Презентация бейнелеу ?нері Кескіндеме т?рлері мен техникалары 5 сынып


Кескіндеме түрлері мен техникалары Кескіндеме — бейнелеу өнерінің бір саласы, белгілі бір заттың бетіне (кенеп, ағаш, қағаз, т.б.) бояу арқылы салынатын көркем шығармалар атауы. Орындалу түріне қарай кескіндеме бірнеше топқа бөлінеді. Олар: монументті кескіндеме (қабырға бетіне, үйдің ішкі төбесіне салынатын суреттер). Қондырғылы кескіндеме – суреттер, яғни картиналар. Леонардо Да Винчи «Мона Лиза»А.Галымбаева «Натюрморт» Сәндік кескіндеме -сәулетті ғимараттарда және сәндік қолданбалы өнер бұйымдарына салынған, өрнекті және сюжетті композициялар. Анри Матисс. Натюрморт Декорациялық немесе театр кескіндемесі (театр, кино көріністерін, ондағы киім үлгілерін әсемдейтін суреттер, т.б.) Миниатюралық кескіндеме- кішкене пішінді шығармалар. Шығыс кітабі Поднос Кескіндеменің орындалу техникасы Темпералық кескіндеме – желімді бояумен, балауызбен, сырлы бояумен салынатын суреттер. Темперамен тақтайшаларға иконалар салынған. Андрей Рублёв. Троица. Фреска – кеппеген сылаққа сулы бояумен салынатын кескіндеме түрі. Ол ғимараттардың қабырғалары мен төбелеріне салынады. Сылақ кеппей тұрып тез салу керек. Шіркеу интерьеріндегі фреска Майлы бояу кескіндемесі – өсімдік майына ерітілген бояуларымен салынған кескіндеме түрі. Майлы бояумен кенепке, ағаш тақтаға салуға болады. И. И. Левитан. Март. Мозаикалық кескіндеме - ол ұсақ тастардан, түрлі түсті әйнек бөліктерінен құралады. Пастель – арнайы түрлі түсті бормен салынған кескіндеме. Итальянша «pasta» - «қамыр». Пастель бояуы ұзаққа сақталмайды.Жан - Этьенн Лиотар. Шоколадница.Эдгар Дега.Бишілер. Акварель – суда тез еритін желім қосылған бояумен, көбінесе қағазға ғана салынған кескіндеме. Акварель бояулары суға өте ерігіш, таза мөлдірлігімен ерекшеленеді. Ә. Қастеев Өзен Гуашь (итал. guazzo - сулы бояу) - желім мен ақ сыр қосылып, суға ерітілген бояу. Қағазға, жібекке, т.б. материалдарға сурет салу үшін қолданылады. Граттаж (фр. gratter — қыру) — қағаз немесе картонды балауызбен жағып, тушьпен боялған бетін тырнау арқылы салынған сурет. Лессировка- негізгі түстерге мөлдір ашық түстерді жағу. Майлы және акварель бояуларында қолдануға болады. Гризайль (фр. Grisaille  — сұр) — кескіндеме техникасы, сұр немесе қоңыр түсті бояулармен салынатын сурет түрі. Орта ғасырда пайда болған.