Денсаулы? саласы бойынша Мен сия?ты жасаСу-джок терапиясы презентация 
ТРЕНИНГСУ-ДЖОК ТЕРАПИЯСЫТақырыбы: «Мен сияқты жаса»  Мақсаты: а) Білімділік: Балаларды ұжымдық шараларға қатысуға педагогтың ұсынысы мен талабын тындай, түсіне білуге және оны орындауға үйрету.  ә) Түзете - дамытушылық: Балалардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Баланың қолдарының бұлшық еттерін қатайту, саусақ қимыл қозғалыс қабілетін жақсарту, саусақ жаттығуларын орындату.                                                б) Тәрбиелік: Ойын –тапсырмалар арқылы балаларды өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу. Көрнекі-құралдар: компьютер, интерактивті тақта.Көрнекіліктер: Су-джок доптар, Су-джок сақиналар, суреттер, слайдӘдіс – тәсілдер:  Қызығушылықты ояту, ой қозғау, сұрақ – жауап, көрсету, түсіндіру. Тренинг барысы: І. Ұйымдастыру кезеңіБалаларды шеңбер бойымен тұрғызады.Кел, балалар, тұрайықҮлкен шеңбер құрайық.«Сенің атын кім?» ойыныАмандасу. (Атымыздың бірінші дыбысын айтамыз, сосын атымызды)Сәлем! Мен – М – Майра.Сәлем! Мен – К – Камила.Сәлем! Мен – А – Ақжол. ІІ. Психологиялық сәтЖылулық шеңбері:Көңілді музыка әуені үнтаспадан қойылады. Бүгінгі күнді жақсы көңіл-күймен қарсы алайықшы. Бір-бірімізге сәттілік тілейік, жылы лебізімізді білдірейік.Күндей күлімде, Жұлдыздай жарқыраБұлақтай сыңғырла, Құстай самға. . Аспандай ашық бол. Жердей кең бол,  Таудай биік бол  .  Аққудай әдемі бол, Ақ қайыңдай нәзік бол! Балалар,  мынау не?- Сиқырлы заттар.Балалар,  корапшаға жинайык. ІІІ.  1 - тапсырма: Дидактикалық ойыны: «Доптың екінші бөлігін табу»Мақсаты: Балаларды түстерді ажыратуға үйрету.Шарты:  Су-джок доптың екінші бөлігін табу.Жарайсыңдар, балалар! Ойынымызды әрмен қарай жалғастырайық. Ертегі : «Кірпі» (су-джок доппен) Мақсаты: Балалардың ұсақ моторикасын дамыту.Шарты: Балалар, ертегі бойынша біз сиқырлы доппен жаттығулар жасаймыз.  
 Ерте-ерте ертеде орманда әдемі үйшікте кішкентай ғана кірпі өмір сүріпті. (Су-джок доп алақанда)Кірпі өз үйінен шығып, күн шуағына қуана қарап, қыдыруға шығыпты.(Су-джок допты көрсету, қуану, алақанды ашу)Тура жолмен жүріп, әдемі бір алқапты көріпті, кірпі қуанып жүгірді, секіріп ойнады, гүлдерді иіскеді. (Су-джок допты түзу домалату)Бір кезде бұлт түнеріп, жаңбыр жауа бастады: тырс-тырс-тырс. ( Су-джок допты алақанмен қысу)Кірпі жаңбырдан қорғанып, саңырауқұлақтың астына тығылды. (Су-джок допты сол алақанмен тығу) Жаңбыр аяқталған соң түрлі көп саңырауқұлақтар шықты: бір саңырауқұлақ,екі саңырауқұлақ, үш саңырауқұлақ, төрт саңырауқұлақ, бес саңырауқұлақ.(Су-джок доппен әр саусаққа домалату)Кірпі саңырауқұлақтарды анасына апарып, қуантқысы келді. Қалай? Түрлі саңырауқұлақтады кірпі  инесіне мықтап түйреп алды да, қуанып үйіне қарай жүгірді. (Су-джок доппен әр саусақты тигізу)Кірпі тура жолдан жүгірді,  айналма жолдан жүгірді. (Су-джок доппен түзу домалату, айналып домалату) Кірпі үйіне келіп саңырауқұлақтарды анасына берді.-  Кеш болды.-  Кірпі көзін жұмды да үйықтап қалды. (Су-джок доп алақанда)Жарайсыңдар, балалар. Өзімізді қошеметтеп қояйық. 3 – тапсырма: Саусақ ойыны: « Бес ағайынды»  Мақсаты: Балалардың саусақ  қимылдары арқылы бұлшық еттерін жетілдіру. Шарты: Су-джок сақина арқылы балалар саусақ жаттығуын жасайды.Бір – екі – үш – төрт – бес, Серуенге шықты Саусақтар.Мына саусақ  -  Бас бармақ – ең күшті, ең жуан, ең үлкен,(Су-джок сақинаны саусаққа кигізу)Мына саусақ – Балаң үйрек – көрсету саусағы,(Су-джок сақинаны саусаққа кигізу)Мына саусақ – Ортан терек – ең ұзын, ортаншы,(Су-джок сақинаны саусаққа кигізу)Мына саусақ – Шылдыр шумек – тентек саусақ,(Су-джок сақинаны саусаққа кигізу)Мына  саусақ – Кішкене бөбек – өте мықты саусақ.(Су-джок сақинаны саусаққа кигізу) Ү. Қорытынды- Балалар, бүгін біз қандай ойындар ойнадық?- Саусақ жаттығуларды немен жасадық? ҮІ.  Қоштасу шеңбері:Күніміз ашық болсын!Түніміз тыныш болсын!Ауамыз таза болсын!Суымыз мөлдір болсын! Назарларыңызға рахмет! Ертегі : «Кірпі» (су-джок доппен) Мақсаты: Балалардың ұсақ моторикасын дамыту.Шарты: Балалар, ертегі бойынша біз сиқырлы доппен жаттығулар жасаймыз.