Бастауыш сыныптар?а арнал?ан наурыз мерекесіне презентация ?лгісі
Мақсаты: балалардың бұрыннан алған білімдерін бекітуі,қазақтың салт-дәстүрі,ойындары және аңыз әдебиеті шығармалрымен таныстыруды одан әрі жалғастыруы,егеменді елдің отанжанды,белсендіазаматы болуға тәрбиелеу.Барысы:жүргізуші:1.Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын. 2.Ұлыс береке берсін, Пәле – жала жерег енсін.2-жүргізуші:1.Ұлыс бақты болсын, Төрт түлік ақты болсын. 2.Ұлы күні ұлыстың Басы болғай ырыстың.1-жүргізуші:Наурыз!Көктем!Гүл өмір! Қиындық қыспен қалып тұр, Үмітпен жүрек жанып тұр. Малдар төлдеп,қой қоздап, Сүттен бұлақ ағызған, Жаңа жылдың сипаты, Молшылыққа аңыз боп, Басталыпты Наурыздан.2-жүргізуші:Кел,Наурыз,тарихымдай ғұрпым асыл, Ақтарып тереңдерден жыр тумасын. Ұлыстың ұлы күні жыл басы боп, Көңілдің құсын көкке ұшырасың. 1-жүргізуші:Наурызым,сәби үні шаттығымсың, Өмірге нәр беретін бақ нұрысың. Ақсарбас шалып ылғи қарсы алатын, Мақтанамын ұлтымның салты үшін. 2-жүргізуші:Кел,Наурыз,келешекті жарқын шолып, Барыстай ұрпақтарға даңқың қонып. Қазақстан болғанда – Ғажапстан Қол соғып қуаналық халқым болып.1-жүргіуші:Әлбетте,Наурыз күні атқа мінген екі жігіт елді аралап жарапазан айтқан.Игі тілекпен әндете келген жарапазаншыларға адамдарбауырсақ,құрт,ірімшік ұсынып ,шапан жауып,белдеріне жібек орамалдар байлайтын болған.Ежелгі дәстүр үлгісін қыздар көрсетеді.Жарапазаншылар кіреді.Айтамыз жарапазан отбасыңа,Тілейміз денсаулықты бас-басыңа.Тілесек денсаулықты бас-басыңа.Амандық келер әр күн отбасыңа.Айтамыз жарапазан ауылыңа,Береке,бірлік берсін қауымыңа, Береке,бірлік берсе қауымыңа,Бас имес кімдер келіп ауылыңа.Айтамыз жарапазан еліңізге,Байлаңыз жақсы орамал белімізге,Байласаң жақсы орамал белімізге,Кетеміз мақтай – мақтай елімізге.Айтқанмен жарапазан тоямыз ба?Дәстүрін халқымыздың қоямыз ба?Дәстүрін халқымыздың біз ұмытсақ ,Дүниеде екі бірдей оңамыз ба?1-оқушы: Көктем сайын арда елеген Ана-Күнді,Дүбірлесін думаннан дала күллі.Салты солай Наурыздың ,ей адамдар,Туыстарша тойлайық Жаңа жылды.2-оқушы:Адал жандар мұны айып қылмасы анық,Сүйсінгенбіз сарапшыл сынға салып.Салты солай Наурыздың ,ей,адамдар,Құрдастарша ойнайық,сырласарлық. Мереке сәлемдесуден басталады. Ер адамдар қос қолдасып амандасса , әйелдер құшақтасып амандасады. Сәлемдескен кезде “Жасың құтты болсын ! ” , “Ұлыс береке берсін ! ” деген сияқты тілектер мен құттықтаулар айтылады 2-жүргізуші: Қымбатты қонақтар,баршаңызды жақсылықтың лебізіндей жыл құсымен бірге келер Наурыз мейрамымен құттықтаймыз.1-жүргізуші:Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамдары бар.Мәселен,діни мейрамы,мемлекеттік мейрам.Ал,Наурыз – қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы.Бұл- күн мен түн теңелетін көктем мен еңбек мерекесі.Халқымыз Наурызды «Жыл басы», «Ұлыстың ұлы күні»деп те атайды.Ән: «Наурыз-думан»2-жүргізуші:Наурыз шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы болып есептеледі.Самарқаннның көк тасы жібитін көктемнің шуақты шағымен тұспа –тұс келетін мерейлі мереке.Ұлыстың ұлы күнінде алты ай ақ шапанын айқара жамылып жатқан сайын далада алғашқы бәйшешек бүр жарып,көңіл көлін көктем самалы әлдилейді.Бұл күні Қызыр ата әр шаңырақтың табалдырығын аттап,тәуелсіз елдің әр отбасына береке – бірлік,таусылмас ырыс,шуақ шашқан шапағат пен қуатты денсаулық тілеп мінажат етері даусыз.