Заманауи ?аза?станны? жетістіктері EXPO — 2017


Экспоны өткізген елдер Алғашқы Экспо көрмесі Ұлыбританияда Өтті ЭКСПО-ның негізін қалаушысы болып ғылымға қызығушылық танытқан Ұлыбританияның қазіргі ханымының арғы тегі ханзада Альберт есептеледі. Алғашқы Бүкіләлемдік көрме 162 жыл бұрын Лондонда, 1851 жылдың 1 мамырында ашылған және Гайд-саябағында орналасқан. 20 аптаның ішінде оған 6 млн. адам келген (сол кезде Лондонда 3 млн. адам тұрған болатын). Лондон 1851ж Лондондағы Хрусталь сарайы.Париждегі Эйфелева башня. Париждегі Александр III көпірі.Венадағы Рондонда – әлемдегі ең үлкен күмбез астындағы павильоны. Сандар сөйлейдіЕХРО-2017 «ЕХРО» дүниежүзілік көрмесі «ЕХРО»  – дүниежүзілік көрмелер, онда дүниежүзінің елдері өздерінің ғылымдағы, техникадағы, мәдениеттегі және өнердегі жетістіктерін көрсетеді. «ЕХРО»-ға қатысу туралы шешім үкіметтер тарапында қабылданады, ал оған қатысушылардың саны 195 құрайды. «ЕХРО»-ға қатысушылар саны 40–45 млн адамды құрайды.Халықаралық Көрмелер Бюросы Париж қаласында 1928 жылғы 22 қарашада қол қойылған Халықаралық көрмелер Конвенциясының басшылығы мен өтінімдерін қамтамасыз ету үшін құрылды. Қатысушы елдердің Үкіметтері оның мүшелері болып табылады.ХКБ штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан.Бюро Бас Ассамблеядан, Президенттен, Атқарушы Комитеттен, мамандандырылған комитеттерден тұрады. EXPO бес жылда бір өткізіледі және алты айға созылады. ЕХРО мамандандырылған халықаралық көрмелері екі Дүниежүзілік көрмелердің аралығында өтеді. Міндетті түрде ХКБ бекіткен тақырыпқа ие болады әрі үш айға жалғасады. Көрменің тарихыҚазіргі уақытта Халықаралық көрме -лер бюросының ұйымына 157 ел қа -тысады.Экспо техникалық және технология -лық жетістіктерді әйгілейтін халықаралық көрме. Ол ең алғаш рет 1851 жылы Лондонда Гайд-паркте Альберт ханзаданың бастауымен өткізілді. Бұл көрме Джозеф Пакстонның Хрусталь сарайымен танымал болды. Осы өткізген уақыттан бастап есептегенде 2017 жылы 166 жыл толады екен.Дүниежүзілік көрмелер өздерінің ауқымы, қоғамдық-саяси және экономикалық маңызы бар оқиғалары бойынша бірегей оқиға болып табылады.Бүгінгі күнге дейін 63 көрме өткізілді. «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі Астана қаласында өтуі.Қазақстан жас мемлекет, ол күнделікті дамып келеді, бұл халықаралық деңгейде іс-шаралар өткізуге мүмкіндік береді.Қазақстан  1997 жылдан бері Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) мүшесі болып табылады. Ел EXPO-ға 2005 жылдан бері (EXPO-2005 (Айчи) қатысады, EXPO-2008 (Сарагоса), EXPO-2010 (Шанхай). Сарагоста өткен EXPO-2008 қорытындылары бойынша «С» санаты бойынша қатысқан 140 қатысушы елдің ішінде Қазақстан павильоны сыртқы және ішкі ресімдеу критерийлері бойынша үшінші орынға ие болады. 2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске Қазақстан Республикасының ресми өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу жөніндегі сайлау науқанына ресми тұрғыда кірісті.2012 жылғы 14 наурызда Мемлекет басшысы Қазақстанның елордасында ХКБ-нің сарапшылар комиссиясымен кездесу өткізіп, оның аясында ЕХРО-2017 көрмесін өткізу біздің еліміз үшін ұлттық жоба болып табылатынын ерекше атап өтті. 2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына жеке кепілдік берді. Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған. Дауыс беру нәтижесіҚалаЕл1-ші айналымАстана Қазақстан103Льеж Бельгия442012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ. Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады, яғни 10 маусымда басталып, 10 қыркүйекте аяқталады. Көрмеге әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Оған 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр. Әрбір келген адам 130 $ ақша әкелетінін ескерсек, бізге түсетін пайда 520–910 млн.-ға дейін жоспарлануда. Халықаралық көрмедегі қазақстандық үлес туралы  да  тарқатып айтуға болады. Баспасөз мәслихатының бас спикері Әлішер Пірметов атап өткеніндей,  күні бүгінге дейін дайындық және құрылыс жұмыстарына 320-дан астам отандық кәсіпорын тартылған. Олармен арада жасалған келісім-шарттың жалпы сомасы 47 миллиард теңгеге жуықтап отыр. Осы шарттар аясында 50 мыңнан астам адам жұмыс жасауда. Оның сыртында 14 мыңнан астам қазақстандық құрылыс алаңдарына тартылып отыр. Яғни, бұл – Астана көрмесі әлеуметтік жағдайға оң әсер етті деген сөз. Көрмені өткізу жұмысына бөлініп жатқан қаражаттың көлемі аз емес. Президент соңғы Жолдауында Ұлттық қордан қосымша 40 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Ол ақша «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі арқылы несие ретінде берілмек. Оған ЭКСПО-2017 кешенінің құрылысын жалғастыру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Астана әуежайының жаңа терминалын салу мен ұшып-қону алаңын жаңарту жұмыстарына 29 миллиард теңге бөлуге тапсырма берді. Осының арқасында 2017 жылы әуежайдың жолаушыларды өткізу қарқыны жылына 3,5 миллион адамнан 7,1 миллионға көбейеді.Жалпы, Қазақстан ЭКСПО көрмесін өткізуге 283 миллион еуро жұмсамақшы. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмеден кейін ол ақшаның барлығы мемлекетке қайтарылады. «ЭКСПО – 2017 көрмесінің шығындары Тіркеу досьесінде көрсетілген – 283 миллион еуро. Оны операциондық шығындар деп атайды. Артынан біз соның барлығын бюджетке қайтаруымыз қажет», – дейді Т.Ермегияев. Оның айтуынша, жеке инвесторлар мен демеушілердің арқасында жоба толығымен ақталады.Қазіргі жоспарға сәйкес, ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу және оған дайындық шаралары барысында коммерциялық жұмыстан 283 миллион еуродан астам қажы түседі. Ол ақшаның 81 пайызы – демеушілер мен билет саудасынан келетін пайда. Негізі, көрме қонақтары сан алуан шараларға 5 миллион рет (5 миллион адам емес – авт.) келіп кетсе, билеттер саудасынан 82 миллион еуро түседі деген жоспар бар. Қазіргі кезде Елбасының атынан 139 мемлекет пен 12 халықаралық ұйымға шақыру жіберілді. Нәтижесінде 115 мемлекет және 18 халықаралық ұйым қатысатындығын растады. Биыл 80-ге жуық ұсыныс аламыз деп отырмыз. Жалпы, 100-ден аса мемлекет пен 10 халықаралық ұйымның қатысуы жоспарланған. Көрме қонақтарының жалпы саны 2 миллиондай болады. Олардың әрбіреуі көрме аясындағы шараларға, кем дегенде, 2 рет келіп кетсе, 5 миллионға дейін жетуге әбден болады. Қонақтардың 85 пайызын қазақстандықтар құраса, қалғаны – шетелдіктер. Олардың басым бөлігі ТМД мен Қытайдан келмек. Сондай-ақ Еуропа, Түркия мен АҚШ-тан келетіндер көп болады. Қазіргі таңда халықаралық көрмеге қазақстандық – 27, шетелдік 22 жоба ұсынылып отыр. Бүгінгі күні қазақстандық туристік компаниялармен 76 мың билет сатып алу үшін 7 келісімшартқа қол қойылған. Бірақ, бұл билеттер туристік пакеттер құрамында сатылады. Яғни, ЭКСПО-ға кіруге ғана билет сатылмайды. Турпакетте Астанаға ұшып келу, еліміздің Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Шымкент сынды қалаларының біріне саяхаттау қамтылған», – деді Шайжүнісов.