Презентация Д?ниетану п?нін о?ыта отырып,о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту шы?армашылы? ж?мыс


Дүниетану пәнін оқыта отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту (шығармашылық жұмыс)

Өзектілігі:Табиғат байлығының мән-мағынасын түсініп, оны орынды, үнемді, тиімді пайдалану шеберлігіне адам баласы білім мен біліктілік арқылы жетеді. Бұл сияқты қоғамдық өмір талабына икемділік, бейімділік, шеберлік, білімділік оқушыларға бастауыш сыныптағы дүниетану пәні материалдарын оқыту арқылы қалыптаса бастайды. Қазіргі таңда ғалымдар жер бетінде табиғат байлықтарының сарқылып біту алдында тұрғанын айтып жар салуда. Осы орайда осынау бағалы ресурстарды тек кәдеге жаратып қана қоймай, оны пайдаланудың ең тиімді жолдарын анықтау үшін оқушыларды жастайынан бастап тәрбиелеу керек. Мақсаты:Оқушылардың белсенділігі мен танымды іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру. Оқу үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау. Міндеті: Адамзат құндылығын бағалай алатын елжандылық қасиеттерін санасына ұялатқан, азаматтық қоғам алдындағы міндеттері мен құқықтарын сезінетін білім-білік дағдылыларын меңгерумен қатар, ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті жоғары, өзгермелі өмірге икемді, жан – жақты дамыған , жеке тұлға қалыптастырумен қатар, оқыту үрдісінің тиімділігін арттыру, оны ғылыми негіздеу арқылы педагогикалық-психология заңдылықтарына сүйене отырып шығармашылықпен жұмыс істеу. Күтілетін нәтиже: Қоғамымызда табиғатты сүйе білетін, қайырымды, мейірімді, өзін-өзі тани алатын, байқағыш, үнемді, табиғат құндылығын түсінебілетін тұлға тәрбиеленеді. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артады, білім сапасы көтеріледі, логикалық ойлауы, шығармашылық іс-әрекетке қабілеті артады. Жоспары: І Кіріспе ІІ Негізгі бөлім:2.1.Бастауыш сынып оқушыларының қабілет түрлері.2.2.Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары2.3. Бастауыш сыныптарда дүниетану пәні бойынша оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту ІІІ Қорытынды  КіріспеБүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, жаратушы да.Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық — бүкіл тірішіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, қоғамды ойландыруы тиісті деп ойлаймыз. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдардың ғана қолынан келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатылары болып саналатын бастауыш мектептің орны ерекше. ІІ.Негізгі бөлім: 2.1. Бастауыш сынып оқушыларының қабілет түрлері.Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы — ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Біздің ойымызша, бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет.Осыған орай, ғалымдар жүргізілген тәжірибе барысында, барлық пәндердегі білім мазмұнында оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, оқулықтарда берілген тапсырмалардан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей қолдану т.б. сияқты оқушыны іскерлікке, дербестікке баулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым-қатынысқа түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі ететіні нақтыланды. 2.2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын «шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты — бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке еркешеліктері дей келе, олар қоғамдық-тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.Демек, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Қабілеттер мәселесін қорытындылай келе, педагогикалық практика үшін мәні ерекше мына жағдайларға айрықша тоқталу жөн. Бірінші — адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы. Қабілеттердің бірдей емес екендігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілетті болатындығымен дәлелдеуге болады. Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салғанды тәуір көреді. Олардың қабілеттерінің құрылымы да, оны құрайтын компоненттер де әр түрлі болады. Мәселен, математикалық қабілеті басым балаларда ойлау операциялары тез, дәл болады да, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда нақты заттардың бөліктерінің ара қатынасын жылдам анықтай білу сияқты белгілер басым болады. Музыкаға қабілетті бала есту, ритмді түсіну, сезімталдық сияқты сапаларымен ерекшеленеді. Екінші — адамдар бойында қабілеттің бір түрі ғана бола ма, әлде әр түрлі қабілеттің белгілері бола ма деген сауал төңірегіндегі пікірлер жайлы. Ғалымдар керісінше көзқарастардың бар екендігіне қарамастан, адам бойында әрекеттің бірнеше түрін оындай алу мүмкіндіктерін бар екендігін дәлелдейді. Мысалы ақындығымен қатар музыкаға, суретке қабілетті адамдар.Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.Олар: Репродуктивті — іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі. Шығармашылық — жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.