Наурыз уыздай ұйыған тыныштық пен береке бірліктің бастау бұлағы тәрізді.1-жүргізуші:Қазақстан егеменді ел болғаннан бері халқымыздың рухани дәстүрімен ерекше маңызға ие болып айрықша аталып өтіледі.Осы көне мереке көктемнің келгенін ,табиғаттың оянғанын білдіріп,Жаңа жылдың басы ретінде туған Отанымыздағы барлық ұлттар мен ұлыстардың ықыласын біріктіріп,түрлі ұлттық салт – дәстүрлер ,туысқандық пен бір –біріне деген құрметті білдіреді.Наурыз әр үйге ізгі тілекпен келеді,оны Отанымыздың барлық халқы мерекелейді.3-оқушы:Қазақ елі Қызыр түні Жаңа жыл табалдырық аттап,үйге енгенде жалғыз шала сәуле болмас деп төрге қос шырақ жаққан.Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе,ол үй ауру –сырқау,пәле –жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін үй ішіндегі мүліктің шаңы қағылып,жуылып тазартылған.4-оқушы:Жыл бойы ақ мол,дән тасқан –тасқын,жауын-шашын көп болсын деп Қызыр түні ыдыс атаулыны ырысқа (тары,бидай,күріш),аққа(сүт,шұбат,құймақ ),кәусар бұлақ суына толтырады. Әжелер ортаға шығып шырақ жағып көрсетеді,алдын ала дайындалған ыдыстарды қажетті тағамдар менсуға толтырады. Ән: «Қазақы дастарханым» Дастарханға дәстүрлі ет тағамдары қойылады . “Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады !” деген сенім бар. дастархан басында жастар үлкендердіғң батасын алған. Бата- үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі . Ақсақалдар : “Ұлыс оң болсын ! Ақ мол болсын , қайда барса жол болсын ! ”- деп бата береді. 5-оқушы:Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша наурыздың 21-і түні даланы Қызыр ата аралайды екен.Сол себепті осы түн «Қызыр түні»деп аталады.Қызыр ата адамдарға дәулет дарытып,бақ қондыратын ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял ғажайып бейне . Жақсылықтың жаршысы,жаңа түскен күн нұрының рәмізі – Қызыр ата даланы кезіп жүріп назары жерге түссе оның тоң кеудесін жібітеді,ал тасқа түссе тасты ерітіп жібереді екен.Балаларға Қызыр ата қонаққа келіп бата беріп,бақ тілейді.жүргізуші: Наурыз күні жеті немесе тоғыз түрлі тағамнан (соғымнан қалған сүр ет,сүт,езілегн құрт,бидай,пияз,сәбіз ,ұн)қазан толы көже пісіріледі. 6-оқушы: Ашық болсын қас-қабақ, Таспен атқанды аспен ат. Бейтаныс та,таныс та Бүгін төрде бас қонақ. Арпа,бидай,тары бар, Қатық,малта ағы бар. Ішілетін ,жейтіннің Бұл көжеде бәрі бар. Ошақта көп шоқ әлі, Астың ауыр обалы. Астан артық ешкім жоқ, Қазан аузы жоғары,- деп жиналғандарға наурыз көже таратады.7-оқушы:Наурыз көженің сүр ет салып пісірілуі қыс тағамы етпен қоштасуды , ал құрамына ақтың қосылуы жас тағаммен қауышудың мәнісін білдіреді.Наурыз түнгі қасиетті дәмнен қадірменді адамдарға,жолаушылап кеткендерге сыбаға сақаталады.8-оқушы:Наурыз күнінің тағы бір есте қаларлық салтанаты бұл күн көрісуден басталса,ол жай ғана амандасу емес,осы көрісу арқылы адамдар бір –бірінЖаңа жылмен құттықтап қана қоймай,бір-біріне деген өкпелерін де кешірген.Қане,бәріміз құшақтасып амандасып өкпеміздіұмытпайық.Наурыз қыз кіреді.Наурыз қыз:Сәлеметсіздер ме,халайық?Тойларыңыз тойға ұлассын.Мейрамдарыңызға әдемі бір өлең оқып берейін және балалардың өнерін көрейін деп келдім.Бәйшешектей қар астынан табылған,Бар халықты қуанттың сен,Наурыз.Келер күннен бар үміті табылған,Көңілдерді жұбаттың сен,Наурыз.Тоғыз түрлі дәмнен жасап көжесін,Оған баптап құрт қатады әжелер.