Ашы? т?рбие са?атыны? та?ырыбы:Махаббатсыз д?ние бос


Сынып жетекшісі : Мухамеджанов Қ2014 жыл. Амангелді орта мектебі. Мен ылғи көңілден Махаббат дегеніміз қасиетті құбылыс деп санаймын. Оның әрбір көрінісі – жұбайлық, ата-аналық, балалар махаббаты, қоршаған әлемге деген құштарлық бізді одан әрі ізгілікке бастап, жетілдіре түседі. С. Назарбаева Асау өмір арнасында Шалқып сәби сезімменен, Он жыл мектеп партасында Бірге отырдым өзіңменен. Қайырмасы: Сездіруге батпадым да, Бала махаббатымды. Терезенің жақтауына Ойып жаздым атыңды. Елес беріп келешегіңҚимасыңа баладың ба?Қоштасарда неге сеніңЖас толқыды жанарыңдаҮміт еткен атар таңғаҚош бол енді, Бала көктемБізді алыс сапарларғаШақырады самолеттер. Әні мен сөзі: М. Шаханов Гүлдәурен Махаббат бұл әлемді өзіне бағындырған ұлы күш. Адамды ақылға сыйымсыз әрекетке апаратын құдірет иесі. Махаббатты бастан өткізудін өзі бір бақыт. Алайда ыстығы мен суығы, ащысы мен тұзщысы, қуанышы мен қайғысы бір мезгілде ұштасқан Махаббатты бағалай алу керек. Махаббаттын шынайылығы- адам қашан кімге ғашық болатының біліп болмайды. Махаббат адамды барлығына да үйретеді:МейірімділіккеҚайырымдылыққаИгі істер жасауғаҚызғаншақтыққаСйластыққа т.б Бір хатқа шолу Қыз балаға “әдемі емессің” деген сөзден ауыр сөз жоқ. Ақымақсың, тамақ пісіріпте білмейсің, кесте тоқып та үйренбегенсің,оқымысты емессің, талантсызсың десе де, сұлу еместігі туралы естігенаруға өмір қиындап кетеді. Жасқа байланысты емес, бес жасар болсын, қырық бес жасар болсын. Кез келген біреу айтса да,жанына батады. Көңіл бөлмеймін десе де, кей уақыт  айнаға қарап, өткендегі адам шын айтыпты, мен әдемі емеспін деп шешеді де, соған сенімін арттыра береді.Алма әдемі, Әсия да әдемі, ал мен әдемі емеспін деп ішінен ойлап, түңіле түседі. Осындайда жақсы сөз емші рөлін керемет атқарады. Сөз сүйектен өтетінін ескерсек, жақсы сөз, жылы сөз жүрекке жететіні рас. Өткенде өлердей түңіліп жүргенімде. Өзіме деген сенім “плинтустан” төмен түсіп, көңіл күй құрып, жүрек ауырыпкеткен сәтте Құдай маған жақсы адамды алдымаалып келді. Анығы ол менің досым, бірақ көп араласпаймыз. Айда жылда бір хабарласы, амандық сұрасып дегендей. Дәл сол күні хат жіберген екен. Таң қалдым. Сондағы оның екі ауыз сөзі бәрін де ұмыттырды. Жұбатам деп айтпадым, рас айтам деп сендіргісі келіп, күлдіртіп те алды. Айтпағым не? Айтпағым, жақындарыңызға жақсы сөз аямаңыз. Әсіресе құрбыларға, оқушылар жағына. Аууу, жігіттер, сендерге айтам))))Әр бір қыз сұлу, әр бір қыз қайталанбас тұлға. Соны есте сақтайық))) Махаббатты 3 санатқа бөліп қарастыруға болады: Біріншісі: бала махаббат- бұл кезде жүрегіне бүкіл әлем сыйып кететіндей сезімде боласын. Жүрегін алабұртып соны іздейсін, көруге зар боласын. Балалық сезімді бір сөзбен айтқанда ұйқыдан тұрғанда жүректегі жеңілдік, пәктік. Екіншісі:шала махаббат-май шам тәрізді лаулап жанады дауақыты келгенде өшеді, май шамда жанып бітеді. Бір күндік зат. Ойыншық сияқты керек кезде қолданып, лақтыра салу. Үшінші: шынайы махаббат-адам жүрегі өз шынайы махаббатын кездестіргенде лүпілі жиілеп, ол жоқ болса тоқтап қалады екен.жүрек өз шын махаббатын, өз жартысын тапқан кезде сезеді екен. Соған қарай алып ұшып, сені сенің махаббатын сол дегендейетелейді де тұрады.сен емес жүрегін онымен кездесуге ұмтылады екен. Шынйым махаббат – бетпердесіз сезіну, бірін –бірі көзбен ақ ұғыну. Тек сүйемін деген сөз ойына келмейді... Жас өспірімдер арасындағы достық кейде үлкен сезімге ұласады. Ұл бала мен қыз бала арасындағы қарым-қатынасынан балауса махаббат ұялаған жан ерекше көңіл күйге бөленеді. Ол ұнатқан адамына аса бір сүйіспеншілік көңілмен қарап, нәзік сезімін білдіруге тырысады. Адамгершілік қадір-қасиеттерін өзара құрметтеуге негізделгенде ғана шынайы сезімге ұласады. Ұлы сезім, шегің жоқ, шеңберің жоқ,Бір қарасақ өзіңсіз елдгі көп.Түрлерің көп, қырларың, сырларың көп,Ең қол жетпес және жердегі жоқ.Адамдағы қымбаттың, қасиеттіңҚадіріне жетуді ғасыл еттіңСен бар жерде бақытты жан атаулы,Сен жоқ жерде басында қасірет-мұң.О, махаббат берілген тек адамғаНұрың түспес жан бар ма бұл ғаламда Тек қадірін түсіну, құрбан болуБұйырмаған жердегі әр адамға. О, Махаббат аяулы асыл сезім, Арнамаған бар ма екен саған сөзін.Мекендеген жер үстін жан иесін.Баурамаған бар ма екен сірә кезің.Асыл сезім жаралған ізгіліктен Талпынады жан біткен ізгі үмітпен Сенен шығып, тарайды сенен ғанаБар жақсылық атауы бізді күткен.Дүние бос, өмір жоқ сенсіз жердеТең саналар хайуанмен сенсіз пенде.Адамдықтың, ізгілік, ұлылықтыңБиігіне жетудің кілті сенде. Сүйіспеншілік сыйластық сенімділік адалдық... Бір ғұлама «мына өмірде махаббаттан тәтті еш нәрсе жоқ, ал кездесе қалған қуаныштың барлығы да екінші орындағы нәрселер» деген екен. Ал, рух – достыққа, ақыл- сыйластыққа, тән – көңілге, осы үшеуінің қосылуы махаббатқа ықпал етеді деген сөз. Шынайы махаббаттың құрбаны болғаны адам бақыты. Алғашқы сезім, балауса махаббат дегенді қалай түсінесіңдер? Сезім әр кез екі жақты бола ма? Қыз баланың бірінші болып өз сезімін білдіруіне қалай қарайсың?- Егер біреуді ұнатсаң, сезіміңді ашық айтуға дайынсың ба? (Оқушыларға түрлі-түсті қағаздардан жасалған кішкентай жүректер таратылып, оған жылы, мейірімді сөздер жазулары сұралады). Жансыз жүректі жандандыру (Плакаттан үлкен жіректі қиып алып, сол жүрекке жылы – жылы сөздер жазылған кішкентай жүректерді орналастыру). Сұрақ: қалай ойлайсыздар, жүрегіміз жанданды ма? Қайтіп? Неліктен? Шынайы махаббат күшінің құдіреттілігі сондай мылқауға тіл бітіріп, соқырға жанар береді, ауруды жазып, өліні тірілтеді.