Презентация к уроку истории Казахстана на тему: 1867-1868 жылдарда?ы реформаны? дайындалуы


1867-1868 жылдардағы реформаның дайындалуы Патша үкіметі 1867-68жж Қазақстан жерінде әкімшілік реформа жүргізді.Мақсаты: сұлтандар тобын өкімет билігінен ығыстырып,жалпы империялық басқару тәртібін енгізу.Патша – өкіметі қазақ даласын тупкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік этникалық ұйтқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. Оның алғашқысы – 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу, жүйесіндегі протектораттық дәуір (кезең), яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргізу болды. Бұл кезде патша өкіметі ел билеудің бұрынғы хандық жуйесін сақтап, оның ішкі тірлігіне араласпай, қазақ елін өзіне жағынып бағынышты болған хандар арқылы басқарды.Патша өкіметінің қазақ елінің басына тәуелділік ноқтасын біржолата кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін созылды. Сөйтіп, патша өкіметінің отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталды. Бұл кезде ол әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті шаруаларды қонысынан қуа бастады. Олардың орнына ішкі Россиядан жоқшылыққа ұшыраған орыс босқындарын әкеп орналастырды. Отарлаудың осы әскери — әкімшілік кезеңінде әскери бекіністердің іргесі қалана бастады. Оларды тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды.Бұдан кейін (үшінші кезең) отарлау саясатының ежелден қалыптасқан ескі тәсілдерінің бірі – отарлаушы елдің ішкі қуат көзі – этникалық тұтастығынан айырып, қандас, бауырластар арасына іріткі салу мақсатымен патша өкіметі енді қазақ даласын билеудің аға сұлтандық жүйесін жойып, оның орнына сатылап бағындыру жүйесіне негізделген мемлекет аппарат құрды. Бұл мақсатты патша өкіметі 1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы жүзеге асырды.Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады.1865 жылы Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды.1867 жылы II Александр Жетісу мен Сырдария облыстарын уақытша басқару, 1868 жылы Торғай,Орал,Семей,Ақмола облыстарын уақытша басқару жөнінде ережелерді бекітті. Реформа жүргізудің себептері1822-1824жж жүргізілген реформалар XIX ғ 60 жылдарына қарай бірте-бірте жарамсыз болып қала берді.Сондықтан реформа жүргізудің қажеттілігі туындай бастады.Өйткені,1-ші ден сұлтандар билігі әлі сақталып отырған еді.Олардың билігі патша өкіметінің Қазақстан аумағын тезірек отарлауына кедергі келтірді.2-шіден кезінде тиісті қабылданған Жарғылар әкімшілік-аумақтық бөлінуде қайта қосылған аумақтар бойыша сәйкес келмей қалды.3-шіден Ресейдің қарқынды дамып келе жатырған өнеркәсіптері үшін арзан шикізат пен жұмыс күші қажет болды.4-шіден ресейдің еуропалық бөлігіндегі жері жоқ орыстарды қазақ жерлеріне көшіру болды. Дала комиссиясының құрылуы1867—1868 жылдардағы патша үкіметі реформасының негізгі мақсаты — қазақ өлкесінде отаршылдық тәртіпті нығайтуға бағытталды. XIX ғасырдың екінші жартысындағы әзгерістер де бұған едәуір ықпалын тигізді. Капитализмнің кеңінен дамуы үшін де Қазақстандағы бұрынғы басқару жүйесін өзгерту қажет болды.Осы міндетті жүзеге асыру үшін XIX ғасырдың 60-жылдары басында қазақтардың саяси өкімшілік, сот ісін басқару жүйесін қайта құрудың жобасын әзірлеуге арнаулы комиссия құрылды.Комиссия Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторы қазақтарын екі түрлі басқаруды жойып, бүкіл қазақ даласын екі — Батыс және Шығыс облыстарға беліп басқаруды ұсынды.1864 жылы 12 желтоқсанда Әскери және Ішкі істер министрлігінің бас қосқан комитеті мәжілісінде жоба мақұлданбады. Қазақтарды болашақтағы басқару құрылымы мәселесін енді үкімет Дала комиссиясына беру қажет деген шешім қабылдады. Комиссияға ішкі істер министрінің статс-кеңесшісі, полковник Гирс төрағалық етті. Бұл Дала комиссиясының құрамына аталған министрліктердің әрқайсысынан екі өкіл және Орынбор өлкесі мен Батыс Сібір өлкелері әкімшіліктерінің мүшелері енді. Комиссияға қазақ даласын аралап, жергілікті көшпенділер өмірімен танысып, болашақтағы өкімшілік басқару негіздері туралы жоба жасау міндеті жүктелді.