Б?лме г?лдеріні? ??пия сырлары(?ылыми жоба)


Түнде оттегін қарқынды бөледі. Ғалымдардың пайымдауы бойынша,фиалка-өз қожайынын жақсы көретіні соншалықты,ол басқа жаққа кетсе,қатты сағынады екен. Бегония-терезе алдында өсірген дұрыс,көлеңкелі мен ылғалдылықты жақсы көреді. ФикусЖапырақтары арқылы бөлме ішін шаң-тозаңнан сақтайды.Шаңсорғыш сияқты жұмыс жасайды.Сырттан келетін кері әсерлерге кедергі жасайды. Лимон Лимон-мамандардың айтуынша, лимон жапырағының 85 емдік қасиеті бар екен. Лимон өсетін бөлмеде түрлі бактериалар мен ауру туғызатын таяқшалар болмайды екен. Сондай-ақ, мамандар қан қысымы жоғары адамдарға үйінде лимон өсіруге кеңес береді. Балалардың жанына әсіресе лимонды қойған жақсы. Олар баланың білімге деген ынтасын арттырады, құштарлығын дамытады. Лимон - оқушының өздігінен жұмыс істеуін және белсенділігін арттырады. Антуриум (мужское счастье) – күтімді қажет ететін гүл. Ең бастысы бұл гүлді тікелей күн көзінің түсуінен сақтап, көлеңке жерде ұстағаныңыз жөн. Ылғалдылықты жақсы көретін «еркектер» гүлінің айналасын күніне екі рет сумен бүркіп тұру керек.Күтімі жақсы гүл уш жыл өмір сүреді. Одан кейін жапырағы мен гүлі сарғайып, солады. Спатифиллум (женское счастье) –Гүлдің жақсы өсуі үшін жарық, ылғалды ауа және бөлме температурасы бірқалыпты, яғни жылы болу керек. Гүл солтүстік немесе күншығыс беткейге қараған терезенің алдына қойылады. Спатифиллумді тікелей күн көзінің түсуінен сақтау қажет. Әйтпесе, жапырақтары сарғайып, солып қалады. Көктем, жаз айларында мол суғаруды қажет етеді. Судың 12 сағат тұндырылған және бөлме температурасымен бірдей болғаны ләзім. " Теңге гүл" - ауаны тазартады, күйзелісті төмендетеді,шаршауды басады Теледидар, компьютер, толқынды пештердің (микроволновка) сәулелерінен сақтануға сіздерге:- раушан гүлдер, орхидея, өрмелегіш (лианалар) көмектеседі Кактустар адамның көңіл - күйіне әсерін тигізеді. Кактусқа "туу түрі қандай сүйкімсіз" десең болғаны , ол құрамында алкогольдік қоспалар бар улы заттарды бөліп шығаратын көрінеді.... Ал бұл зат адамды ішімдікке итермелейді. Осындай сөз айтамын деп кактустың улы заттарын ағзасына сіңіріп, адамдардың ішімдікке әуестеніп кететін кездері болатынын ғалымдар тәжірибе жүзінде талай рет анықтады. Гүл-адам өмірінің сәні «Жас натуралистер» бекетіне саяхат Жетекшіммен бірге пікір алысудамын Сансевиерия – бөлме гүлінің 66 түрі бар. Бұл гүл адам ағзасының белгілі бір климатқа бейімделуіне көмектеседі және иммунитетті күшейтеді. Сондай-ақ, бөлмедегі ауа қысымын және ылғалдылықты реттеп отырады. Бөлмеде төселген линолеумнан бөлінетін уытты заттарды жоятын қабілеті бар. Сансевиерия тұмау тиюден қорғайды. Бұл бөлме гүлі жарық таңдамайды. Күн көзінде де, көлеңкеде де өсе береді. Кактустың гүлдегенін бірінші көруім.Сансевиерия - дөрекі қылықтардан арылуға көмектеседі. Сыныптастарыммен бөлме өсімдіктері туралы ой бөлісу. Гүл өсіру- менің сүйікті ісім Осы зерттеу ізденістерімнің нәтижесінде мен көптеген қызықты жағдайларға көз жеткіздім.Аз ғана уақыт ішінде өзіме де, өзгеге де белгісіз немесе білсек те көп көңіл бөлмейтін гүлдің сырлы қасиеттерін таптым.Алайда осы бір зерттеуде барлық нәтижеге қол жеткіздім деу артық болар еді.Себебі, бұл менің ғылым жолындағы алғашқы ізденісім.Биология ғылымымен енді ғана танысып жатырмын.Бұл жұмысым менің ғылым жолымдағы алғашқы қадамым.Меніңше, ғылым қатып қалған, сезімсіз дүние емес.Сондықтан да мен зерттеуіме табиғаттың ең нәзік жаратылысы гүлді алып отырмын.Өйткені, гүл- нәзік, ол- жан сұлулығы, қоршаған ортаның тазалығы үшін таптырмас жаратылыс.Алдағы уақытта осы тақырыпты кеңейтіп, оның тіршіліктегі қасиеттерін тереңірек ашып, өзге де ғылымдар тарапынан ізденістер жүргіземін деген сенімдемін.Гүлдің тіршіліктегі маңызын аша келе, Адамзат өмірлеріңіз гүлдей жайнап, тіршілікке сән бере беріңіздер деймін!Қорытынды: