А?ылшын ж?не ?аза? тілдеріндегі реалия с?здер та?ырыбында?ы ?ылыми жоба сайысыны? таныстырылымы


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігіАлматы қаласы Білім басқармасыҒылыми жоба тақырыбы:АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ РЕАЛИЯ СӨЗДЕРОрындаған:Ташмұханбетова Назерке, №167 жалпы білім беретін мектеп, 10 – сынып Секция: Тіл біліміҒылыми жетекші: жоғары санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сулейменов Бердибек Бейсенович Мазмұны І Кіріспе ............................................................................................................... 3ІІ Теориялық бөлім. РЕАЛИЯ СӨЗДЕР ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫС ......................... 62.1 Реалия сөздердің мәні мен анықтамасы...................................................... 62.2 Реалия сөздер әлемнің тілдік бейнесінің құнды нәтижелері ................... 11 2.3 «Реалия сөздердің баламасыз лексиканың бір түрі – лакуналардан айырмашылығы....................................................................................................16ІІІ Зерттеу бөлімі.3.1 Аудармада реалия сөздерді жеткізу тәсілдерінің классификациясы..... 233.2 Шетел реалияларын аудару тәсілдері........................................................... 333.3 Көркем шығармада реалия сөздерді қолдану ерекшеліктері ....................39 ІV Қорытынды.................................................................................................... 41  Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................... 43   Зерттеу жұмысының міндеттері: Мағынасында мәдени компоненті бар реалия сөздер сияқты сөздер бойынша ғылыми әдебиетті зерттеу, cонымен қатар, оларды аударудың бар және мүмкін болатын тәсілдерін қарастыру. Көркем шығарманың мәдени фонын құруда реалия сөздердің рөлін (мәнін) анықтау. Көркем шығармаларды аудару кезінде осындай лексикалық бірліктердің берілу тәсілдерін сараптау, фондық сөздерді берілудің басым тәсілдерін анықтау.Реалия сөздер әртүрлі типтердің берілу тәсілдерінің тиімділігі не тиімсіздігін анықтау. Ғалымдардың реалия сөздер туралы анықтамаларыРеалия сөздердің ұлттық өзгешелігі мен ерекшелігі шығарманың формасында ғана емес, сонымен бірге мазмұнында көрініс табады. Ұлттық реалия сөздер заттар мен түсініктердің, құбылыстар атауларының қызметтерін орындағандықтан, шығарманың формасы мен мазмұнына да жатады. (А. С. Ермағамбетова) Реалия сөздер – бұл «классикалық грамматикадағы сыртқы лингвистика мен зерттелетін олардың берілген тілде көріну тұрғысынан көп елдің мемлекеттік құрылымы, берілген халықтың тарихы мен мәдениеті, берілген тілде сөйлейтін адамдардың тілдік қарым-қатынасы мен байланысы, т.б. сияқты түрлі факторлар» (О. С. Ахманова) Реалия сөздер – ол «белгілі бір ұлт пен халықтың материалды мәдениетіне, тарихи деректеріне, мемлекеттік институттарына ғана тән аттар, ұлттық және ауыз әдебиеті кейіпкерлерінің аттары және т.б.» (Г.Д. Томахин) Ж. Жақыповтың реалия ұғымына берген анықтамасына назар аударатын болсақ, онда «реалия» - латын сөзі, зат, нәрсе деген ұғымды білдіреді.«Реалийлар – бұл бір халықтың өміріне(тұрмысы, мәдениеті, әлеуметтік және тарихи дамуы) тән заттарды атайтын сөздер, олар ұлттық және /немесе тарихи ерекшеліктерінің көрінісі бола тұра, олардың басқа тілдерде нақты сәйкестіктері (баламалары) жоқ. Демек, жалпы ережелерге сүйеніп аударылмай, ерекше аудару әдістерін талап етеді» (С. Влахов, С.