«Шығармашылық» сөзінің төркіні, этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», — деп түсіндіріледі. Ал көрнекті психолог Л.С. Выготский «шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған».Шығармашылық — өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне, белгілі бір шарттар орындалған жағдайда, кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда. 2.3. Бастауыш сыныптарда дүниетану пәні бойынша оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.Дүниетану пәні — жоғары сыныптардағы биология, география, физика, химия, тарих пәндерінің бастамасы. Ендеше, бұл пәндердің негізі бастауыш сыныпта қаланады да, бастауыш сынып мұғалімдерінің мойнына ауыр жүк артылады. Осы себепті дүниетану сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып отыру қажет. Жалпы оқушылардың шығармашылығын дамытуда Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы мен «Дамыта оқыту» технологиясын тиімді деп есептейміз және сабақтарымызда жиі Қолданамыз. Енді сол жұмыстарымыздың кейбір түрлеріне тоқталып өтейік. I слайд: Судың 3 күйі, оны пайдалану мақсаттары туралы суреттер көрсетіледіСу. Судың қасиеті. Бұл тақырыпты өту барысында оқушыларды 3 топқа бөлемін. Тәжірибелер жасау барысында оқушылар судың түссіз, мөлдір екеніне, оның ағатынына, жұғатынына, жабысатынына және табиғатта 3 күйде кездесетініне көздерін жеткізеді деп төмендегідей кластер құрастырады:Сабақты қорыту мақсатында әр топқа тапсырма беремін:I топ - эссе жазадыII топ - сурет саладыIII топ - өлең шығарадыЭССЕ «Су - тіршілік көзі»»Бізге су өте қажет. Су болмаса біз өмір сүре алмаймыз. Біз суды күнделікті өмірде пайдаланамыз. Су түссіз, мөлдір болады. Сусыз жануарлар да тіршілік ете алмайды, өсімдіктер де өспейді.Сондықтан суды үнемдеуіміз керек.5 жолды өлең:СуМөлдір, түссізАғады, жұғады, жабысадыОл бізге өте қажетСусын II слайд: Ормандағы тіршілік көрсетілген сурет бойынша Өсімдік пен жануарлардың байланысы.Оқушыларға ой тудыратын сұрақ қоямын: Егер адам осы ағашты кесіп алып тастаса не болар еді? III слайд: Шәйнек, инелік, бұлбұлдың суреті көрсетіледіАдам мен табиғаттың байланысы.Біз табиғаттан не үйренеміз?Шәйнектің қайнауына қарап, паровозды ойлап тапқан.Инелікке қарап тікұшақты ойлап тапқан.Бұлбұлдан ән айтуды үйренген. IV слайд: Ағаш, құс, жел, күн, бұлт пен жаңбыр суреттерін пайдалана отырып Өсімдікке не қажет? (ертегі құрастыру),ауа,су және жарық ауасыз жер бетінде тіршілік жоқ, суреттің көмегімен әңгіме құрастыру Ерте, ерте, ертеде ... осыдан көп жыл бұрын ... су болмапты. Құстар шөлден каталапты, ағаштар қурап, гүлдер солыпты. Шаршаған кұс желден көмек сұрайды, көмектесуге уәде берген жел күнге келеді. Күн көлдердің суын қыздыра бастайды. Су тамшылары буға айналып, аспанға көтерілді. Ол жерде тамшылар бір-бірімен косылып, бұлтқа айналды. Бұлт жерге жаңбыр болып жауады, жер рахаттана демалады. Жаңбыр суына шөлі қанған өсімдіктер мен құстар куанады. V слайд Венн диаграммасы(кез-келген екі затты салыстыру) VI слайдББҮ кестесі (кез келген тақырып) Не білемін?Не білгім келеді?Не үйрендім?    Нәтижесінде қоғамымызда табиғатты сүйе білетін, қайырымды, мейірімді, өзін-өзі тани алатын, байқағыш, үнемді, табиғат құндылығын түсіне білетін тұлға тәрбиеленеді. Қорытынды:Өзіміздің іс-тәжірбиемізді қорыта келіп, мынадай түйін түюге болады:Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артты. Оқушылардың білім сапасы көтерілді. Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс-әрекетке қабілеті артты. Осы жұмысты өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата-аналар таныстырылып, оларға ақыл-кеңес берілді. Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын қалыптастыруға, ата-аналармен ынтымақтасуға, оқытуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмегі тиері сөзсіз.Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкірттеріміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеттері жоғары деңгейге көтеріледі. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:  Ұстаздық шығармашылық Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 2007 ж. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 1999 ж. Математикадан қызықты тапсырмалар Ш.Х. Құрманалина, С.Ш.Сәрсенбаева,Р.Қ. Өміртаева6, Бастауыш білім журналы № , 2004 ж. Математиканы оқытудағы методикалық көмек М. Сәтімбаева Бастауыш сыныпта оқыту журналы № 1, 2, 2008 ж. Мен және бәрі, бәрі, бәрі Алматы, «Аруна», 2006 ж. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері, Алматы, 2004 ж. Бастауыш мектеп журналы, № 1, 2006 ж. Что такое развивающее обучение Н.В. Репкина «Пеленг», 1993 Педогогическая риторика Пермь, 1995 Оқушыларға тіліді меңгерту жолдары Алматы «Ана тілі», 1997 ж. Шешендік сөздер С. Негимов Алматы, «Ана тілі» 997 ж Назарларыңыз үшін РАХМЕТ!!!