Мезгіл ғой бұл жинап алар ел есін, Ырзық болар тұқымыңды еге бер. Даңғың жетсін болашаққа зорайып , Береке мен құт әкелсін Наурыз.Ағарғаным көл суындай молайып,Қарық болсын халқың мынау, Наурыз. Кешке жақын жұрт үлкен айтысқа жиналады. Айтыс - домбырамен сүймелденетін ақындардың өлең жарысы. Оған үлкендер де , жастар да қатысқан . Наурыз айтыс- Жақсылық пен Жамандықтың, Суық пен Жылының , Жаз бен Қыстың айтысы . Ақындар таң атқанша айтысады. 5-оқушы:Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша наурыздың 21-і түні даланы Қызыр ата аралайды екен.Сол себепті осы түн «Қызыр түні»деп аталады.Қызыр ата адамдарға дәулет дарытып,бақ қондыратын ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял ғажайып бейне . Жақсылықтың жаршысы,жаңа түскен күн нұрының рәмізі – Қызыр ата даланы кезіп жүріп назары жерге түссе оның тоң кеудесін жібітеді,ал тасқа түссе тасты ерітіп жібереді екен.Балаларға Қызыр ата қонаққа келіп бата беріп,бақ тілейді.жүргізуші: Наурыз күні жеті немесе тоғыз түрлі тағамнан (соғымнан қалған сүр ет,сүт,езілегн құрт,бидай,пияз,сәбіз ,ұн)қазан толы көже пісіріледі. 6-оқушы: Ашық болсын қас-қабақ, Таспен атқанды аспен ат. Бейтаныс та,таныс та Бүгін төрде бас қонақ. Арпа,бидай,тары бар, Қатық,малта ағы бар. Ішілетін ,жейтіннің Бұл көжеде бәрі бар. Ошақта көп шоқ әлі, Астың ауыр обалы. Астан артық ешкім жоқ, Қазан аузы жоғары,- деп жиналғандарға наурыз көже таратады.7-оқушы:Наурыз көженің сүр ет салып пісірілуі қыс тағамы етпен қоштасуды , ал құрамына ақтың қосылуы жас тағаммен қауышудың мәнісін білдіреді.Наурыз түнгі қасиетті дәмнен қадірменді адамдарға,жолаушылап кеткендерге сыбаға сақаталады.8-оқушы:Наурыз күнінің тағы бір есте қаларлық салтанаты бұл күн көрісуден басталса,ол жай ғана амандасу емес,осы көрісу арқылы адамдар бір –бірін Жаңа жылмен құттықтап қана қоймай,бір-біріне деген өкпелерін де кешірген.Қане,бәріміз құшақтасып амандасып өкпемізді ұмытпайық.Наурыз қыз кіреді.Наурыз қыз:Сәлеметсіздер ме,халайық?Тойларыңыз тойға ұлассын.Мейрамдарыңызға әдемі бір өлең оқып берейін және балалардың өнерін көрейін деп келдім.Бәйшешектей қар астынан табылған,Бар халықты қуанттың сен,Наурыз.Келер күннен бар үміті табылған,Көңілдерді жұбаттың сен,Наурыз.Тоғыз түрлі дәмнен жасап көжесін,Оған баптап құрт қатады әжелер.Мезгіл ғой бұл жинап алар ел есін, Ырзық болар тұқымыңды еге бер. Даңғың жетсін болашаққа зорайып , Береке мен құт әкелсін Наурыз.Ағарғаным көл суындай молайып,Қарық болсын халқың мынау, Наурыз.жүргізуші : 1. Қазақстанның бұрынғы астанасы Ақмешіт қазір қалай аталады ?2. Жеті қазына ол не ? 3. Дулығаны кім киеді ?4. Киіз үй сүйектерін ата 5. Ноқта деген не ? 2- жүргізуші : Әдетте Наурыз күні адамдар бақай қулық, пендешілік атаулыдан арылып , өзінің ар-ожданы алдында есеп беруі керек. Наурызда «Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық нар адамның ісі » , «Таспен атқанды аспен ат» , «Ұлыс күні алдына келсе атаңның құнын кеш» деген нақылдарды жалау еткен ақсақалдар араға жік тұсіп , ренішті болған адамдарды , ағайын , дос- жарандарды бірдастарханнан дәм таттырып татуластырып отырған. Күй «Әлқисса» 13-оқушы:Кел төрлет,есік ашық,Наурызым,Мол болып,берекелі ақ уызың.Шалқыған шаттық әкел әр ошаққа,Сыйлашы ел-жұртыңа жан қызуын.14-оқушы:Жаңа жыл,жаңа тарих баспалдағы,Алатын асуларын асқардағы.