Презентация: Балд?урен жыршысы — Бердібек (?аза? ?дебиеті, 5-сынып)
Сабақтың мақсаты: Ақпарат көздері арқылы балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, белгілі жазушы Б. Соқпақбаев өмірі және оның шығармалары, соның ішінде желісі бойынша фильм түсірілген «Менің атым Қожа» повесі туралы ой қозғай отырып меңгерту.Әңгімені талдай отырып балалардың бойында адамгершілік, ұқыптылық, тәртіптілік қасиеттерін қалыптастыру.Тапсырмалар арқылы оқушыларды актерлік шеберлікке, ортада өзін еркін ұстауға дағдыландыру. “... Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді,өзім байқап- түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын . Бір сөзбен айтсам: өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды.” Бердібек Соқпақбаев Менің атым Қожа Жанр: комедия, семейный Мемлекет : Қазақстан Шыққан жылы : 1963 Режиссер: Абдолла Қарсақбаев әңгіме авторы : Бердібек Соқпақбаев Сценарий: Б. Соқпақбаев, Н. Зелеранский Сазгер : Нұрғиса Тілендиев Кейіпкерлерді сомдаған Қожа - Н. Сегізбаев Сұлтан - М. Көкенов Жанар - Г. Қурабаева Жантас - Е. Құрмашев Миллат (Қожаның шешесі) - Б. Римова Рахманов - Қ. Қожабеков Майқанова - Р. Мухамедьярова Қожаның әжесі - З. Құрманбаева Фильм туралы: Барлық мектепке аты шулы "сотқар" Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген, үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы, Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын "шелектеп" төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа - ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөніл бала. 'Бердібек Соқпақбаев' — қазақ балалар жазушысы. Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы Қостөбе ауылында дүниеге келді.Ата-анасынан ерте айрылған ол кісілердің қолында жүрген. Балалық шағындағы басынан өткен қиындықтар мен жоқшылық жайлы «Балалық шаққа саяхат» кітабында бейнеленген. 1950 жылы «Бұлақ» атты тұңғыш жинағы шықты. Балаларға арнап «Менің атым Қожа», «Аяжан», «Гауһар» т.б. повестер, «Кездесу», «Бозтөбе» поэмаларын жазған. «Қазақфильм» студиясында «Менің атым Қожа» повесі бойынша фильм түсірілді.Абай атындағы Қазақ педагогтық институтының филология факультетін бітірген. Бірнеше жыл ауылда мұғалім болып еңбек етті. «Қазақфильм» киностудиясында редактор болып, «Қазақ әдебиеті», «Балдырған» басылымдарында қызмет етті. Кейін Қазақстан жазушылар одағында балалар әдебиеті бойынша әдеби консультант қызметін атқарды.Чемпион» повесі (1951)«Алыстағы ауылда» повесі (1953)«Менің атым Қожа» повесі (1957)«Балалық шаққа саяхат» повесі (1960)«Өлгендер қайтып келмейді» романы (1967 — 1 т., 1974 — 2 т.)«Қайдасың, Гауһар?» (1966)Оның сценариі бойынша 1967 жылы қойылған «Менің атым Қожа» фильмі Францияның Канн қаласында жасөспірімдерге арналған халықаралық кинофестивалінің жүлдесіне ие болды. Үнсіз бейнеле “Түбінде адам болатын бала...” 30 40 50 30 30 40 40 50 50 Мынау кімнің сөзі?“ ... Ой, қарабасқыр, әлі жатырмысың? Осы сенің-ақ қолыңнан кітабың түспейді екен. Тасташы былай. Немене, бүгін той екенін ұмыттың ба? ” Мынау кімнің сөзі? “ ... Оллаһи, мақтанғаным емес, достарым, шындықты айтып отырмын – әттең жазушы болсам деген арман менің көкейімде ерте ұялады. Үшінші, төртінші кластарда оқып жүргеннің өзінде-ақ ақындық даңқым мектептен асып, бүкіл ауылға жайылды...” Мынау кімнің сөзі?“ ...Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. Тек жүрсең, тоқ жүресің дейді атаң қазақ. Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді. Әйтеуір саған айтар ақылым – тыныш жүр, балам, тыныш жүр. Біреудің ала жібін аттаушы болма... ” Мынау кімнің сөзі? “ ... Бұл менің түзелемін деп, өзіме-өзім бірінші рет уәде беруім емес. Талай рет уәде бердім, шындап бердім. Бірақ қанша жүрейін деп, тырыссам да, олай болмай шығады. Не ет қызуымен, не басқа бір себеппен тәртіпсіздікті істеп қойғанымды өзім де байқамай қалам...”
Мынау кімнің сөзі?Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. Мынау кімнің сөзі?Біз екеуміз таныс шығармыз деймін?
Мынау кімнің сөзі?“Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың. Сонда маған шапағатың тиер.” Мынау кімнің сөзі? Келесі сабаққа қайыссың бақа ұстап әкелесіңдер ? Мынау кімнің сөзі? “ Түбінде адам болатын бала... ” Мінезіңді таны! Алдарыңдағы парақшаларға өз мінездеріңнің жақса-жаман жақтарын жазып, түзету жолдарын анықтаңыздар. Белгілі ғой өткен күнде сыр бары,Талай тұлға сол сырларды жырлады.Естелік пен тәтті елестен құралғанЖасай берсін балалықтың жырлары!