Оның айтуынша, 2016 жылы елімізге 6 млн. шетелдік азамат келген.  Бірақ, оның ішінде саяхаттап келгендері небәрі 65 мың адамды ғана құрайды. Ал қалғандары жұмыс істеуге, бизнес бабымен немесе түрлі форумдар мен жиындарға қатысуға келеді екен.Ал осы жылдың үш айында ғана келесі жылы өтетін ЭКСПО көрмесіне келу үшін туристік топтаманы 76 мың адам сатып алған. Бұл ретте туристік топтама эконом, стандартты және премиум санаттарға бөлінеді.«Қазіргі уақытта 20 адамдық топпен Астанаға үш күнге келгендегі ең төменгі құн шамамен 40 мың теңгеден асады. Оған үш күнгі тұратын орын, тамақтану, ЭКСПО көрмесіне бару және қала бойынша саяхаттау кіреді. Стандартты пакет 60 мың теңгеден, ал бизнес санат  120 мың теңгеден басталады», – деді ол.Шайжүнісовтің айтуынша, «Астана ЭКСПО-2017» компаниясы облыстардың және қалалардың әкімдіктерімен бірлесе отырып, шетелдік саяхатшылар үшін 73 туристік бағдар әзірлеген. Оны үш санатқа бөліп қарастыруға болады.«Бірінші санатқа тарихи-мәдени орындар, екінші санатқа Байқоңырға, Қапшағай мен Бурабай арнайы ойын аймағына бару, ал үшінші санатқа экологиялық турлар кіреді», – деді департамент басшысы.EXPO – ға билет «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде бір күнде 33 шара өтеді. «93 күнде 5 миллион турист Астанаға келеді дегенде резонансты сауалдың туындайтындығы анық. Біз орташа есеппен Астанаға күніне 35-45 мың, ал шырқау шегі кезінде 100 мың адам келеді деп күтудеміз. Ал олардың барлығы қайда орналасады? Бұл өте күрделі мәселе. 2017 жылға қарай 30-31 мың орын болатындығы болжануда. Олар: қонақ үй кешендері, университеттік жатақханалар, қазіргі уақытта қарқынды дамып отырған хостелдер және жалға берілетін пәтерлер»,- деді ол. Бұл ретте Шайжүнісов қазақстандықтардың қонақжайлығын айта келе, елордаға сапарлап келетін ел азаматтарының басым бөлігі туған-туыстарының үйлерін жағалайтындығын атап өтті. Сонымен қатар ол неліктен 5 миллион туристің келетіндігіне үміт артылатындығын да түсіндіріп берді. «Өйткені, ЭКСПО өтетін 93 күннің ішінде 3 мың шара өткізу жоспарланған. Яғни, орташа есеппен күніне 33 шара өткізілмек. Бұл шаралар түрлі сипатқа ие. Олардың қатарында қатысушы елдердің ұлттық күндері, шағын тақырыптық, білім беру сипатындағы шаралар, концерттер, театрландырылған қойылымдар бар. Толықтай алғанда толыққанды, жақсы бағдарламалар ұсынылады», - деді ол. Осының нәтижесінде 1 300 пәтер пайдалануға берілді. Бұл жөнінде «Бәйтерек» ҰБХ» басқарма төрағасы Ерболат Досаев ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында хабарлады.Сондай-ақ, Е. Досаев ЭКСПО-2017 аумағында орналасқан, ауданы 138 мың шаршы метр Mega Silkway құрылысының аяқталғаны туралы да хабарлады.«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында холдингке 2016 жылы жалдамалы және несиелік тұрғын үйлердің құрылысына Ұлттық қор мен республикалық бюджеттен 221 млрд 600 млн теңге бөлінді. Жоспарланған қаражат толық көлемде игеріліп, 485 400 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді», – деді Е. Досаев.Осылайша, 8,5 мыңға жуық қазақстандық баспаналы болды, оның жартысы 35 жасқа дейінгі жастар. Холдинг басшысының айтуы бойынша, 2017 жылы тағы 12,5 мың пәтер пайдалануға беріледі.ЭКСПО-2017 көрмесі үшін салынған тұрғын үйлердің құрылысы аяқталды. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының коммерцияландыру департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев БАҚ өкілдерімен кездесті. Департамент директоры көрмеге арналған қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру байқауының аралық нәтижесімен таныстырды.«Мейрамхана қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру осындай кең ауқымды іс-шаралардың қажетті әрі маңызды аспектісі. Қызмет көрсету, яғни сервис әр мемлекеттен келген тұлғалар мен көрмеге қатысушы мемлекет делегаттарының, сонымен қатар, қала қонақтары мен тұрғындарының ойынан шығуы керек. Бүгінгі күні 15-ке жуық мемлекет өздерінің ұлттық асханасын білдіретін тамақтану орындарын ұйымдастуды жоспарлады. Бұл Италия, Германия, Польша және т.б мемлекеттер», – деді Д.Еркімбаев.Сондай-ақ, көрмеге аумағы 10 мың шаршы метрден  асатын жалпы тамақтануды ұйымдастыруға арналған коммерциялық орындар бөлінді. Жалпы алғанда, 40-тан аса тамақтану орындарын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Коммерциялық павильондардың бірінші қабаттарында мейрамхана, кофехана, барлар орналасады. Екінші қабаттарда сауда орталықтарындағыдай фаст-фуд болады. Жалпы тамақтандыру орындарын ұйымдастырған кезде барлық әлеуметтік топтар мен табыс деңгейі қаралды.ЭКСПО- 2017 көрмесіне арналған  жалпы тамақтандыруды ұйымдастыру жұмысы байқауының аралық нәтижесі жарияланды.  Халықаралық Көрме Бюросы 1928 жылы 22 қараша айында, Париж қаласында қол қойылған. Бюроның құрамына Бас Ассамблея, Президент, Атқарушы комитет, Мамандандырылған комитеттер кіреді (1928 ж. 22 қарашада, Париж қаласында қол қойылған Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенцияның 25 бабы).Қазақстан ХКБ ұйымы қатарына 1997 жылы қабылданды.Қазіргі таңда Халықаралық көрмелер бюросы ұйымында 157 қатысушы ел бар. 2011 жылдың 10 маусымында Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев ХКБ-нің Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесті. Экспо ауданы - 113 гектар.Шәмші Қалдаяқов көшесі мен Гольфклуб ауданындағы К-1 шығыршықты жолының қиылысындағы Астана қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан учаске.Көрмеге арналып таңдалған орын EXPO Орталығын қаланың орталық бөлігімен байланыстыратын көщелердің желісіне ие, оның ішінде, қаланың әкімшілік және көліктік орталықтарына қол жетімділікті қамтамасыз ететін 4, 6, 8 жолақты қозғалысы бар магистралды көшелер (Халықаралық Әуежай, ТЖ Вокзалы, Әкімдік және т.б.). Астанадағы өтетін ЭКСПО-ның тақырыбы: «Болашақ энергиясы» болмақ. Көрмеге қатысушы мемлекеттер өздерінің энергия саласындағы техникалық жетістіктерімен барша жұртты тәнті етеді. Әсіресе, қазіргі таңда сұранысқа ие балама энергия көздерін алу мақсатындағы құрылғылармен таныстырады. Сарқылмайтын энергия көздеріне жататын: күн сәулесі, жел, жер асты сулары арқылы энергия алу болашақта адамзатқа қажетті ресурс түрі. Осыдан, көрменің тақырыбы көпшіліктің қызығушылықтарын тудырары анық екені білінеді «Энергияның экологиялық таза көздерін пайдалануға көшсек, бұл бізге қомақты экономикалық табыс алуға көмектеседі, технологиялар болса трансформация процесінде маңызды роль атқара алады. Ол үшін нақты саяси әрекеттер жасалу керек». - деді өз сөзінде Energy Technology Perspectives басшысы Маркус Врейк. Студенттар мен жоғары сынып оқушылары үшін бұл тамаша тіл ұстарту практикасы, жетекші әлемдік ғылыми мектептермен танысып, бұдан былайғы кәсіби өсу үшін идеялар табу мүмкіндігі. Жаңа қызықты кездесулер мен танысуларды да ұмытпаған жөн, өйткені Қазақстанға барша әлем өкілдері келеді.