Презентация:Биотехнология ж?не оны? негізгі ба?ыттары ?аза?станды? биотехнология жетістіктері


Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: оқушыларды биотехнология мәні, мақсатымен таныстыру. Оның негізгі бағыттары туралы жан-жақты мағұлмат беру;Ә) Дамытушылық:өз пікіріе ортаға салу,іздену арқылы логикалық ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру;Б)Тәрбиелік:оқушыларды адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сабақтың типі: түсіндіру,баяндау Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың көрнекілігі: слайдтар,суреттер,оқулық Сабақтың жүру барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Сәлемдесу; 2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру; 3.оқушылардың ынтасын сабаққа аудару; ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:(Тестілік тапсырма арқылы) 1.Табиғи сұрыпталу критерийлері неге пайдалы?А)түр;Ә)популяция;Б)биосфераВ)адам; 2.Табиғи сұрыпталудың тұрақтандырушы формасын кім ашты?А)Ч.ДарвинӘ)Э.ГеккельБ)И.ШмальгаузенВ)Н.Вавилов 3.Қандай будандастыру әріден будандастыру деп аталады?А)бір түр ішіндегі будандастыру;Ә)бір тұқымдастар арасындағы будандастыру;Б)бір сорт арасындағы будандастыру;В)әр түрге және туысқа жататын организмдерді будандастыру;4.Аллельді ген дегеніміз:А)бір хромосомада қатар орналасқан гендер;Ә)бір хромосомада бір-бірнен алшақ орналасқан гендер;Б)жеке белгілердің даму мүмкіндіктерін анықтайтын гендер;В)бірде-бір жауабы дұрыс емес;5.Фенотип-бұл:А)организмнің бүкіл сыртқы белгілерінің жиынтығы;Ә)организмнің бүкіл ішкі белгілерінің жиынтығы;Б)ішкі және сыртқы белгілердің жалпы жиынтығы;В)организмнің бүкіл гендері мен белгілерінің жиынтығы; 6.Генотип дегеніміз:А)организмнің бүкіл гендерінің жиынтығы;Ә)популяцияның бүкіл гендерінің жиынтығы;Б)хромосомалардың гаплоидті жиынтығы;В)организмнің бүкіл гендері мен белгілерінің жиынтығы;7.Генотип фенотип бойынша анықталатын жағдай:А)рецессивті гомозигота жағдайында;Ә)гетерозиготалы жағдайда;Б)доминантты гомозиготалы жағдайында;В)фенотип жағдайы бойынша анықтауға болмайды;8.Моногибридті будандастыру дегеніміз:А)гибридтердің бірінші ұрпағы;Ә)тұрақты гибридтерді алу;Б)бір белгісі бойынша бір-бірінен ерекшеленетін будандасу;В)бірде –бір жауабы дұрыс емес; 9.Генетика пәнінің негізі қаланған жыл:А)1865жӘ)1916жБ)1900жВ)1831ж10.Генетика-...зерттейтін ғылым.А)тірі организмдердің тұқымқуалаушылық және өзгергіштік қасиеттерін;Ә)сан белгілерінің мұрагерлігін;Б)тұқымқуалашылықтың барлық формаларын;В)өзгергіштік қасиетті; ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.1.Жаңа сабақ қызығуды ояту сатысы деп,сурет жұмбақ арқылы тақырыпты шешу. БИОТЕХНОЛОГИЯ 1917 жыл Карл Эреки 2.Еркін сөйлеу стратегиясы бойынша биотехнология туралы оқушылардың түсінігін анықтау. 3.Мағынаны тану сатысы.Биотехнология дегеніміз-биологиялықорганизмдердің қатысумен жүретін процестерді,адамның мақсатына сай өзгерту арқылы өндірісте пайдалану.Биотехнология деген терминді алғаш рет 1919ж венгр ғалымы К.Эреки енгізді.Биотехнологияның негізгі мақсаты-өсімдіктердің жаңа сорттарын,жануарлардың асыл тұқымын,микроорганизмдердің штамдарын шығару.Биотехнологияның әдістерін биологияда қоршаған ортаны ластанудан тазарту үшін қолданады. Биотехнологияның екі бағыттары бар. Биотехнологияның бағыттары Гендік инженерия Жасушалық инженерия Алдын-ала берілген үлгіге сәйкес генотипі жағынан жақсарған организмдер алу. Жоғары сатыдағы организмдердің жекежасушаларын және ұлпаларын жасанды қоректік ортада өсіру. 4.Ой бөлісу стратегиясы(Өтілген тақырып төңрігенде сұрақ-жауап алынды)1.Биотехнология дегеніміз не?2.Биотехнологияның негізгі бағыттары қандай?3.Биотехнологияның өсімдіктер,жануарлар және микроорганизмдер селекциясында қандай маңызы бар?4.Гендік және жасушалық инженерия қандай мәселелерді шешеді?5.Гендік инженерия мен жасушалық инженерияның басты мақсаты қандай? 5.Ой қозғау сатысы(Графикалық диктант арқылы оқушы білімін саралау) Қайда пайдаланады? Қалай пайдаланады? Мал азағын пайдалануда Азық-түлік өнімдерін өндіруде Тұрмыстық заттарды өндіруде Энергетикалық мәселелерді шешуде Экологиялық бағыттағы жұмыстарда Ауыл шаруашылығында Дәрі-дәрмектер өнеркәсібінде Химия өнеркәсібінде