Ашы? саба? Канзаши ар?ылы заколка жасау


‘’Гул канзаши’’
Гүл канзаши – атлас таспасынан жасалатын шаш сәндеуіш.Канзаши негізінен японияда шыққан ,әйелдер шаштарын сәндеген. Мен сіздерге осы бұйымның орындалу техникасы ұсынамын.Бұл техника көпке белгілі және таныс. Көптеген адамдар осы іспен шұғылданады. Оны әзірлеуге мынадай материалдар қажет: атлас таспасы,қысқыш,қайшы, ақпа клей,фетра, оттық,ине,жіп.
style.rotation Екі түсті атлас таспасын 5см етіп қиямыз.
Шетін күйдіріп,квадратты екіге бүктеп бұрыштарын жапсырамыз.
style.rotation Үшбұрыштап бүктелген 2 таспаны бір – біріне жапсырамыз. Бұрышын қысқышпен қысып бұрышын клей жағып ораймыз. Осындай алты жапырақша жасаймыз.
Екі үшбұрышты алып, айқастырамыз. Шетін жапсырып,күйдіреміз.
Үшбұрышты таспаны ашық түсін ішіне қаратып бүктейміз. Бүктелген таспаның ашық түсі ішінде қалады.
Осы жасалған жапырақты оттықпен күйдіріп шетін жапсырамыз.
Жасалған сегіз жапырақты екі түрін алма кезек біріктіріп дөңгелекке жапыстырамыз.

Дайын резинкені бұйымның артына клейлейміз.