Слайд по биологии на тему ?аза?станда ?алыптас?ан экологиялы? проблемалар


Қаракемер кәсіптік колледжіБиология пәні мұғаліміУмирбаева К. А Сабақ тақырыбы: “Қазақстанның экологиялық проблемалары” Биология – Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның экологиялық проблемалары.Мақсаты: Қазіргі кездегі Қазақстан халқының зардап шегіп отырған экологиялық аймақтарын оқушыларға көркем сөзбен жеткізіп, олардан сақтану жолдарын, қайта болдырмау шараларын, қалпына келтіру іс-әрекеттерін оқытып, білім деңгейлерін одан әрі жетілдіру. Оқушыларды шығармашылыққа баулу.Көрнекі құралдар: Экологиялық аймаққа жататын жерлердің суреттері, қосымша материалдар, бейнесөздер, сөзжұмбақтар т.б. Әр оқушыға бір шумақ өлең беріледі, сол өлеңнің ішінен сұрақ туындайды. Өлеңді оқып, сұраққа жауап беру керек. 1. Қазақстан егемендік алғалы,Мақсат айқын сара жолды таңдады.Экология проблемасын шешуде,Орындалды бар халықтың арманы.Сұрақ: Қазақстан егемендігін қашан алды?Экологиялық проблемаларды шешуде қандай істер орындалуда? 2. Айта алмадық сөз тығылып көмейге,Апат тажал, қуанышқа бөлей ме?«Мың тоғыз жүз қырық тоғыз» тамызда,Ядролық сынақ болды Семейде.Сұрақ: Алғашқы атомдық жарылыс дауысы қай күні, сағат нешеде естілді?Семей ядролық пoлигоны ауданында қаншаға жуық жер үсті және жер асты ядролық сынақтар өткізілді? 3. Тозаң басып, бар аймақты қаланыМүгедек қып үлкенді де, баланыКөп мөлшерде радиоактивті материалЖер үстіне, ауаға да тарады.Сұрақ: Жарылыстың әсерінен жердің қандай қабаттарына зиян келді?Радиоактивті заттардың әсерінен адамдардан басқа тағы нелер зардап шекті деп ойлайсың? 4. Жарылыстар болып әр кез әр түрліШын азапқа ұластырып әр күндіСемей емес Павлодар мен ЖезқазғанҚарағанды, Өскеменді қамтыдыСұрақ: Семей палигонының зардабы көрші елдерге де кері әсерін тигізді ме?Радиоактивті ластанудың нәтижесінен көрші облыстар қандай зиян шекті? 5. Айтқанменен бар әлемге жар салыпСол дауыстар жетті кімге қаншалықКесірінен ядролық сынақтың Зардап шекті жергілікті бар халықСұрақ: Семей полигоны деген не?Семей ядролық полигоны ауданындағы ересек адамдар мен дүниеге енді келген нәрестелер радиоактивті заттардың әсерінен қандай ауруларға ұшырады? 6. Барлық әлем, сансыз халық қолдап мыңҰраныңды көкке биік самғаттыңНевада – Семей қозғалысын тоқтатты Бастауымен белгілі ақын Олжастың Сұрақ: Олжас Сүлейменов жайында не білесің?Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге қарсы шыққан Олжас Сүлейменовке халық қандай қолдаулар көрсетті? 7. Қабыл болсын көп халықтың көз жасыҚуантады енді сынақ болмасыЯдролық палигонды жабуғаЖарлық жазып, қолын қойды ЕлбасыСұрақ: Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы” жарлығына қашан қол қойды?Семей полигонында сынақ неше жылға созылды? 8. Орындалды дегенменде бар арманСансыз улар жерге, шөпке таралғанСондықтан да сұлу Семей бүгіндеЭкологиялық аймақ болып саналған.Сұрақ: Ядролық сынақтар жабайы өсімдіктер мен жан-жануарларға қандай әсерін тигізді деп ойлайсың?Бұл аймақтарда экологиялық зерттеулер жүргізу үшін қандай елдер қаржылық көмек көрсетті? 9. Не көрмеген қалқым менің қазағымЖақсы судан айырылды ғой АралымАрал теңіз проблемасы бүгіндеАударып тұр бүкіл әлем назарын.Сұрақ: Арал теңізі суының тартылу негізгі себептерінің бірі не?Қандай егістіктерді көптеп егудің салдарынан Сырдария және Әмудария өзендерінің суын мейірімсіз пайдалануда? 10. Сенер болсақ ақпаратқа сенімдіАрал теңіз қуантпай тұр елімдіҚазақтікі, Өзбектікі боп қазірАрал теңіз екі көлге бөліндіСұрақ: Арал теңізі неліктен қазіргі кезде Қазақстандық және өзбектік болып екі көлге бөлініп кетті?