Презентация на тему ?ткізгіштерді тізбектей ж?не параллель жал?ау 8 сынып


Физика 8 сынып САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: §41.Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау Сабақтың мақсаты:1.Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауды түсіндіру.2.Ойлау қабілетін, танымын, өткізгіштердің тізбектей және параллель жалғауын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып оқушыларға жеткізу.3.Оқушының ғылымға деген қызығушылығын арттыру; еңбекке, ұжымшылдыққа, халық дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта, “өткізгіштер“(слайд), электр тізбегінің сызбаларыТипі:Жаңа тақырыпты меңгертуТүрі:Аралас сабақӘдісі:Ауызша түсіндіру, эксперименттік жұмыстар, тесттер, есеп шығару Сабақтың барысы: I. ҰйымдастыруII. Жаңа сабақты түсіндіруIII. Жаңа сабақты бекітуa) эксперименттік жұмыстарb) есептер шығаруIV. ҚорытындылауV. Үйге тапсырма беру I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендеп, жаңа сабаққа дайындау II. Жаңа сабақты меңгерту:Техника және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, электрқозғалтқыштары және т. б. қолданылады.Олай болса оқушылар өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастырайық. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды. Бір секундта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы бірдей мөлшердегі еркін заряд тасушылар өтсе, өткізгіштерді тізбектей жалғағанда, өткізгіштердегі ток күшінің шамасы бірдей болады. Алайда өткізгіштің ұштарындағы және кернеулері әр түрлі. Тізбектің әрбір бөлігіне Ом заңын қолданамыз. Демек, . ; ; екенін ескере отырып: аламыз. Егер арқылы өткізгіштердің жалпы кедергісін белгілесек, онда . Тізбектей жалғанған бірнеше өткізгіштен тұратын тізбектің кедергісі жеке өткізгіштер кедергілерінің қосындысына тең. Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады: ; ; Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштердің параллель жалғау деп атайды. Электр тізбегінің екі өткізгіштен артық өткізгіштер түйісетін нүктесін түйін (суретте А және В нүктелері) деп атайды. Тізбекті параллель жалғағанда, екі параллель арнаға тармақталған су ағыны тәрізді, ток өткізгіштер бойымен тармақталады. және тармақталған ток күштерінің қосындысы тармақталмаған бөлігіндегі токтың шамасына тең, яғни . Ом заңының негізінде бірінші өткізгіштің ұшындағы кернеу: , ал екінші өткізгіштің ұшындағы кернеу: болады. және бір-біріне тең, себебі, олар А және В бір ғана нүктелердің (түйіндердің) арасындағы кернеу болып табылады, осыдан екендігі шығады.Жоғарыдағыны ескеріп және жалпы кедергіні арқылы белгілей отырып, , формулаларын аламыз. Бұл формулалардың оң және сол жақ бөліктерін қосамыз, сонда немесе . Демек, немесе .Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады. ; ; . III. Жаңа сабақты бекіту Көрсетілген схема бойынша тізбек құраңдар! 20-жаттығу1. Суретте тізбектей жалғанған үш өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі өткізгіштегі кернеудің төмендеуі . Кедергісі болатын өткізгіштің кернеуін және олардың ұштарындағы кернеу 120 В болғандағы өткізгіштің кедергісін анықтаңдар. Берілгені: Табу керек: -? Жауабы: 16 В, 480 Ом 2. Суретте параллель жалғанған екі өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі өткізгіш арқылы ток өтеді. ток өткендегі өткізгіштің кедергісін анықтаңдар. Берілгені: Табу керек: - ? Жауабы: 275 Ом 3. Кедергілері 20 Ом және 30 Ом болатын екі резистор кернеуі 24 В электр тізбегіне жалғанған. Тізбекке екі резисторды тізбектей және параллель жалғағандағы ток күші қандай? Берілгені: Табу керек: - ? - ? Жауабы: 0,48 А; 2 А. Сабақты бекіту сұрақтары: Шамалар Физикалық шамалар Белгіленуі Өлшем бірлігі Ток күші Кернеу Кедергі Меншікті кедергі Формулалар Шамалардың арасындағы байланыс Формуласы Өлшем бірлігі Ом заңы Өткізгіштің кедергісі және оның өлшем бірліктері Электр қозғаушы күш Тұтынушы 0,4 0,8 1,2 1,6 0,05 0,10 0,15 0,20 Сапалық есептерден сұрақтарАккумуляторды зарядтау кезінде оның қақпақтарын ашып қояды неге?Жауабы: аккумуляторды зарядтау кезінде сутегі мен оттегі бөлінеді. Егер қақпақ ашылмаса жиналған газ аккумуляторды жарып жіберуі мүмкін.2. Қараңғыда қант сындырғанда әлсіз жарқылды байқауға болады. Осыны түсіндіріңдер.Жауабы: Қант сындырғанда зарядталады.3. Неге электр сымдарына қонып отырған құс, жоғары кернеуді қосқанда ұшып кетеді?Жауабы: Электростатикалық өрістен құс қауырсындары өзара әсерлесіп аралары ашыла бастайды. Осы қолайсыз әсер құстың ұшуына себеп болады.4. Электр желісіне ұшып келіп қонған құсқа токтың әсері неге білінбейді?Жауабы: Құстың денесі мен оның аяқтары арасындағы өткізгіш бөлігі өзара параллель. Мұндай тізбектегі ток күші кедергіге кері пропорционал құс денесінің кедергісі АВ өткізгіш кедергісінен анағұрлым артық болатын, ондағы ток күші аз. Ол құсқа қауіпті. IV.Сабақты қорытындылау №1. «ӨТКІЗГІШТЕР»Сөзжұмбағын құрастыру;№2. Оқушылар біліміне қарай бағалау. V.Үй тапсырмасы: 1. §41 оқып келу2. 20 жаттығудағы №4 - №6 есептерді шығарып келу.