Қазақтың кең көсілген даласындаЖазылсын болашақтың дастандары.Той әрқашан да күлкі думаны. Осы Наурыз мерекесінің құтты қонағы Қожа,Алдар,Тазшалар әрқашан халық ортасында.Қожанасыр,Алдаркөсе,Тазша бала келеді.Қожанасыр:Уа,бәрекелді,бәрекелді.Ұлыстың ұлы күні келгеніміз қандай жақсы болған.Алдар,Тазша елге сәлем берейік.(Үшеуі сәлемдеседі)15-оқушы:Жоғары шықсын қонақтар,Келіп тұрған алыстан.Жақсылықтың жолындаЖан аямай алысқан.Сіздердің әділ істеріңҒасырлар бойы тынбайды.Аңыз,дастан,жырларданЖастар әлі тыңдайды.Тазша: Балалар,біз жай қыдырып жүрген жоқпыз,ұлттық дәстүр ән-жырды ел есіне түсіріп,жастарға таныстырып жүрміз.Сіздерге де «Бүркіт»деп аталатын бір қызық ойын ала келдік.Ал,кәне,болашақ қырандар,бері келіп бақ сынаңдар.Ойын шарты:ойнаушы жүресінен отырып,екі аяғының аралығынан екі қолын жерге тіреп,еңкейіп жердегі орамалды түйіншегінен аузымен іліп алуы керек.Бұл ойын екі білектің күшін сынауға арналған.16-оқушы:Қоғамдық өмір өрістеп,Сан ғасыр зулап өтсе де.Наурыз тойын теріс деп,Айтпаған ешкім әйтсе де.17-оқушы:Өйткені оның бойында Еңбек,бірлік,достық бар.Халықтық дәстүр ойынғаБолмақшы емес орын тар.18-оқушы:Ақ көңіл,адал ниетпен,Толқынды жас жүрекпен.Болашаққа сенетін,Жарқын ой,жаңа тілекпен.19-оқушы:Наурыз жырын жырлаймыз,Онымен де тұрмаймыз.Шыңдалып жеткен бұл күнгеЕл дәстүрін сыйлаймыз. 20-оқушы:Дүниеге нәресте келді. «Туғанда дүние есігін ашады өлең»деп Абай атамыз жырлағандай бала дүниеге келген күні жұрт жиналып,шілдехана жасаған.Көріністі бірінші отбасы көрсетеді.21-оқушы: Сәби дүниеге келіп,кіндігі түскеннен кейін аузы дуалы қарияға азан шақыртып,бала ат қойғыздырған.Бүгін екі отбасында сәбиге ат қойылады.22-оқушы:Қаз тұрып ,тәй-тәй жүре бастаған баланың ата-анасы оның тұсауын кескізген.Үшінші отбасы тұсау кесу рәсімін көрсетеді. Ұл баланы сүндетке отырғызуды қазақ халқы өзінің басты бір парызы санаған.Ал ауылдастар сол сүндетті құрметтеуді имандылық деп білген.Төртінші отбасы сүндеттойға шақырады. Ата-ананың өбегі мен аялы алақанның жылуында өсіп,бүлдіршіннің білім әлеміне алғаш қадам жасауы үлкен қуаныш.Бесінші отбасы сол қуанышын ауылдастарына жариялайды.2-жүргізуші:Жиналған құрметті қауым,Наурыз меркесіне арналған ертеңгілігімізді тамадаймыз.Келесі Наурызда да төрт көз түгел,уайым –қағысыз амандықпен кездесейік.Бас аман,бауыр бүтін болсын.Өмір бағы жайнасын,Бақта бұлбұл сайрасын.Тыныш болсын даламыз,Таза болсын ауамыз.Түгел болсын нуымыз,Тұнық болсын суымыз.Қатыгездік жоқ болсын,Ырысымыз көп болсын.Төртеуі бірге:Кел,Наурыз,Жондағы мұзШуағыңмен ерісін.Гүлім жанып.Тілім байып,Тынысым бір кеңісін! Сөз жарысын жақсылықты дәріптеген ақын жеңеді. Мерке қызған кезде жастар алтыбақан жанында ұлттық ойындар ойнайды. . Ән айтып , би билейді . Той тоға ұласады. Міне, Наурыз мерекесі осылай тойланады. Қыдыр бабаның Наурыз тойына берген батасы.Уағалейкум ас салам!Кеңпейілді қазақ елім!Кемелденген ғажап елім!Ұлыс күні құтты болсын!Ел іргесі мықты болсын!Бақыт әкеп ұлыс күні,Баянды боп тыныштығы,Әнші құстар баққа қонсын!Алтын табақ аққа толсын!Шаттығының сәтті күнін ,Татулықтың тәттілігін,Көрсін ұрпақ қайырымды!Бұлт шалмасын ай-күнімді!Жаңа күнім жадырасын!Төл көбейіп жамырасын!Еккен егін өнімімен,Еңбегінің сенімімен,Тірлігінің жемісімен,Бірлігінің жеңісіменБағы жанып кәрі –жастың,Басынан бақ арылмасын!Орындалып ойларымыз,Тойға ұлассын тойларымыз!Әумин!