Презентация: Мені? атым ?ожа


Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев “Менің атым Қожа” 2015 жыл №36 қазақ орта мектебі Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға Бердібек Соқпақбаевтың әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білім беру.Хикаят бойынша оқушылардың, ойын тияқтақтау, Қожа мінезіне талдау жасап,өз көзқарастарын жүйелі айтуға үйрету. Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушыны жаңа ұғымды өзі іздеп бағыттау,оқушының ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту,қызығушылығын ояту. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды тәртіпті болуға,адамгершілікке тәрбиелеу. Психологиялық дайындық Амансың ба алтын күн,Амансың ба көк аспан.Амансың ба достарым,Амансыз ба ұстазым! Үй тапсырмасын сұрау “Ой шақыру” стратегиясы бойынша өткен сабақты еске түсіру. Бердібек Соқпақбаев “Менің атым Қожа” Дәптермен жұмыс 1. Дәптерге бүгінгі күннің жадын жазу. Ой қозғау Жаңа сабақ Хикаяттағы кейіпкерлерге талдау жүргізуҚожа - Шын аты Қожаберген. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны "Қара Қожа" деп атайды. Кейде келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Көже» дейді. Фамилиясы Қадыров. Бір кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрді. Шашы қайратты. Бойы - орта бойлы, әжесі "әкең тәрізді сұңғақ боласың" дейді. Мектепте дәрігер өлшегенде бір жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан. Жасы он екіде. Бесінші сыныпты бітірген. Арманы: оқу бітіріп, ер жету, университетке түсу. Жазушы болу. Жанар - Қожамен бірге оқиды. Қожаның ойынша "кластағы ең бір ақылды қыз. Сұлу." Дауысы әдемі, ән салады. Басына үкілі тақия киіп, мың бұралып «Қамажайға» билейді. Өнерлі қыз. Сыныптағы бірінші үздік оқушы. Сұлтан - ол Қожаның жан досы . Бойы ұзынша арық келген жігіт. Қожадан екі- үш жас үлкен . Әкесі Сүгір жылқы бағады . Бірақ ол біраз жыл бұрын оқуды тастап кеткен және жаман қылықтарға әуес. Оспанов -зоология пәнінің мұғалімі. Қожаның жақсы көретін мұғалімдердің бірі.Ол Қожаның әкесінің көзі тірі кезіндегі жан досы болған. Майқанова - Қазақ тілі пәнінің мұғалімі (Майқанова Сәбира) Қожа оқитын сыныптың жетекшісі . Ол адамгершілігі мол әрі ақылды ұстаз. Әжесі - Қожаны қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қызғыштай қорғап өсіреді. Өзінің ерке немересін еш жамандыққа қимайтын жанашыр жан. Анасы - Қожаның анасының аты - Миллат. Ол ақылды, тәрбиелі адам. Ауылдың үлкен-кішісінің бәрі бірдей алдынан қия басып өтпей, хан көтеріп, құрметтеп тұрады. Екі бірдей сайлауда қатарынан аудандық советке депутат етіп сайланған Сәйбек қарт -Мектеп күзетшісі – Сәйбек қарт. Ол Қожаның әкесі Қадырдың досы , әкесі туралы көп білетін әрі Қожаға ақыл айтқан кісі. “Қожа” жақсы балаҚожа –алғыр бала-ақылды бала-әділетті бала-мейірімді бала “Қожа- тентек бала”Қожа - өтірікші бала-шыдамсыз балаБұзық балаТиянақсыз бала Деңгейлік тапсырма “Теріп алу стратегиясы” . «Теріп алу» стратегиясыАлғыр, пысық -------------- әділеттіөтірікші ---------------------- ақынақылды ---------------------- әзілқойсотқар, тентек ------------- арамзамейірімді ------------------- тапқырқу, зымиян ------------------ қателіктерді түсіне біледішыдамсыз ------------------ жағымсызтиянақсыз Ойлан, тап! «Топтастыру» стратегиясы Венн диаграмма Қожа қандай бала? Жантас қандай бала? “Қай сәт бейнеленген?” 1) «Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін»(Бақа оқиғасынан кейін апасымен кездесер сәт )2) Терезенің тұсында мектептің бағы бар. Осыдан бес, алты жыл бұрын өз қолымызбен отырғызылған теректер. Бір теректің басына маймылша өрмелеп шығып алдым. (Пед. Кеңес болып жатқан сәт)3). Қоңырау әлі бола қоймаған. Сол кезде басыма сап етіп, бір қызық ой келе қалды. Кішкентай бақаның бірін Майқанованың сөмкесіне сүңгіттім де жібердім. (Сөмкеден бақаның шыға келу сәті)4). Аузымды түтінге толтырып алып, жұтып кеп қалғаным сол екен бір керемет улы газ өңешімнен шеңгелдеп ала кеп түсті. Жер дүние төңкеріліп бара жатты. (Қожаның темекі тартқан сәті) “Мынау кім?” - Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап - сыпсыңдағыш. (Жантас)- Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. (Қожа)- Біз екеуміз таныс шығармыз деймін.(Майқанова)- Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың?- Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. (Сәйбек қарт)- Келесі сабаққа қайсысың бақа ұстап әкелесіңдер. (Оспанов) Шығармашылық жұмыс “Көріністен үзінді” Рөл: ҚожаАудитория: Сынып бөлмесіФорма: Ішкі ойТақырып: Түбі адам боламын. «Түбі адам болатын бала» көрініс.Қожаның қаулысы Сабақты бекіту «Не үйрендім» «не білдім?» «Жүрегіме не түйдім?» Үйге тапсырма “Бақытты балалық шақ” ойтолғау жазу Бағалау парқшасы:Оқушылар өзін-өзі бағалайды Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар!