ОЖСБ-?а дайынды?ты д?рыс ?йымдастыру туралы психологиялы? ке?ес


ОЖСБ-ға дайындықты дұрыс ұйымдастыру туралы психологиялық кеңес ОЖСБ -туралы жағымсыз ой қалыптастырмаңыз. Өз-өзіңізге сенімді болыңыз.Сынақ сіздің жеке қасиеттеріңіз емес, білімдеріңізді тексереді.Алдын ала: “Тапсырма алмасам не болады?”-деп уайымдамаңыз.Сынақ үстінде ішкі дауысыңызға ерік беріп: Мен тапсыра алмаймын. Мына сұрақты білмеймін. Шаруам бітті-деген ойларға батпаңыз. Сынақты сәтті тапсыру үшін бірнеше кеңесті тыңдаңыз!Жинақтал! Қызметтік секторды толтырған соң, ойыңды жинақтап, тапсырмаларға үңіл. Уақыт шектеулі екенін ұмытпа.Асықпай тездет! Уақыттың шектелуі сенің жауаптарыңның сапасына әсер етпеу керек. Жауап белгілер алдында сұрақты екі рет оқып ұғынып ал.Жеңілінен баста! Алдымен жеңіл тапсырмаларды орында. Осылай сен тез ойыңды жинақтап, жұмысқа кірісе аласың.Тастап кет! Қиын немесе түсініксіз тапсырмаларды тастап кет. Егер қиналатын тапсырмаларға тіреліп, жеңілдерін белгілеуге үлгермей қалсаң өкінішті болады.Тапсырманы соңына дейін оқы! Асығыста оңай сұрақтардан қате жіберуің мүмкін.Кезекті тапсырманы ойла! Жаңа тапсырмаға кірісер алдында басқаларын ұмыт. Әр жаңа тапсырма сенің ұпай жинауыңа мүмкіндік .Шығарып таста! Тапсырманы орындау барысында, бірден дұрыс жауап іздемей, дұрыс емес жауаптарын шығарып таста. Сонда бір-екі жауаптан дұрысын табу жеңілірек болады.Уақыт алып қал! Уақытыңнан 2/3 бөлігін жеңіл тапсырмаларды орындап, барынша жоғары нәтижеге жетесің, қалған уақытты күрделі тапсырмаларға қалдыр.Тексер! Жауаптарыңды тексеруге уақыт бөл.Тап! Егер жауабын білмей отырсаң, интуицияңа сен. Осы дұрыс болар деген жауабын таңда.Мұңайма! Барлық тапсырманы дұрыс орындап үлгеру қиын. Жақсы бағаның өзі жеткілікті болуы мүмкін. Жаттығу: “Сарқырама” Мақсаты: Қатысушылардың өздерін сергек сезінуіне көмектеседі. “Жайланып отырыңыз және көзіңізді жұмыңыз. 2-3 рет деміңізді шығарыңыз, демалыңыз. Өзіңізді сарқыраманың жанында тұрмын деп елестетіңіз. Бірақ бұл басқа сарқырамаларға ұқсамайтын ерекше сарқырама. Судың орнына бұл сарқырамадан жұп-жұмсақ аппақ жарық ағуда. Енді өзіңізді осы сарқыраманың астында тұрмын деп ойлаңыз және осы сарқырамадан сіздің басыңыздан төмен қарай ақ жарықтар ағып жатыр деп ойлаңыз... Өзіңіздің маңдайыңыз, ауызыңыз, бетіңіз бен мойыңыздан ағып жатқан ақ ұлпа жарықты сезініңіз... Ақ жарық сіздің иықтарыңыз бен арқаңыздан ағып жатыр, бұл сізге өзіңізді жайлы, сергек сезінуіңізге көмектеседі. Арқаңыздан аққан ақ жарық сіздің арқаңыздағы ауыртпалықты алып кеткендей болады... Сонымен қатар жарық сіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздан және саусақтарыңыздан ағып жатыр. Сіз өзіңіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздың жұмсақ әрі сергек болғандығын сезіндіңіз. Жарық сіздің аяқтарыңыз бен өкшеңізден ағып кетіп жатқандығын сезіндіңіз. Жарық сіздің аяқтарыңыз бен өкшеңізден ағып кетіп жатқандығын сезіндіңі. Бұл жарық сіздің денеңіздегі қысымды өзімен бірге алып кетіп, денеңізді жұп-жұмсақ әрі сергек етуде. Сіз өзіңізді жайлы сезінудесіз, сіздің денеңіз жағымды күштер мен қуаттарға баюда.... (30 секунд) Ал енді сіздің бойыңызды тазартқан сарқырамаға өз алғыстарыңызды білдіріңіз. Денеңізді тік ұстап, көзіңізді ашыңыз”. “Дыбыстық жаттығу”Мақсаты: дыбыстық гимнастикамен таныстыру, рух пен дененің тынығуы. Дыбыстық жаттығуды бастамас бұрын, жаттығу ережесімен таныстырып өтейін. Өзімізді бірқалыпты, жайлы сезінеміз, тік отырамыз яғни, арқамызды тік ұстаймыз. Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз, ал шығарғанда дыбысты қатты әрі қуатты етіп шығарамыз. Келесі дыбыстарды “әндетіп” айтамыз:А- барлық ағзаға жайлы әсер береді;Е-қалқанша безге әсер етеді;И-миға, сөзге, мұрынға, құлаққа әсер етеді;О- жүрекке, өкпеге әсер етеді;У- асқазан маңындағы ағзаларға әсер етеді;Я- барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;М- барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;Х- ағзаның тазаруына көмектеседі;ХА- көңіл-күйді көтеруге көмектеседі. Назарларыңызға рахмет!