Флорин) 1. Реалия бір ғана тілдік қауымға/ұжымға тән, ал екіншісінде ол жоқ: амер. drugstore – дәріхана-дәмхана (қазақ тілінде баламасы жоқ).2. Реалия екі тілдік қауымда да бар, бірақ екеуінің бірінде оның қосымша мағынасы бар: амер.clover leaf-1) жоңышқа жапырағы;2) жолдардың жоңышқа жапырағы түрінде қиысуы. 3. Түрлі қоғамдарда ұқсас қызметтер түрлі реалиялар арқылы жүзеге асырылады: амер. sponge – губка, қазақшасы – жөке. 4. Түрлі қоғамдарда ұқсас реалиялар өз мағыналарының реңктерімен айырылады: cuckoo's call – американдықтардың ұлттық ырымында көкектің шақыруы бойжеткеннің үйлену тойына дейін қалған жылдарды, ал қазақтарда қанша жыл өмір сүру қалғанын болжайдыГ.Д. Томахин ономастикалық реалия сөздерге төмендегілерді жатқызады: Географиялық атаулар (топонимдер), әсіресе мәдени-тарихи ассоциация туғызатын атаулар; Антропонимдер-тарихи тұлғалардың, қоғамдық қайраткерлердің, ғалымдар, жазушылар, өнер қайраткерлері,әйгілі спортсмендер, көркем және ауыз әдебиет кейіпкерлерінің аттары; Әдеби және өнер туындыларының аттары; тарихи деректер мен мемлекет өміріндегі оқиғалар; мемлекеттік және қоғамдық мекемелердің аттары мен т.с.с. Әлемнің тілдік бейнесі өзінің номинативті бірліктері мен грамматикалық тәсілдерінің көмегімен әлемнің мәдени бейнесі арқылы шындықты, ақиқатты көрсетеді, сондықтан да тіл мен мәдениет тығыз байланыста болады. Тілдердің ұлттық - мәдени сөздерден өзгешелігі мен олардың идиоэтникалық факторларыбір нысан түрлі ұстанымдар негізінде түсіндіріледі; халық өмірінің географиялық,климаттық ерекшеліктерімен; халық дамуының әлеуметтік, тұрмыстық ерекшеліктерімен; халықтың эмоционалды, психикалық құрылымының, ұлттық психиканың, ұлттық мінездің, жігерлілігі мен қаржылығының, өзіндік сана-сезімінің ерекшеліктерімен» В. Фон Гумбольд өз еңбектерінде мәдениет пен тілдің байланысын атап өткен. Осы концепцияның негізгі ұстанымдары төмендегідей: материалды және рухани мәдениет тілде жүзеге асады; 2) кез келген мәдениеттің ұлттық сипаты бар, оныңұлттық сипаты ашық көрсетілген және әр халыққа өзгеше, ерекше болатын ішкі формасы бар; 3) ішкі форма – ол «ұлттық рухтың», оның мәдениетінің сипаты; 4) тіл адам мен оны қоршаған әлемнің арасындағы байланыс буыны БАЛАМАСЫЗ СӨЗДЕРЭкзотикалық мәдениеттің тұрмыс заттарын, өмір сүру қалпын білдіруге бағытталған сөздер. Бір халыққа тән және екіншісіне жат өмір (тұрмыс), мәдениет, әлеуметтік және тарихи дамуы объектілерін атайтын сөздер мен сөз тіркестеріЛакуналар – семантикалық мәселелер мен қиындықтарЭтнографизмдер кез келген халықтың өзгеше, ерекше тұрмыс заттарының атауларымен байланысты. Ғалымдардың лакуналар туралы анықтамалары«Екі тіл нормаларының салыстырмалы сипаттауы тілдің семантикалық картасында ішінен, мысалы, тек бір тілді білетін адам үшін көрінбейтін, әр тілде бар сөздік, тілдік олқылықтарды, кемістіктерді айқындайды».Ю.С. Степанов Л. С. Бархударов лакуналар- ға баламасыз лексиканың «басқа тілде кез келген себептермен сөздер мен тұрақты тіркестер түрінде жоқ сәйкестіктерді» жатқызадыЛакуна – белгілі бір тілде бар, бірақ екінші тілде сөздер мен ұғымдардың болмауы кезінде пайда болатын қуыстар, бос жерлер мен кемістіктер. З. К. Темірғазина Лакуналар мен реалия сөздердің бір-бірінен айырмашылықтары: 1) реалиялар тұрмыстың өзгеше, ерекше заттарының, мәдениет артефакттарының белгіленуі, атауы болып табылады; 2) олар шынайы өмірде кездесетін реалия заттарын білдіреді; 3) реалийлар халық мәдениетінің өзегіне жақын ұғымдарды білдіреді; 4) лакуналар – салыстырмалы