?зен шаяны ?зен-к?лдер мен а?ынды то?андарда мекендейді. Б?л-суды? тазалы?ын ?ажет ететін шаян. Шаянны? денесі екі б?ліктен: баск?кірек ж?не ??рса?тан ??ралады. Баск?кірек б?лігінде бірі- ?зын, бірі-??с?а екі ж?п буна?тан?ан м?ртшалары, екі к?зі мен ауыз


Сабақтың тақырыбы:Өзен шаяныМақсаты: өзен шаяндардың тіршілік ету ортасы Тіршілігі мен сыртқы құрылысыӨзен шаяны өзен-көлдер мен ағынды тоғандарда мекендейді. Бұл-судың тазалығын қажет ететін шаян. Шаянның денесі екі бөліктен: баскөкірек және құрсақтан құралады. Баскөкірек бөлігінде бірі- ұзын, бірі-құсқа екі жұп бунақтанған мұртшалары, екі көзі мен ауыз мүшелері алдыңғы жағында болады. Бұлардан сәл төменірек бес жұп бунақтанған аяқтар көрінеді, олардың алдыңғы екеуінің ұшында үлкен қысқышы бар, ал қалған төрт жұбы жүретін аяқтар болып есептеледі. Сыртқы құрылысыШаянның баскөкірегі алты бунақты құрсақпен жалғасып, бунақтардың әрқайсысында екі-екіден екі тармақты қысқа аяқшалар болады. Шаянның құрсағы жалпақтау келген қатты тақташадан тұратын құйрық жүзбеқанатымен аяталады. Құрсақтың соңғыбунағында аналь тесігі болады. ДенесіШаян денесін қатты хитинді жабын қаптағандықтан, сілемейлі қабықшамен қапталған денені шұбалшаң тәрізді соза немесе жиыра алмайды. Сондықтан ол су түбінде бунақтанған жүру аяқтары арқылы жүреді , суда бунақтанған құрсағын лезде бүгіп, құйрық жүзбеқанатын қатты серпу арқылы жүзеді. Су түбінде қозғалғанда- алға қарай, суда жүзген кезде артқа қарай қозғалады. Бұд кезде хитинді жабынмен қапталған аяқ немесе құрсақ бунақтары сауыттың ішкі жағындағы бұлшықеттер арқылы қимылдайды.Шаянның сауыты қорғаныш жабын болады, ішкі қаңқа тәрізді бұлшықеттер арқылыбуындасқан сүйектерді қимылға келтіріп, қызмет атқарады