«?анаты?ды ке? серпі!» универсиада 2017


«Қанатыңды кең серпі!» «Қанатыңды кең серпі!» Сабақтың мақсаты:қазақстандық спортшылардың олимпиададағы ерлік істерін,отансүйгіштік қасиеттерін мақтан етуге, оқушылар бойларына патриоттық сезімді сіңіре білуге тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі:Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері қатынасқан олимпиада алған жүлдегерлерді слайд арқылы көрсету. Студенттік спорт тарихы 1905 жылдан басталады. Осы жылы АҚШ-та студент жастардың алғашқы халықаралық жарысы өтті. Бірінші Дүниежүзілік студенттік ойындар 1923 жылы Парижде ұйымдастырылды. Алайда, Универсиада деген атау алған алғашқы спорт жарысы 1959 жылы Италияның Турин қаласында өтті. Содан бергі кезеңде Универсиада әлемдегі ең айшықты халықаралық бұқаралық спорт және мәдени оқиғалардың біріне айналды. Универсиаданың бір мақсаты – спортты білім беру жүйесінің маңызды элементтерінің бірі ретінде ілгерілету. Алматыда өтетін 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиаданың тұмары ретінде сұңқар таңдалды. Тұмарды ұсынушылардың пікірінше, сұңқар жылдамдықты, жеңілдікті, күш-қуат пен жеңіске деген құлшынысты бейнелейді. Логотип айқын көрінетін динамикалық пішіні бар сұңқар қанаты түрінде жасалған. Осы символға орай, Алматыдағы Универсиаданың ұранына «Қанатыңды кең серпі!» тіркесі таңдалды. Универсиада 2017 эмблемасы Қысқы Универсиада 2017 — 28-ші қысқы Универсиада, Қазақстандағы Алматы қаласында 2017 жылы 29-шы қаңтар мен 8-ші ақпан аралығында өтеді. Универсиада жарыстары спорттың 12 түрі бойынша өтеді. Олардың арасында тау шаңғысы, биатлон, шаңғы жарысы, шаңғы қоссайысы, шаңғымен трамплиннен секіру, сноуборд, фристайл, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, конькимен жүгіру спорты, шайбалы хоккей (ерлер және әйелдер арасында) және керлинг ойындары бар. Универсиада алауының туу рәсімінің басталуы:25 қаңтар 2017 ж. Астана қ. Назарбаев Университетінде.Әр облыс орталығында жеке алаудың туу орын алып, Эстафетаның жеке кезеңі өткізіледі.26-қаңтар Петропавл, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Өскемен.27 қаңтар – Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау.28 қаңтар – Қызылорда, Тараз, Шымкент, Талдықорған.29 қаңтар – Алматы қ. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алаудың тууы.Универсиада Алауының қорытынды тұтандырылуы 29 қаңтар 2017 жылы Алматы қаласындағы Ашылу салтанатында өткізіледі. 2017 ж. 27 қаңтар күні Универсиада Алауы төрт қалада жағылады: Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау.Универсиада Алауы Қазақтанның барлық облыс орталықтарында жағылады. Алауды белгілі спортшылар, FISU өкілдері, жобаның серіктестері алып өтеді.16 облыста жағылған Универсиада Алауы 2017 жылдың 29 қаңтарында Алматы қаласында басталатын Универсиада қарсаңында бір Алауға біріктіріледі. Бұл Қазақстан студенттері мен Халқының бірігу белгісін көрсетеді.  Алау Эстафетасының маршруты:Ақтау қ. Кестесі:Бірінші кезең сағ.: 10:00-де №12 шағын ауданында Мемлекеттік символдар алаңындаЕкінші кезең сағ.: 14:00-де №14 шағын ауданы Каспий теңізінің жағасындаАяқталуы сағ.: 16:00-де «Астана» алаңыМаршрут ұзақтығы: 12 шақырым Орал қ. Кестесі:Бірінші кезең сағ.: 10:00-де М.Өтемісов ат. Батыс қазақстан мемлекеттік  университетіАяқталуы сағ.: 17:00-де Теннис орталығында  Маршрут ұзақтығы: 12 шақырым Ақтөбе қ. Кестесі:Бірінші кезең сағ.: 10:00-де Қ.Жұбанов ат.Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіндеАяқталуы сағ.: 16:00-де Тұңғыш президент бағындаМаршрут ұзақтығы: 12 шақырым Атырау қ. Кестесі:Бірінші кезең сағ.: 10:00-де мұнай және газ Атырау университетіндеАяқталуы сағ.: 14:00-де Х.Досмұхаметов ат. Атырау мемлекеттік университетіндеМаршрут ұзақтығы: 12 шақырым. Қысқы Универсиада 2017 — 28-ші қысқы Универсиада, Қазақстандағы Алматы қаласында 2017 жылы 29-шы қаңтар мен 8-ші ақпан аралығында өтеді. Универсиада жарыстары спорттың 12 түрі бойынша өтеді. Олардың арасында тау шаңғысы, биатлон, шаңғы жарысы, шаңғы қоссайысы, шаңғымен трамплиннен секіру, сноуборд, фристайл, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, конькимен жүгіру спорты, шайбалы хоккей (ерлер және әйелдер арасында) және керлинг ойындары бар. Спорт түрлері ОрынЕлАлтынКүмісҚолаБарлығы1 Ресей16189432 Қазақстан1029213 Жапония4106204 Италия40045 Польша32386 Франция32167 Корея Республикасы31378 Украина22379 Беларусь221510 Қытай212511 Латвия100112 Нидерланд030313 Швейцария022414 Чехия012315 Германия011216 Финляндия010116 Словения010116 АҚШ010119 Аустрия004420 Словакия002221 Армения001121 Швеция0011Барлығы505050150 Қортындылау Елiмiздегi спорт саласы Мемлекет басшысының назарынан тыс қалған емес. Тiптi, Президент өзi үлгi бола отырып, халықты, әсiресе жастарды денешынықтырумен шұғылдануға үнемi шақырады.Нәтижесiнде бүгiнде республика халқының 22 пайызы салауатты өмiр салтын серiк етедi. 2020 жылға дейiн аталған көрсеткiш 30 пайызға жетуi тиiс. Елбасының тапсырмасы бұл.Лайым солай болғай!«Салауатты өмір салтын жандарыңа жансерік етіңдер». Алда алатын асуларымыз көп болсын.