Орталық Азияның республикаларының үкіметі Аралды құтқару жөнінде қандай іс – шаралар жасауға кесісті? 11. Өткеннен де сөз қозғасам несі мінЖаңа ғасыр айқара ашты есігінӨткен ғасыр – күріш, мақта көп егіпСоның қазір тартып жүрміз кесірінСұрақ: 1. Аралдан басқа республиканың қай су алабы экологиялық қиыншылыққа тап болды? 2. Қазіргі таңда Арал өз суының жартысынан айырылды, оның себебі не? 12. Айтар болсам сөздерімді бір жақтыБір сәтке сен Аралыммен сырласшыКеуіп қалған Арал түбін жел үрлепБар аймақты құм аралас тұз басты.Сұрақ: Арал түбіндегі тұздардың ұшуына не әсер етті?Қазіргі таңда Арал өз суының жартысынан айырылды, осы аралықта қанша жыл өтті? 13. Аралға деп қыруар қаржы бөлінді Бұл да болса қуантады елімдіБолмағанмен бұрынғыдай сол АралСарапшылар болашаққа сенімдіСұрақ: Сарапшылар болашақта Арал теңізінің болашағынан қандай үміт күтіп отыр?Арал теңізінде қандай қорық орналасқан? Ол туралы не білесің? 14. Сол сарапшы сөзін мен де айтамынЗоологтар мұны анық байқағанЭкожүйе дұрысталып АралдаКейбір құстар оралуда қайтаданСұрақ: Зоологтардың қызметі не? Арал теңізінде қандай құстар мен жануарлар тіршілік етеді?Осы жануарларды сақтап қалу үшін сен не істер едің? 15. Әрбір сөздің мағынасы мәні барШешетұғын проблема әлі барАударатын қоғамдастық назарынБалқаш көлі – эконүкте тағы барСұрақ: 1. Балқаш көлі неліктен экологиялық нүкті аталуда?2. Балқаш көлінде электрге байланысты қандай істер жоспарланған? 16. Айтар болсам атқарылған әр істіТағы да бір аймақ бар ғой қауіптіБатысымда көптеп мұнай өндіріпСол мұнайдан қыруар пайда тауыпты?Сұрақ: 1. Мұнай – газ саласының қарқында дамуы Қазақстанның қай бөлігінде? 2. Мұнай – газ саласының қарқында дамуынан табиғат қандай заттармен ластануда? 17. Игердік қой мұнай мен газ саласын Келешекте халық берер бағасынУлы газдар таралуда ауағаЕй адамзат қайда кетіп барасың?!Сұрақ: 1. Қазіргі таңда Каспийге байланысты қандай дайындық жұмыстары жүргізілуде? 2. Каспий теңізінде қандай бағалы балықтың тұқымдастары тіршілік етеді? 18. Табамыз деп болашақта мол пайдаБұрғыладық Каспий түбін шалғайдаАпат болса барлық балық қырылыпКаспий теңіз тіршіліксіз қалмайма?!Сұрақ: 1. Каспий теңізінде қандай апаттар болуы мүмкін? 2. Осы уақытқа дейін Каспий мен мұнайға байланысты апаттар болды ма? 19. Жер астында «оксид» жатыр сіресіпМықтымыз деп жатсақ тағы күресіпМиллион тонна улы газдар шықпай маЖер астынан мұнайменен ілесіпСұрақ: 1. Қандай улы газдар мұнайменен ілесіп шығуы мүмкін? 2. Улы газдар өсімдік, жануар, адамнан басқа тағы нелерге кері әсерін тигізуі мүмкін? 20. Бар байлығын беріп жатыр Жер АнаЖер Ананы жараласақ бола ма?Күкірт азот, көмірсумен былғандыІшетін су, демалатын ауа да!Сұрақ: 1. Жер Ананың берген байлығын тиімді, зиян келмейтіндей етіп пайдалануға бола ма?2. Аталған химиялық заттардың тірі организмдерге қандай зияны бар? 21. Экология таусылмайтын жыр әліБұл ғаламның бізге берген сынағы60 – пайыз Қазақстан халқыныңБілесіздер қалаларда тұрадыСұрақ: 1. Қазақстан халқының неліктен 60 пайызы қалаларда тұрады деп ойлайсың? 2. Ауылдық жерлермен салыстырғанда қалалық жерлерде ауа құрамы неліктен лас? 22. Кезі келді барлығын да анықтарУлы газы ауамызда қалықтарБас қаламыз Алматының өзінде300 – мыңнан астам авто көлік барСұрақ: 1. Автокөліктер ауаға қандай лас улы қосылыстар шығарады?2. Қалаларда автокөліктерді азайтудың тиімді жолдары бар ма? 25. Таза сулар арманы ғой жалпыныңҮмітпенен өткізуде әр күнінАрманы ғой ішетұғын таза суАтыраудың үштен екі халқыныңСұрақ: 1. Ауызсудың тапшылығы қандай облыстарда айқын көрінуде?2. Ауызсу мәселелерін шешудің қандай жолдары бар?