тілдердің біреуіндегі кез келген феноменнің денотатты құрылымының толық емес ұғымдық және семантикалық көрінісінің нәтижесі; 5) лакуналар – ұғымның барабар емес вербалды немесе вербалды емес көрсетуінің салдары; 6) лакуналар – қоғамда бекітілген бір мағыналы сөздік формасы жоқ семантикалық немесе ұғымдық кемістіктер, ал реалийлардың белгіленуі қоғамға таныс болып келеді. Абсолютті лакуналар Абсолютті лакуналар дегеніміз «басқа мәдениеттерде «бөлектік» деп белгіленіп, басқаларында «белгі беретін», яғни «қоғамдық бекітілген сөздік көрінісін таппаған» лакуналар» Мәселен, ағылшын тілінде «белгілі бір тайпаға жататын немесе «белгілі бір тайпаның мүшелері болып келетін үндістер» (the Cherokees, the Blackfeet) ұғымының ықшам лексикалық көрінісі (белгілі артикль және көпше түрдегі зат есім). Қазақ тілінде де, орыс тілінде де осындай белгілік жоқ, сондықтан да ағылшын тілінің «the Cherokees» қазақ тілінде «Жылға тайпасының үндістері» деп беріледі. Жанама лакуналары жалпы мағынасы бар сөздерді екі тілде қолдану жиілігін салыстыру кезінде ерекшеленіп, бөлінеді. Лакуналардың бұл түрі кәдімгі қарапайым сөз, қарым-қатынас деңгейінде қолданылады. Жанама лакуналар Р. Сәрсенбаев ұсынған реалиялар классификациясы1. Кейбір табиғатқа байланысты сөздер мен этнографиялық сөздер: Бұл сөздерге айран, сексеуіл, жұт, тайға, бәйге т.б. атаулары, әдет-ғұрыптық атаулар, тайпа, ру аттары жатады. Бұлар көбінесе аналогы жоқ сөздер болғандықтан басқа тілде ешбір өзгеріссіз беріліп отырады.3. Тұрмыстық реалия сөздер: Бұл топқа баспана атаулары (сакля, шаңырақ, изба), жиһаз атаулары (сандық, кровать), ыдыс-аяқ атаулары (саба, қоржын, торсық, күбі), киім-кешек атаулары (шапан, сарафан, тымақ), еңбек құралдарының атаулары (кетпен, құрық, қамшы), тамақ атаулары (қымыз, қуырдақ, щи, борщ, палау, шницель), өлшемдік атаулар (сажень, миль, фунт, доллар, сүйем, елі т.б.) жатады2.Фольклорлық реалия сөздер:Бұл топқа әзірейіл, қорған, жын, сүре, жырау, айтыс, т.с.с. сөздер жатады. Бұған музыка аспаптарын да қосуға болады (домбыра, сыбызғы, сазсырнай, қобыз). Қазақ тіліндегі реалия сөздердің типтері Қоғамдық-тарихи реалия сөздері (бай, мырза, атқамінер, аға сұлтан, жатақ және т.б.); Халықтың салт-дәстүрлерімен байланысты реалия сөздер (той, көрімдік, байғазы, ерулік, араша); Ұлттық ойындарды белгілейтін реалия сөздер (бәйге, көкпар, серке-тарту, қыз-қуу, тоғыз құмалақ, алтыбақан); Мал шаруашылығымен байланысты реалия сөздер (көктеу, күзеу, жайлау, жұт); Діни нанымдармен байланысты реалия сөздер (құран, шариғат, молда, хазірет); Ру мен тайпа атауларымен байланысты реалия сөздер (керей, арған, уақ, сыбан, тобықты, адай, найман, жағабайлы);Туыстық қатынастарды белгілейтін реалия сөздері (тоқал, бәйбіше, абысын, жеңге, қайын іні); Фольклорлық ұғымдарды білдіретін реалия сөздері (жыр, айтыс); Тұрмыс заттарының атауларымен байланысты реалия сөздер (текемет, қоржын, алаша т.б.); Ұлттық мінез ерекшеліктерін білдіретін реалия сөздері (ақ пейіл, бейпыл ауыз және т.б.) І. Этнографиялық реалиялар. Тұрмыс реалиялары. Сөздік әдеті мен мінез-құлық нормалары реалиялары: 1. Тұрмыс реалиялары. Баспана (detached house, cottage, Downing Street, fleet street hogties, homestead, cot); 2. Киім (baseball cap, jeans, kilt және т.