Шайды? ??пия сыры ?ылыми жоба


Тақырыбы: Шайдың құпия сырыАВТОРЫ:ЖЕТЕКШІСІ: Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты арқылы ала аласыз!   Шай - ең көп таралған, судан кейін маңызы жөнінен ІІорын алатын, дайындалу ерекшелігі бойынша ең танымал, шөліңді басатын, дәмі мен иісі ерекше сусын.
Шай (Thea), ағылш. tea — шай тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаштар мен бұталар туысының бір түрі; өзі аттас тұқымдасқа жататын өсімдік туысы. Осы өсімдік жапырағынан дайындалатын және сусын ретінде пайдаланылатын өнім де шай деп аталады. Шайдың жабайы өсетін 2 түрі тараған: Шайды ХІХ ғасырдың ортасына дейін дүниежүзіне Қытай өзі ғана  сатып келді. Қытайлықтар шай өндіру сырын жібек, фарфор, дәрі­­ өндіру құпиясын жасырғандай, керемет ұқыптылықпен басқа халықтардан жасырып келді. Тарихқа көз жүгіртсек.... Шайдың отаны – Оңтүстік Батыс Қытай және оған жақын жатқан Бирма және Солтүстік Вьетнам. «Шай» атауы Солтүстік Қытайдың сһа деген сөзінен шыққан, ал өзі 5700 жыл бұрын пайда болған. Шай ішу дәстүрі ежелгі Қытай елінен бастау алады. Аңыз бойынша желмен ұшып келген бірнеше шай жапырағы қытай императоры үшін дайындалып жатқан ыдыстағы қайнаған суға түсіп кетеді (б.з.д.VI ғасыр ). Сусын өзінің дәмімен және қош иісімен билеушіні қатты қызықтырады. Сол күннен бастап ол өзінің қол астындағыларға шай демдеп, оны ішуді бұйырады.