Презентация по химии на тему «?орша?ан ортаны? адам денсаулы?ына ?сері»
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Жақсылыққызы Жазира Тақырыбы : «Адам денсаулығына қоршаған ортаның әсері»
rrrrrrrr
Мақсаты: Қазіргі таңдағы адам денсаулығына әсер ететін әлеуметтік-экологиялық факторларды оқып-зерттеу. Қоқыстың көбеюі және оған немқұрайлы қарау болашақта үлкен қиындыққа әкеліп соғатынын түсіндіру. Ауылымызды жай-лаған қоқыстың зиянды әсерін анықтап көрсету. Адам денсаулығын сақтау.Адамдарды қоршаған ортаны ластаудан қорғау жолдарына тәрбиелеу.
Жұмыстың өзектілігі:Еліміздің басты байлығы ол – адам. Әрадамның бірінші байлығы денсаулығы қоршаған ортаның, ауаның, ауыз судың, топырақтың тазалығына құрамына байланысты. Сондықтан да қоршаған ортамыздың адам денсаулығына пайдасы және зияны осы зерттеуіміздің ең өзекті мәселесі болып табылады.
Ғылыми болжамы: Тұрғылықты елді мекендегі тұрғындардың денсаулығы мен әл-ауқаты экологиялық қауіптің салдарынан болатындығы зерделенді.
Зерттеу міндеттері:1. Адам «денсаулығы» және «қоршаған орта» түсініктеріне анықтама беру және талдау жасау. 2. Табиғи ортадағы экологиялық өзгерістерге байланысты адамзат ауруларына талдау жасау. 3. Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторларды оқып зерт- теу. 4. Адамның жеке басының дамуы мен қалып- тасуына әсер ететін әлеуметтік-экологиялық факторларды анықтау.
Қоршаған ортаның адам денсаулығына әсер ететін факторларыЗавод, фабрика түлрі кен орындарынан шыққан қалдықтар қоршаған ортаны улайтын газдар Табиғи ластану. Шаң атмосферада үнемі белгілі бір мөлшерде болады. Тау жыныстарының үгітілуі мен бұзылуы,вулкандар атқылауы,орман,дала,торфтардың өртенуі,теңіз беттерінен судың булануы минералдық шаңның түзілуіне себеп болады.тКелесі ластаушыларымыз-жылу электр станциялары.Қуаты орташа жылу электр станциясы 1сағатта 80т көмір жағылып атмосфераға шамамен 5т күкіртті ангидрид ж/е 16-17т күл бөледі.Атмосфераны ластаушылардың ең негізгілері транспорт түрлері әсіресе автомобильдердің жанармайларының жану өнімдері болып табылады.
Жеке тұлғаға тигізетін зардабыСеміздік,Сымбат-тың бұзылуыКөру, есту нәтижесінің төмен-деуіЖүрек қан тамырла-ры,өкпе тыныс ауруларыЖүйке аурулары, ақыл-ой кемістігі
«Қошқара ата» улы көлінің зардабыФизикалық дамуы шектеледіБілім сапасы төмендейді Ауылдың қазіргі жағдайы мені қатты алаңдатадыҚоқысқа толы ауылТеңіз жағалауының ластануыАуыл тұрғындарының денсаулығыШешу жолдарыАуылдың көрікті жерлеріне жасыл желекпен толтырылса Арнайы қоқыс салатын жәшіктер орналастырылсаТұрмыстық қалдықтарды өңдейтін өнеркәсіптер салынсаСалауатты өмір салтын қалыптастыру үшін спорттық комплекстері жоқ
Қоқысқа толы ауыл
Каспий экологиясы мені қатты толғандырадыТеңіз жағалауындағы қоқыстар. Итбалықтардың өлігі маған қатты әсер етеді. Адамзатқа таптырмас демалыс орны, байлық көзі, су жолы денсаулық кепілі болған теніздің қазіргі жағдайы сын көтермейді. Игілікті іс жасауға ауыл тұрғындарын шақырамын!
Ауылымыздың дәрігері мен қарияларымен сұхбаттасу
Тұрғындар денсаулығына мониторинг
Қошқар-Ата көлі
III. Қорытынды Қазіргі кезде Қазақстан табиғатының ластануынан, адамдар зардап шегуде. Ал оған себепкер біз адамдармыз. Сондықтан да бұл мәселені міндетті түрде қолға алуымыз қажет. Қазақстан даласының кей жерлерінде қоқыстардың шашылып жататыны болады, және де түрлі зат өндіретін өнеркәсіп, түрлі кен орындары бұлардан бөлініп шығатын улы заттар табиғатымызды улап, адам өміріне кері әсерін тигізіп, әр түрлі ауруларға әкеліп соғады. Сондықтан да табиғатымыз- ды, адамдарымызды қорғау үшін, біз табиғатымызды таза ұстауға тырысып, ден-саулығымызды және де келешек ұрпақтарымыздың да жағдайын ойлауымыз керек. Осы мәселеге байланысты төмендегі өз ұсынысымды ұсынамын: IV. Ұсынысым: 1. Қоршаған ортадағы шашылып жатқан қоқыстарды жинайтын қоқыс жәшіктері көбейтілсе және оларды уақытында төгіп тазартып тұрса;2. Қоршаған ортадағы шашылып жатқан қоқыстарды жинай отырып, өңдеу тәсілімен қоғамға пайдалы нарселерді жасап шығару;3. Қоршаған ортаны экологиялық зиянды заттардан тазарту үшін, көгалдандыру тәсілін ұсынамын. Бұндай жұмыстар атқарылғанда міндетті түрде қаржыландыру қажет. Мен қаржы көздерін Маңғыстауда туып, өскен ата - баба зиратын құрметтейтін кәсіпкер ағаларымыз қолға алса және әкімшілік тарапынанда қаражат бөлінсе деп ойлаймын.
Тыңдағандарыңызға рахмет !!!Күндеріңіз сәтті өтсін !!!