Разработки для класных руководителей
Тарбағатай тауының бауырынан,Қазіргі Жәнтікей ауылынан.Аттанып Ұлы Отан Соғысына,Атамыз отты кешіп, жауды қырған. ӨМІРБАЯН Тілеген Қинаубайұлы 1913 жылы бұрынғы Ақсуат (қазіргі Тарбағатай) ауданының Ерназар ауылында дүниеге келген. 1929-1932 жылдар аралығында ауыл мектебінде ұстаздық қызмет атқарып, 1932 жылы Ерназар ауылдық мектебіне директор болып тағайындалған. 1935-1937 жылдары Қызылкесік ауылында аудандық кеңестің хатшысы, 1939 жылы осы ауылдың мектеп директоры, одан соң ауданның оқу бөлімінде қызмет атқарып, 1942 жылы Ақсуат орта мектебіне директор қызметіне кіріседі. Осы жылдың сәуір айында сұрапыл соғысқа аттанады. Тілеген Қинаубайұлы жеңіске дәл бір ай қалғанда 1945 жылы 16 наурызда жау оғынан қаза тапты. Қазақ энциклопедиясынан жарық көрген “Боздақтар” кітабындағы мәліметтер бойынша Венгрия жеріндегі Секешсеерворск ауданы, Безымянный хуторында жерленген. Екінші дүниежүзілік соғыста (1939-1945 ж.ж.) қаза болған Қинаубайұлы Тілегеннің (1913-1945.16.03)жерленген қабірін Венгрияның Безымянный Хуторынан жиен немересі Нариман 2011 жылы 15 қыркүйекте тауып, (тізімде реттік нөмірі 1383) осы жылы 15 қазанда Қазақстанға жеткізіп, 25 қазанда туған ауылы Кіндікті топырағына қойылды. ҰОС қатысып Отан қорғаған, елімізді, жерімізді жас ұрпақ бізге бүтіндей аманат еткен ата-бабаларымыздың рухына мың тағзым етеміз. Олар азап пен қорлықтан басқа түк көрген жоқ.Олар тек қазақ үшін қан төкті, жанын қиды. Олар әр қазақтың баласының маңдайынан сипады, солардың келешегін ойлап көз ілмеді.Отқа да, суға да түсті. Жанбады, батпады.Рухы өлмеді.Бізге тәуелсіздік әперген солардың шелектеп төккен қаны, шүберекке түйген жаны.Олар тек қана «Алаш», «Қазақ» деген ұғыммен өмір сүрді.Ендеше біздің мойынымызда ата-бабаларымыздың аманаты бар.Ол- ұлтымыздың сан ғасырлық ұлы көшін келешекке оздыру. Бұл альбомды Ұлы Жеңістің 67 жылдық мерекесіне және соғыста қаза болған Тілеген атамыздың рухына арнаймыз . Елімізге жоламай қанды соғыс қырғыны,Құтты болсын Жеңістің 67 жылдығы!Бойларына дарытып ата ерлігін,Ұмытпасын немере, шөберелер. Шөжен Рахима ананың майданға кеткен үш ұлыныңбірі Әбіш жараланып елге оралды да, екі ұлы Тілеген мен Шөжен майдан даласында қалды. Тілеген Әбіш Жарқырап екі көзі шамдай жанған,Күтуші ең ұлдарыңды қан майданнан.Жалғанда күту деген қандай жаман,Ақыры қаза болдың сарғайғаннан. Рахима ана