б.); 3. Азық-түлік, ішімдіктер (clotted cream, cream tea, English Breakfast, haggis, hotpot, blueberry, corn on the cob, sandwich); 4. Тұрмыс мекемелері (Executive Officer, Federal Building); 5. Көлік реалиялары (Double Decker, Greyhound, TGV, Subway); 6. Байланыс реалиялары: почта, телеграф, телефон (United States Post Service Department); 7. Демалыс, уақыт оздыру (stay-at-home, day off, weekend, holidays, vacation); 8. Салт-дәстүрлер, мерекелер (Easter, New Years Eve, Christmas, Halloween, St. Valentine’s Day); 9. Өлшемдер, ақша (ECU – European Currency Unit, cash, buck, cent, penny, dime; foot, yard, inch, quart, bushel); Реалия сөздер бойынша Г. Томахиннің ұсынған жіктеуіІІ. Географиялық атаулар:1. Географиялық реалиялардың жіктеуі (жағалық сызық ерекшеліктері, жер бедері ерекшеліктері (Snowdon, the Thames, the Rushmore Mount, canyon) ;2. Флора (daffodil, tulip, clover, trefoil, Californian rose); 3. Фауна (coyote, grizzly bear, bobcat, bald eagle, Canadian goose, mocking bird, red ape);4. Мәдени өсімдіктер (rose, tulip,cyclamen,violet);ІІІ. Қоғамдық-cаяси реалиялар: 1. Мемлекеттік және штаттар рәміздері (American pasqueflower – the symbol of South Dakota, American dogwood – the symbol of Virginia); 2. Заң шығарушы үкімет реалиялары (legislative body, legislative institution); 3. Президент және Ақ Үй, (The President, The White House, Jefferson, Congress, The House of Commons); 4. Атқарушы билік мекемелері (Executive Officer); 5. Сот жүйесі (Federal Judiciary, Supreme Court, Federal Building, The Judicial Committee of The Privy Council); 6. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар (Progressive Labor Party, Party for Socialism and Liberation, Socialist Equality Party). ІҮ. Білім беру жүйесі, дін және мәдениет реалиялары: Білім беру жүйесі (Girl Guide, public schools, Scout Association, The Three Rs – reading, writing and arithmetic); Дін (Prayer, Pope, Easter, church, Temple Church, St. Martin-in-the-Fields Church); Әдебиет (James M. Barrie, Jane Eyre, Peter Pan, Robert Burns); Театр және кино (Sean Connery, James Bond, Eddie Murthy); Бұқаралық ақпарат құралдары (The BBC, comic – a magazine for children, The Independent, The National, The Times); Бейнелеу өнері (The National Gallery, George Gower, Nikolas Hilliard, William Dobson, John Wootton); Музыкалық мәдениет (bagpipes, tambourine, mouth organ).Ү. Ономастикалық реалиялар: а) антропонимдер (“Acheson Dean” – Ачесон Дин – заңгер, қоғамдық қайраткер, Charley Chaplin, Elizabeth II); ә) топонимдер (“Acadia” – «Акадия», “Adinordack Country” – «Адинордак таулар елі»(Нью-Йорк штатының солтүстік-шығыс бөлігі, New York, Alaska, California); б) әдеби кейіпкерлердің аттары (Macbeth, Wolf Larsen, Desdemona, Hamlet, Irene, Charley Furaseth); ШЕТЕЛ РЕАЛИЯЛАРЫН АУДАРУ ӘДІСТЕРІ1. Транслитерация кезінде аударылатын тілдің құралдары арқылы бастапқы тіл сөзінің графикалық түрі, ал транскрипция кезінде оның дыбыстық түрі беріледі. Осы әдістің екеуі шетел жалқы есімдерін, географиялық атауларды, түрлі компаниялардың, фирмалардың, кемелердің, газет-журналдардың, т.б. аттарын аудару кезінде қолданылады (мыс: Бэнк оф Америка, Дженерал Моторс). 2. Калькілеу – шетел реалияларын олардың құрамдас бөліктерінің, яғниморфемаларын немесе сөздерін аударылатын тілдің тура лексикалық сәйкестіліктерімен ауыстыру арқылы аудару әдісі болып табылады (мыс: brain drain–утечка мозгов)3. Түсіндірмелі (сипаттамалы) аударма. Бұл тәсіл бастапқы тілдің лексикалық бірлігінің мағынасын берілген лексикалық бірлік білдіретін құбылыстың маңызды белгілерін ашатын жайылған сөз тіркестері көмегімен ашуына негізделген (мыс: landslide – сайлауда зор басымдылықпен жеңіске жету). Бұл