Биология п?нінен Аралар мен ??мырс?алар-?о?амды? буна?денелілер та?ырыбы бойынша презентация


Сабақтың тақырыбы:Аралар мен құмырсқалар -қоғамдық бунақденелілер  ИмагоЗұламатбаларабұзаубасқандалаэнтомологияТопырақта өмір сүретін     Суда өмір сүретін      Ересек жәндік     Кеміріп жалаушы      Паразит      Бунақденелілерді зерттейтін ғылым      Сематикалық карта++++++


 ШыбынбаларамасақоңызкөбелекСүзіп жалаушы     Шаншып сорушы     Кеміруші     Кеміріп жалаушы     Түтік тәрізді ауызбен сору     Сематикалық карта+++++


{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}3700 00036335 «Таза тақта» ойыныэнтомологиятрахеяМальпиги Жаушоғыл


«Миға шабуыл» ойыны1.Бунақденелілердің қанша түрі бар? 2. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым3.Бунақденелілер класында қанша отряд бар4. Зәр шығару жүйесі5.Көкірек бөлігінде не орналасқан? 6. Бунақденелілердің дамуы қанша жолмен жүреді.7. Бунақденелілер қанша аяқты? 8. Бунақденелілердің денесі неше бөліктен тұрады?9. Бунақденелілердің тыныс алу мүшесі10.Ересек жәндік қалай аталады? Жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылым этология деп аталады Құмырсқалар мен аралар жер шарында кеңінен таралған. Құмырсқа Қиыр Солтүстікпен ,Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 12 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі. Құмырсқаларды зерттеумен айналысатын ғылым -мирмекология деп аталады. Аралар мен құмырсқалардың денелік мүшелері басқа жәндіктермен бірдей, сыртқы хитиндік қабықшасы бар. Ол экзоскелет деп аталады.Экзоскелетің маңызы денесінің ішкі мүшелерін қорғау Құмырсқаның табиғаттағы орныҚұмырсқаның да табиғатта өз орны бар. Өмір сүру қағидаларын зерттеген ғалымдардың айтуынша, жер бетіндегі хайуаннаттар арасында «патшалық» құрған, қоғамдық құрылыстың ережелеріне бағына білген осы құмырсқа «мемлекеті» көрінеді. Тіпті әулет әулетімен өмір сүреді, әке-шешесі бар. «Кішілері» «үлкендеріне» бағынады. Біз күнде аяғымыздың астында безектеп жорғалаған сол жәндіктердің нақты бір мақсатпен, белгілі «тапсырмамен» жүретінін біріміз білсек, біріміз білмейміз.   Құмырсқаның құрылысыДенесі: бас, көкірек және құрсақтан тұрады.Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген,ауыз аппараты "кеміргіш". Басында екі фасеттік көзі орналасқан.Ол көп кішкентай линзалардан құралады.Фасеттік іс-қимылды түгелімен көрмейді. Одан басқа да үш көзі бар.Олар күн сәулесінің жарықтану деңгейін көреді. Құмырсқалардың көбісі нашар көреді, ал кейбір түрлері соқыр болып келеді. Мұрты екеу. Олар иіс,дәм, сезу жұмысын атқарады және бір-бірімен қарым-қатынас етуге көмектеседі.Көкірек бөлімі жіңішке.Онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген.Әр аяғының басында қармақтүрлі тырнақ бар.Ол құмырсқаның жорғалақтап тіке тұрған заттарға мінуге көмектеседі. ы Құмырсқалар туылғаннан бастап,өлгеніне дейін әркім өз қызметін қалтқысыз орындайтын қоғамдық өзара қатынастар жүйесінде өмір сүреді.Құмырсқа илеуінде көпшілік жағдайда қызметі жағынан құмырсқалардың 3 маманданған тобы:1) жыныстық топ (аталық және аналық құмырсқалар): бұлар көбею, қоныс аудару қызметін атқарады;2)ұя салу,жыныстық құмырсқаларды және жұмыртқалар мен ұрықтарды күту, қорек жинап әкелу сияқты жұмыстарды орындайтын жұмысшы құмырсқалар;3) тіршілігін ұяда өткізетін, жұмысшы құмырсқалар жинаған дәндерді жұмсартып, езіндіге айналдыратын және ұяны жаулардан қорғайтын жауынгер құмырсқалар болады.Құмырсқаның түрлеріҚоғамдық бөлінуі Болашақ аталықтар мен аналықтар шағылысу алдында Аталық құмырсқалар шағылысудың алдында туылады. Ұрықтану процессі біткен соң өледі.Аналық құмырсқа басқаларына қарағанда дене тұрқы әлде қайда ірі және оның қанаты болады.Ұрықтанғаннан кейін қанаттарын жойып, тек ұрпақ жалғастырады.Олардың өмірі 12 ден 20 жылға дейін созылады.Жас аналық құмырсқа өзара илеу құруға немесе өз илеуінде қалуға мүмкіншілігі бар.Кейде жас аналық құмырсқаны басқа илеуге қабылдайды.Өзара илеу құратын жағдайда жас аналық құмырсқа болашақ илеудің орнын таңдап, қазып бірінші камерасын дайындап жұмыртқа салуын бастау қажет.Бірінші кезде жұмыртқа салу үшін көп күш жұмсайды Құмырсқа қуыршақты көтеріп құтқаруы Коконның ішіндегі құмырсқа ҚоректенуіҚоғамдық бұнақденелілер қоректің қорын көп дайындайды. Негізгі қорегі басқа жәндіктер, олардың дернәсілдері және өсімдіктердің жапырақтары мен тұқымдары, шырындары. Бір илеудегі құмырсқалар тәулігіне 10 мыңнан 30 мыңға дейін жәндіктерді жояды.  Құмырсқаға шақтыру арқылы адамдар аурулардан айығады Кей елдерде тағам ретінде де қолданады Ара,үй арасы, бал арасы –жарғаққанаттылар отрядының өкілі. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Ара топталып, үлкен ұя болып тіршілік етеді. Бір ұяда бір ұрғашы Ара. (аналық Ара), бірнеше жүз еркек Ара және ондаған мың (100 мыңға дейін) «жұмысшы» Ара болады. Ұрғашы ара ұяда ұрпақ өсіреді. Ол аралардың ішіндегі ең ірісі, жыл маусымына қарай денесінің ұзындығы 20 – 25 мм, ал салм. 150 – 300 мг-ге жетеді. Тәулігіне 2 – 3 мың, маусымына 200 мың ұрықтандырылған жұмыртқаға дейін (кейде ұрықтандырылмаған жұмыртқа да) салады. Ұрықтанған жұмыртқадан ұрғашы, жұмысшы және аналық Аралар, ал ұрықтандырылмаған жұмыртқадан тек еркек Аралар ғана шығады. Ара балы, бал – жоғары калориялы диеталық тағам. Жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығарған өнімі, қоймалжың, тәтті сұйық. Ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді. Бір шырынды бал – тек өсімдіктің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктің түріне (қарақұмық балы, жөке ағаштың балы, т.б.) қарай атайды. Көпшырынды бал – өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Мұндай балды табиғи бал беретін өңірлерге байланысты (дала балы, тау балы, бақ балы, т.б.) әр түрлі атайды. Балдың химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, топырағына, ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне байланысты болып келеді.    Жер бетіндегі ең ежелгі жәндік (жасы жағынан) құмырсқа болып табылады.  Жәндіктің бұл түрі жер бетінде қанша жас жасағанмен, анатомиялық өзгерістердің ауылынан қашық болып,  жүз миллион жылғы күйінен еш ауытқымай тіршілік жасап келеді. Сен білесің бе? Бал беретін құмырысқа-ларда бар.Олар бал жинау кезінде аралар сияқты жер кезіп нектар жинайды,балы қышқыл болады.Құмырысқа балынан салқын сусындар емдік дәрі-дәрмектер жасалады.Бал жинағыш құмырысқалардың құрсағы торсықтай болып ұлғайып кетеді,жергілікті халық оларды «бал бөшке» деп атайды. Құмырысқалар да бал береді. Балбөшке құмырсқа Құмырсқалар жүрген іздерінде құмырсқа қышқылынан (феромон) тамшы қалдырады, сол иіс бойынша адаспай бір-бірін табады. Орманда тіршілік ететін құмырсқалар ағашқа өрмелегенде де бірінің артынан бірі тізіліп жорғалайды, мұнда да құмырсқа қышқылы көмектеседі. Құмырсқалар сөйлесе ме? Құмырсқалардың қоғамдық өміріне қызыққан голивудтық продюссер1998 ж «Анти» мультфильмін түсірген. Мұхтар Мағауин құмырсқалар өркениеті мен қызыққа толы құрылымы жайлы “Құмырсқа-қырғын” әңгімесін жазды. Қытайда бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған “Бың Цау Гаң Му” кітабында құмырсқаның қасиеті туралы қызықты деректер келтірілген.Құмырсқалар туралы Міндеттері:Кластерлер 1-топқа 2-топқаАралар Міндеттері:ВЕНН диаграммасыерекшеліктері ұқсастығы ерекшеліктері Жаңа сөздермен жұмыс М Э Т Ф Э Мирмакология Этология Трутень Феромен Экзоскелет


