрташаНашар
Үй жұмысын тексеру бөлімі “Сен маған, мен саған” №477Теңдеудің түбірін тап
Сөзжұмбақ шешу(топпен жұмыс)
Арақашықтықты өлшейтін құрал .Түзудің екі жағынан щектелген бөлігі .Құрамында белгісізі бар өрнек Бір нүктеден шығатын екі сәуледен тұратын бөлік .Түзудің бір жағынан шектелген бөлігі Бұрышты өлшейтін құрал
сызғышкесіндітеңдеубұрышсәулетранспортир
ІІІ. Миға шабуыл (жаңа материалға дайындық бөлімі) Мына фигураларға назар аударыңыз. А, В, С, Д фигураларының қайсысының барлық нүктелері берілген нүктеден ( О, Е, К, L) бірдей қашықтықта жатыр?. О. Е. К. LАВСD
Сақина мен монетаның ұқсастығы неде, айырмашылығы неде?
Қазақтың тұрмыс тіршілігінде де шеңбер мен дөңгелек тәрізді денелер кеңінен орын алған. Олар: түрлі әшекейлік бұйымдар және киіз үй. Киіз үйдің толық құрылысы шеңбер мен дөңгелек тәрізді фигуралардан құралған. Табаны дөңгелек болса, керегелері доға пішіндес болғандықтан шеңбер жасайды. Киіз үй шаңырағының жиегі шеңбер тәрізді. Киіз үй – шеңбер мен дөңгелектерден тұратын қазақтың ұлттық өнерінің ерекшелігін бейнелейтін құрылыс.
Шар емес, дөңгелек емес Бірақ осылардың бөлігіРадиус,диаметрін іздегендеОнсыз болмайды келісіЖұмбақ
шеңбер
12.11.2016Шеңбер . Дөңгелек
Шеңберді циркуль деген құралмен саламыз
ШеңберШеңбер –барлық нүктелері бір жазықтықта және центрден (О нүктесінен) бірдей қашықтықта жататын фигура. О
• O•••••••••••••••••••••••••••••••
сыртқы аймақ Ішкі аймақ
РадиусРадиус - шеңбердің центрін оның бойындағы кез келген нүктемен қосатын кесінді. Бір шеңбердің барлық радиустары тең.ОАBРадиус R әрпімен белгіленеді R = OА, ОВ - радиус
ДиаметрШеңбердің центрі арқылы өтіп, оның бойындағы екі нүктені қосатын кесінді диаметр деп аталады.Диаметр D әрпімен белгіленеді. Диаметр шеңбер радиусынан екі есе ұзын. D=2∙R СDО
Доға.Шеңбердің бойында жатқан екі нүкте арасындағы бөлігі шеңбердің доғасы деп аталады.AВ , BD, DC, CA – доғалар.Жазылуы: U АВ ,U ВD, U DС, U CA ВАСDО
ДөңгелекЖазықтықтың шеңбердің ішіндегі бөлігі, шеңбердің өзімен қоса дөңгелек деп аталады.fillcolorfill.typefill.on
Кейбір аспаптардың шкалалары шеңбер бойымен орналасады.Мысалы, сағат циферлатының жиегі шеңбер, ал пішіні дөңгелек болып табылады.
Оқулықпен жұмыс
Ауызша есептер: № 478 • В • С • О • Е • К • L • A •D Шеңбердің бойындаДөңгелектеДөңгелектің сыртындаB, DС, О, EL, K, А
Оқулықпен жұмыс: № 479Дәптерге О нүктесін белгілеңдер.О нүктесін центр етіп алып, шеңбер сызыңдар.Дөңгелекті бояңдар.1) Шеңбердің радиусын өлшеп, оны жазыңдар2)Дөңгелектің диаметрі неше сантиметр? Оны жазыңдар
Оқулықпен жұмыс: Дөңгелек тобы А деңгейі № 480 (1)Шеңбердің радиусы 11 см.Шеңбердің диаметрін табыңдар Шеңбер тобы А деңгейі № 480 (2)Айдың диаметрі 3474 км. Айдың радиусы неше километр?
Оқулықпен жұмыс: В деңгейі № 486 3.34- суретте центрі А нүктесі болатын бірінші дөңгеелек және центрі В нүктесі болатын екінші дөңгелек кескінделген.Қай нүктеелер:1) Бірінші дөңгелектің де, екінші дөңгелектің де ішінде орналасқан;2)Бірінші дөңгелекке ғана тиісті:Екінші дөңгелекке ғана тиісті
Сергіту сәті
Б+50+ ар=40+ қабат=Тем+ 2=М+3+е=7+су=6+бақан=100+к=7+ген=М+10+шақ=Лим+10=
Кім жылдам ойыныШешімін дұрыс тауып, кестені толтырсаң, шеңберге қатысты ұғым атауын оқисың. Ғ. D=12, R = ? О. R = 2, D= ? Д. D=14, R = ? А. R = 4, D= ? 7 4 6 8
Логикалық жаттығу 1. Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 және 29 сандары қай айда кездеседі?2. Қосарланып жегілген ат-арбамен Самат 8 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жол жүрді?3. 2адам шахматты 2ойнайды.Әрқайсысы қанша уақыттан ойнайды?4.Үстел беті төртбұрышты. Оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады.
.1. Шеңбердің центрі арқылы өтіп, оның бойындағы екі нүктені қосатын кесінді … деп атайды. 2. Шеңбердің центрін оның бойындағы кез келген нүктемен қосатын кесіндіні шеңбердің… деп атайды. 3. Барлық нүктелері бір жазықтықта және центрден бірдей қашықтықта жататын фигура … деп атайды. 4. Жазықтықтың шеңбердің ішіндегі бөлігі, шеңбердің өзімен қоса ………. деп атайды. 5. Шеңбердің бойында жатқан екі нүкте арасындағы бөлігі шеңбердің …… деп аталады.. Сабақты бекіту Математикалық диктант.
Үй тапсырмасы: № 481; № 488
Тарихи мәліметтер“Дөңгелек” ұғымы алғаш рет ежелгі гректерде қалыптасқан. “Диаметр” грек тілінен аударғанда “көлденеңдік” дегенді білдіреді. Үнділер мен вавилондықтар дөңгелектің ең негізгі элементі радиус деп есептеді. Радиус латынның radius – доңғалақтың сым шабағы сөзінен алынған.
style.rotation
style.rotation
style.rotation
Шеңберді айналдыра циркульменен,Сызамыз дөңгелетіп бір қолмененДәл қақ орта тұсы болып табылатынО центрі, екі радиус диаметрімен.Математика пәні қызық есебіменОйлауға, жылдамдыққа үйретуменКеледі санамызды тым арттырып,Бүгінгідей ашық сабақ өткізумен.
«Алған әсерің қандай»
РефлексияМенің сабаққа да, өзіме де көңілім толды,Тапсырмаларды өте жақсы орындап,жақсы баға алдым.Сабақ жақсы және қызық болды.Сабаққа жақсы қатыстым деп ойлаймын.Сабақтан жақсы ештеңе алған жоқпын.Не айтылғандарын да түсінбедім.Қызық емес.
Сабақ аяқталдыРахмет
Назарларыңызға рахмет!!!
Сау болыңыздар!