әдістің өте қолайсыз әрі үнемсіз болып саналғандықтан, оны мәтіндерді аударуда әр кезде қолдану мүмкін емес. 4. Болжалды аударма – аударма тілінде дәл сәйкестігі жоқ, бірақ бастапқытілдің лексикалық бірлігі үшін мағынасы ең жақын сәйкестік іздеуге негізделген. Лексикалық бірліктердің сондай жақын баламаларын «аналогтар»(«ұқсас сөздер») деп атауға да болады. Мыс: know-how - өндіру құпиясы.5. Трансформациялық аударма.. Кей жағдайларда аудармашыға сөйлем құрылымын өзгертуге, бастапқы сөзді толығымен өзгертетін лексикалық трансформацияларды қолдануға тура келеді. Мыс: glimpse сөзі to have, to catch a glimpse of smth. ҚОРЫТЫНДЫРеалия сөздері жүйесін және оларды аудармада жеткізу тәсілдерін сараптай отырып, төмендегідей қорытынды жасауға болады: Реалия сөздері кез келген тілдің лексикалық жүйесінің өзгеше, сонымен бірге едәуір күрделі және бір мағыналы емес категориясы болып табылады. Баламасыз лексиканың негізгі топтарының бірі бола келе, реалия сөздері елтанушылық білімнің «сақтаушылары» мен «иеленушілері» болып табылады, олардың көркем шығармадағы қызметі осымен анықталады. Мағынасында, мәнінде мәдени компоненті бар лексиканың бірыңғай анықтамасы жоқ. Ғылыми әдебиетте осындай лексиканы атау үшін түрлі терминдер қолданылады: фондық лексика, мәдени-таңбаланған сөздер, ұлттық-таңбаланған бірліктер, фондық білім, реалийлар. Біз зерттеу жұмысымызда соңғы терминді қолданған болатынбыз. Реалия сөздерінің бірыңғай классификациясы мәселесі әлі күнге дейін шешілмеген, алайда барлық классификациялардың заттық ұстанымға негізделгені белгілі.Туындыгер реалия сөздерін баяндаудың этнографиялық ерекшелігі мен өзгешелігі мен тарихи колоритін қайтадан көрсету мақсатында қолданады.Жазушы халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрыптарының нақты, толық сипаттауына қажет болатын басқа тілдерден кірме реалийларын қолданады. Алайда, бұндай сөздер барлығына да түсінікті бола қоймас, сондықтан да осындай жағдайда, алдымен, сөздікпен жұмыс немесе автордың не аудармашының түсініктемелері қажет.Аударма тәсілдерін қолдану жиілігі бойынша транскрипциялау тәсілі ең жиі(42,23%), ең сирек транскрипциялау+транслитерациялау (1,36%) және гипонимиялық аударма (1,35%)тәсілдері қолданылады.Белгілі бір тәсілдің жиі қолданысы оның тиімділігінің көрсеткіші емес. Мысалы, бүкіл ережелерді сақтап, транскрипция арқылы аударылған реалия сөздері көп жағдайларда сөздің тек дыбыстық формасын жеткізіп, оның мағынасын жеткізе алмайды. Дәл солай, сөздің графикалық формасын жеткізетін транслитерация тәсілін де атауға болады. Ол баламасыз лексиканы басқа тілге аудару үдерісі кезінде сирек қолдана бастайды.Әр аударма тәсілінің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болғандықтан, аударма кезінде бір тәсілмен шектелмей, екі немесе үш аударма тәсілін бірге қолданған жөн, мысалы, транскрипция немесе транслитерация және калькілеу немесе түсіндірмелі аударма т.б. Орыс тілінен қазақ тіліне аударма кезінде көптеген реалия сөздері аударылмай, этнографиялық бояуды сақтау мақсатында дәл сол қалпында қалдырылды (Д.Лондонның шығармаларын қазақ тіліне аударған Дидахмет Әшімханұлының шешімі бойынша).Реалия сөздерінің тасталып кетуі мен дұрыс жеткізілмеуі берілген сөз мағынасының толық ашылмауының себебі бола алады. Ол шетел оқырманының коннотативті бояуларды, сілтеулер мен аллюзияларды түсінбеуіне әкеледі.Реалия сөздерінің аударуы аудармашының мәдениет және елтану саласындағы терең білімді талап ететін шығармашылық үдеріс.