Өрмекші торы Қорытынды Құмырсқа «патшалығының» мызғымастығын қамтамасыз етіп келе жатқан қасиеттерінің бір себебі-алдында айтып кеткеніміздей бүкіл құмырсқалардың тіршілік әлемі «патшаға» бағынатындығы.Миллиондаған жылдар өтсе де, құмырсқаның қандай түрі болса да, өзгеріссіз қалған. Оны басты себебі-бірлікте, ынтымақта! Олардың өзара бірігіп, өмір сүруінде. Қорытындылай келе мен барлық адамзат құмырсқа секілді ынтымақта, бірлікте өмір сүрсе екен деймін, әрі асқан қанағатшыл болса екен деймін. Үйге тапсырма Аралар мен құмырсқалар ырымдар мен болжаулар жазу

Құмырсқаның қанағаты(аңыздарға көз жүгіртсек) Құмырсқа «патшалығының» мызғымастығын қамтамасыз етіп келе жатқан қасиеттерінің бір себебі - алдында айтып кеткеніміздей бүкіл құмырсқалардың тіршілік әлемі «патшаға» бағынатындығы. Миллиондаған жылдар өтсе де, құмырсқаның қандай түрі болса да, өзгеріссіз қалған. Оның басты себебі – БІРЛІКТЕ, ЫНТЫМАҚТА! Олардың өзара бірігіп, өмір сүруінде. Қорытындылай келе мен барлық адамзат құмырысқа секілді ынтымақта, бірлікте өмір сүрсе екен, қанағатшыл болса деймін.