Презентация работы с одаренными детьми на казахском языке


"Қазақстан тағыдыры келешегі мол ел болуы да мектептің қандай негізге құрылыуына тіреледі, мектебіміздің сау, берік және өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегімізге тайынбай серттесуге болады. Ал сондай негізгі құра алмасақ: келешегіміз күңгірт" М.Жұмабаев «Дарынды бала-бұл белгілі бір салада жетістіктері айқын көрінетін немесе сондай жетістіктер әлеуеті мол бала» Лейтис Н.С. Мақсаты:Оқытудың басты ерекшелігі-жеке тұлғаның көзқарастары мен болмысына ден қою. Жеке тұлға тәрбиелеудің түп негізі, оқушының жеке басының дамуы, оқушының өзіндік тәжірибесі, даралық қызметі болмақ. Өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесінің дене және жан саулығының, интеллектуалды қамын ойлау-тәуелсіз Қазақстанның алдында да тұрған ең маңызды сайыс, психологиялы өзгерістер сияқты көріністермен белең алады. Сондықтан сол кезеңге лайық интеллектуалды, ой-өрісі жоғары дамыған, дені сау азаматты қалыптастыру-мектептің бүгінгі күнгі өзекті мәселесі. ҚР "Білім туралы" Заңында "Білім беру жүйесінің бастыміндеті-ұлттық жалпы, азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау: Оқытудың жаңа технологияларын еңгізу білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу" деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шеші үшін мектеп ұжымы, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашатын жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. "Адам өмірге өзіндік қасеттері мен, қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын - тәрбие мен оқыту. Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойында ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс жеткілікті бағаламаса, оның "өзгелер" сияқты болып қалып қоюуы мүмкін. Сондықтан мектебіміздің оқушыларына дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, тәлім-тәрбие беру мектеп ұжымының басты міндеті деп санаймыз. Бала дарындылығын дамытуда, оның бойындағы шығармашылық, зерттеушілік, танымдылық, адамгершілік тұрғыдан өсуге деген қабілеттерін толық деңгейде жетілдіруде жеке тұлғағабағытталған іс-әрекеттерді пайдалану тиімді болады. Жеке тұлға ретінде баланың ашылуы үшін педагог-мұғалім қолдауы: -пән олимпиадасындағы жетістіктері -ғылыми-жоба жарыстарындағы жетістіктері -интеллектуалдық бәсекеге қатысуы -шығармашылық байқауларға қатысуы -балалардың жетістіктерін ерекше тіркеп көрсетіп отыруы Нәтижелерінің көрсеткіштері: -оқытуда белсенді шығармашылық -алдағы іс-әрекетке мотив/себеп/қалыптастыру -білімнің түрлі қайнар көздерін пайдалану -оқушының күшті жақтарына сүйену -оқушының дербестігіне және дербес іс-әрекет жасауына сүйену -жеке тұлғаға бағытталған тәсіл ОҚУ ҮРДІСІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАР: № Аты-жөні Өтілетін тақырыптары Мерзімі 1 Аман Серік Фонетика, лексика, гамматика. Жыл бойы 2 Ахметова Малика Логикалық есептер Жыл бойы 3 Жанатай Ерсін Шешендік сөздер. Мақал-мәтелдер. Жұмбақтар Жыл бойы 4 Шарапиденов Нуржас Адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынасы Жыл бойы ОЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖОСПАР ШАРАЛАРЫ. Тестілеу тапсырмаларыМәтінді аудару жұмысыӨлеңді мәнерлеп оқуШығармаға дайындықМазмұндама дайындықГрамматикалық жұмыстарға талдау жасау.