О?ытуды бас?ару ж?не к?шбасшылы?
Коучинг тақырыбы:Оқытуды басқару және көшбасшылық
Мақсаты: «Көшбасшылық» сөзінің негізгі мағынасы мен ролін түсіне отырып, тәжірибені арттыру
Психологиялық ахуал.Мен кіммін?
1. Мына түстердің жанына өзіңіз танитын адамдардың аттарын орналастырыңызСары-Ақ-Қызыл-Көк-2. Жануарлардың ішінен өзіңізге ұнағанын таңдаңыз.Сиыр ЖылқыИтҚой3. Қандай сусынды ұнатасыз?КофеШайШырынСу4. Қай маусым көңіліңізге жақын?ҚысКөктемЖазКүз
1. Сары- сіздің жетістіктеріңізге қызғанышпен қарайды. Ақ- сізді жақсы көреді Қызыл- сізге деген құрметі шексіз Көк- сіз туралы әр кезде әр түрлі ойлайды2. Сиыр- сіз өзіңіз туралы жоғары пікірдесіз. Жылқы- сізді интуицияңыз ешқашан алдамайды Ит- жақсы жолдас бола аласыз Қой- кейде айтатын сөзіңізді айта алмағандықтан өкінесіз.3. Кофе- үнемі жақындарыңыз үшін жаныңыз ауырады. Шай- өзіңізге көп көңіл бөлесіз Шырын- жақсылық жасауды жаныңыз сүйеді. Су- көңіліңіз қалса да кек сақтамайсыз.4. Қыс- бар нәрсеге қаталдықпен қарауды ұнатасыз Көктем- кейде екіжүзділікке барудан да қорықпайсыз Жаз- лауазымы жоғары адамдармен бірге жүргенді ұнатасыз Күз- бар уайымды ішіңізде сақтайсыз, сондықтан кейде көп ауырасыз.
“Машина” маркалары арқылы топқа бөліну
1. Көшбасшы дегеніміз кім? 2. Оқытуды басқаруда көшбасшы рөлі қандай?3. Көшбасшы оқыту сапасын арттыруда қандай әрекет етеді?4. Әр тұлға өзін көшбасшылыққа жеткізе ала ма?Миға шабуыл (проблемалық сұрақтар)
Іскер көшбасшы- қойылымЭмоционалды көшбасшы-қойылым 3. Ақпараттық көшбасшы-интервью 4. Оқытудағы көшбасшы мұғалімнің моделі- постер
БағалауОоооооМммммм
Сергіту сәті «Көңілді күн»
Сөйлемді аяқта:1. Көшбасшы -2. Көшбасшы болу үшін -3. Көшбасшы ең алдымен -4. Көшбасшы тән қасиеттер –5. Көшбасшы болып тумайды, қалыптасады, өйткені:6. Мен көшбасшыға түртіп алу үшін, ұсынар едім:
Көшбасшылық - педұжымды өз мектебінің миссиясы мен жоспарын жүзеге асыруға жұмылдыруға шабыттандыру,бірлесе басқару шешімін қабылдау,көшбасшылық команда құру туралы арманды жүзеге асыру үрдісі.
Көшбасшы- шабыттандырушы, ұйымдастырушы, стратег, аналитик, тіл табысушы, еліктеуге үлгі, сыншыл дос, серіктес және қызметтес, коучер және тәлімгер, позитивті қозғаушы.
Көшбасшының 10 маңызды қасиеті1.Мақсатқа жетуде табанды және сенімді Көшбасшы өзіне не керек екенін анық біледі және күшін сол мақсатқа бағыттайды2. Кәсіби шебер. Ол белгілі ережелерді сақтай отырып және нақты қалыптасқан жағдайға орай өз ережелерін енгізе отырып жұмысына жүйе қалыптастырады. 3.Позитивті, адал, тәртіпті, оптимистКөшбасшы өз айналасына позитивті атмосфера қалыптастыра алады. Ол өзінің алдында адал және басқалардан да осыны талап етеді. Әр істің оң нәтижесін көздейді және оның орындалатынына сенімді.4.ТабандылықМақсатқа бағытталған, бастаған істі жолдағы кедергілерді жеңе отырып, аяғына дейін жеткізуге қабілетті 5.Басқаға әсер ету, көзін жеткізуге қабілет Белгілі бір мақсатқа жетуде адамдардың көзін жеткізіп әсер ету арқылы олардың толық потенциалын жүзеге асыру6.Жауапкершілік. Көшбасшының жауапкершілігі мен оның репутациясы тура пропорционал тәуелді. Оның жанында адамдар неғұрлым көп болса , соғұрлым жауапкершілігі көп және репутациясы үлкен. Көшбасшы өз өміріне,шешіміне және басқаның өміріне жауапты.Өзіне жауапкершілік алмаған адам жауапты шешім қабылдай алмайды.
7.Ұйымдастырушылық қабілетіСенім арқылы ұжымның басын қосып ұйымдастыра білуі. Ұжымның біртұтастығы көшбасшыға байланысты. 8.Адамдармен қарым –қатынас жасай білу және коммуникативтілік Адамдармен қарым-қатынас жасай алу- жетістікке жетудің басты құралы.Қарым-қатынас жасай алмайтын адам өзінің ойын , мақсаты мен шешімін айта алмайды және өзгелерді еліктіре алмайды. Өткірлік , өзгелермен ортақ тіл табыса білу –көшбасшының маңызды қасиеті.9.Өзін –өзі дамыту да көшбасшылық құпиясы. Көшбасшылық –бұл тұлғаның дамуындағы мақсатқа бағытталған ұзақ та жемісті еңбегінің нәтижесі 10.Көшбасшының ең негізгі құпиясы –ол “тек қана алға! “
Рефлексия“Бес саусақ” әдісі Бас бармақ өз тәжірибемді жетілдіру үшін тағы не істеуім керек Сұқ саусақ мен қандай жаңа , әрі қызықты мәлімет алдым Ортаңғы саусақ маған ... жетіспеді Аты жоқ саусақ коучинг кезінде қандай психологиялық ахуал орнады Шынашақ маған ұнағаны ... және тілегіңіз
Я.Коменскийдің «Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өзіңнің біліміңе ештеңе қоспаған осынау күнді немесе сағатты бақытсыз сана» деген нақылы мен Филлердің «Бойыңда білімің бар екен, онда басқаларға өз шырақтарын жағып алардай жағдай туғыз» деген қағидаларын бүгінгі күннің жаңашыл, жаңа форматты мұғалімдеріне арналған қағида деп білемін. Мұғалім – мектептің негізін қалаушы, ал мұғалімнің рухани ішкі жан дүниесі өзгерген кезден бастап, мектеп те түгелдей өзгеріске енеді дей отырып,еңбектеріңізге жеміс,шығармашылық табыс тілеймін.
ҚорытындыОқушылар шеңберге тұрып бір-біріне доп лақтыру арқылы,оны жерге түсірмей, сабақтан алған әсерлері туралы айтады.
Тыңдағандарыңызға рахмет!