Т?рбие са?аты Денсаулы?-зор байлы?
Денсаулық –зор байлық Мақсаты: Оқушыларға денсаулықтың қымбаттылығын, қажеттілігін түсіндіру. Дұрыс тамақтанып, тазалық ережелерін сақтап,зиянды әдеттермен күресуге баулу. Салауатты өмір салтына қалыптастыру. Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі.Т.КарлейльСау дене, азат ақыл, адал көңілҮшеуімен бақытты болады өмір Халық мақалы Денсаулықты күтемін десеңдер- қолдарыңды жоғары көтеріңдерТазалықты сақтаймын десеңдер- бес саусақтарыңды алға созыңдарКүн тәртібін орындаймын десеңдер- орындарыңнан секіріңдерСалауатты өмір салтын сақтаймын десеңдер—үш рет қол соғыңдар Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтау мақсатында “Денсаулық-зор байлық” деп аталады. «Денсаулық-зор байлық» деген сөздің астарында үлкен мағына жатыр. - Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар? -Денсаулық. Әрине адам баласы үшін денсаулықтан асқан байлық жоқ. Ол ақшаға сатылмайтын, ешбір бағалы затпен тең келмейтін байлығымыз. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауында бізді Отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырады. Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың денсаулығы мықты болуы керектігін айтады. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегеніміз абзал. Отанымыздың келешегі, көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың- салауатты өмір салтын сақтау. «Денсаулық» деген сөздің әрбір әрпінің өзі мағыналы. Ендеше әрбір әрпіне тоқталамыз. Д - дәрігерЕ – еңбекН – нашақорлықС – су, спортА – ас, тағам, тамақУ – уақытЛ – ласЫ –ықшам Қ – коршаған орта 1 әріп-Д-әрпіне қандай сөздер келеді?-Дәрігер. Дәрігер- адам жанын сақтайтын ақ халатты абзал жандар.Адам жанының арашашысы,ақ халатты абзал жан дәрігерлердің еңбегізор. Олар күш-жігерін адам денсаулығын сақтап қалуға жұмсап, күнітүні аянбай еңбек етуде.Мінеки, осы мектебіміздің дәрігері Света апайымызға сөз берейік. Көрініс: “Қоянның емделуі”2 әріп- Е- еңбек. Адам денсаулығын нығайту үшін, күш-жігері мол болуыүшін еңбек етуі керек. Адам еңбегімен қадірлі. Ал, балалар сіздердіңеңбектеріңіз талмай, жалқаулыққа салынбай, шаршамай оқу, еңбектену.Сурет бойынша әңгімелеу, еңбек туралы мақал- мәтелдердер құрастыру. Денсаулық – зор байлықШынықсаң –шымыр боларсың.Денсаулықтың қадірін, Ауырғанда білерсің.Тәні саудың-жаны сауДенің сау болса, жарлымын деме, Жолдасың көп болса, жалғызбын деме.Демі бардың – емі бар.Ауруын жасырған өледі. 3 әріп-Н- нашақорлық. Адам өміріне зиян келтіретін арақ, темекі, зияндызаттар. Бұл әдеттерден аулақ болған жөн. 4 әріп- С- су, спорт. Адамның дені сау болу үшін су аса қажет. Су-табиғатбайлығы, сумен жуынамыз, шөлдегенде ішеміз. Адамның денсаулығы мықтыболу үшін спортпен айналысу қажет. Спортпен шұғылданған бала-қайратты,төзімді,икемді, ісі нәтижелі болады.Оқушы: Спортпен айналыс Сұлулық сыйлаған Сол саған пайдалы іс Сауық пен киноданОқушы:Шынықсаң шымыр боларсың Сауығып айдай толасың Спортты серік ете біл, Салауатты сен боласың Келесі әріп А- ас, тағам, тамақ. “Ас-адамның арқауы”деп бекер айтпаған.Ас адамның денсаулығына күш-қуат береді.Тиімді тамақтану денсаулық үшін маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүттағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Тамақтанудың да белгілі тәртіптері бар. -Мезгілсіз ішкен асты адам дұрыс сіңіре алмайды.-Күн сайын белгілі бір мезгілде тамақтану керек. Сонымен қатар шамадан тыс көп тамақтану да зиян.-Әр тамақты жегенде асықпай ұсақтап шайнау керек.-Адам ағзасына қажетті минералдар мен дәрумендері бар тағаммен тамақтану қажет. Жеміс – жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. «Дәрумендер»-грек сөзі – «өмірді жалғастырушы» деген ұғымды береді. Медицинада дәрумендердің 30-ға жуық түрі белгілі. Келесі әріп У- Уақыт. Уақытты тиімді пайдалану денсаулыққа көп әсерінтигізеді. Күн тәртібін сақтау керек. Л- лас. Денсаулықты ең бірінші бүлдіретін нәрсе-ластық, салақтық.Тамақтануға қатысты тазалық ережелерін есте сақтаймыз.Тамақ ішер алдында қолды сабындап жуу керек.Жеміс-жидектерді жуып жеу керек.Ы-ықшам киінудің де, денсаулыққа тигізер пайдасы көп екен. Қалың киімкисек, терлеп салқын тигіземіз. Адам өзіне сай, лайықты, жеңіл киіну керек. Соңғы әріп Қ- қоршаған орта. Біздің айналамыздағы дүние- күн,жер,ауа, бұлт, су, өсімді, жануарлар - қоршаған орта , табиғат деп аталады.Қоршаған ортаны таза күтіп, қорғауға міндеттіміз. Сонымен қорытындылай келе жалпы денім сау болсын десең... Денім сау болсын десең... Дұрыс тамақтану Спортпен, дене шынықтырумен шұғылдану Тазалық, гигиена сақтау керек Еңбекпен шұғылдану, айналысу Күн тәртібін сақтау Таза ауада жүру Адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі Біреуін қағу керек...Қағатының - ?Біреуін шағу керек...Шағатының - ?Біреуін жару керек...Жаратының -?Біреуін ору керек....Оратының -?Біреуін қазу керек...Қазатының -?Біреуін үзу керек...Үзетінің -?Біреуін қуыру керек...Қуыратының не-?