Гирс комиссиясы 1865 жылы 27 маусымда Орынбор, Батыс Сібір және Түркістан өлкесін аралауға шықты. «Халықтың жағдайын жақсартатын, оларды сұлтандардың үстемдігінен босататын ізгілікті реформаның» жасалу барысы құпия түрде жүргізілді.1867 жылы 11 шілдеде II Александр Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы, 1868 жылы 21 қазанда Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы реформалардың жобасына қол қойды.  Әкімшілік-аумақтық бөлініс1867—1868 жылдары Қазақстан аумағы 3 генерал-губернаторлық пен 6 облысқа кірді. Қазақстандағы отарлаушы әкімшіліктің жоғары өкілі — генерал-губернаторлар болды. Олар өлкенің бүкіл әкімшілік-полициялық аппаратын басқарды, яғни өз қарамағындағы аумақтың тыныштығына жауап берді. Басқаша айтқанда, Ресей империясының жоғары заңдарының орындалуын қадағалады, яғни 1867—1868 жылдары реформа бойынша Батыс Сібір, Орынбор, Түркістан өлкелерінің басшыларына неғұрлым басым құқықтар берілді:әскери қолбасшы, соның ішінде казак жасағының атаманы;кең түрдегі әкімшілік функция (уезд бастығын тағайындау, т.б.);сот функциясы (уездік соттарды бекітті). Әкімшілік басқару жүйесіндегі өзгерістерӘкімшілік басқару жүйесі жоғары дәрежеде әскери сипат алды.Ген-губернаторлар азаматтық және әскери билікті иелендіОблыстардың басына-әскери губернаторлар тағайындалды.Олар онымен қатар казак әскерлерінің атамандары болды Уезді уезд бастығы басқарды.Оларды ресей шенеуіктері арасынан әскери губернаторлар тағайындап отырды.Әкімшілік басқарудың ең төменгі сатысы-болыстар мен ауыл старшындары болды.Олар жергілікті ақсүйектерден іріктелініп алынды.Сұлтандар ауыртпалықтар мен салықтардан босатылды. 1867-1868жж Сайлау,салық,денсаулық және жер мәселесіндегі реформаларАуыл старшындары мен болыстар ақсүйек топтардан іріктеліп,сайлауда шар салу нәтижесі бойынша тағайындалдыҮміткерлер-жасы 25 тен асқан,сотты болмаған,құрметті болуы шарт болдыБолыстың 50 үй ішінен 1 адамнан сайланды.Ал ауылдың 10 үйінен 1адам сайлауга түсті Болыстар мен ауыл тсрашындары 3жылга сайландыБолыстарды губернатор,ауыл старшындарын уезд бастықтары бекітті.Сайланған ауыл старшындары мен болыстарға арнайы қоладан жасалған төс белгі мен мөр берілді.Оларға полицияның және тыңшылық қызмет міндеттелді. Қазыналық жүйе1867-68жж реформа бойынша Қазақстанның барлық аймағына біртұтас «түтін» салығы енгізілдіОл жыл сайын әрбір үй үйден ақшалай алынып тұрдыОрынбор мен Батыс Сібір ген-губерн.дағы қазақтар үшін 3 сомТүркістан ген-губерн.ғы қазақтар үшін 2 сом 75тиын болды. Мал санағы 3жылда бір рет өткізіліп тұрды.малын жасырғандар салық еке есе етіп салынды.Түтін салығын төлеуде Шыңғыс ұрпақтарына жеңілдік жасалды.Мұндай шаралар олардың үкіметке қарсы пиғылдарын өзгерту еді.Міндеттер: көпірлер мен жолдарды тегін жөндеп тұру,шенеуіктер тоқтайтын киіз үйлер әзірлеп тұру,мінетін ат-көлікпен қамтамасыз ету т.б Денсаулық сақтаудағы реформаӘр облыста облыстық дәрігер тағайындалдыӘрбір уезде 1 дәрігер,1 акушер болды.дәрігерге шешекке қарсы екпе егу тапсырылды.Ол науқастарға тегін көмек көрсетіп,дәрі-дәрмекпен тегін қамтыды.Қазақтар азаматтық және әскери орындарда дәрігерлік тексеріс ала алды.Бірақ дәрігердің жеткіліксіз болуы балалардың өлімі көп болды. Жер мәселесіҚазақтардың қоныстанған жері мемлекеттің меншігі саналды.Ол жерлер қазақтарға қоғамдық пайдалану құқығы берілді.Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінен көшіп келеген орыс шаруаларын орналастырды.Қоныс аударушыларға орасан зор жеңілдіктер жасалды.