?са? монша?тардан г?лдер мен ?рнектер ??растыру


Еңбекке баулу
3 сынып 
Тақырыбы:  Ұсақ  моншақтардан  гүлдер мен  өрнектер құрастыру
Мақсаты: 1.Оқушыларға  ұсақ моншақтардан гүлдер мен өрнектер  құрастыруды  үйрету.
2. Білімін,ой-өрісін, икемділік қабілеттерін дамыту.
3. Ұқыптылыққа, үнемшілдікке, төзімділікке тәрбиелеу.
 
Сабақ типі:    жаңа білімдерді меңгеру сабағы
Әдісі:                түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: суреттер, оқулық.
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:     Кәне, досым, тексерші,
Дайынсың ба сабаққа?
Орнында ма, бүтін бе,
Моншақ, қайшы, желімің?
 
 IІ. Мақсатын қою кезеңі: 
   Тақырыбын,мақсатын хабарлауҰсақ  моншақтардан гүлдер мен  өрнектер құрастыру.
 
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1 .Қажетті  заттар:
а/ Түрлі түсті  ұсақ  моншақтар.
ә/ Жіптің  жуандығындай, ұзындығы  15-30 см  мыс сымдар.
б/ Жіптер.
в/ ПВА  желімі.
г/ Қайшы.
2.Оқулықпен жұмыс:117-120 бет.Моншақтардан  гүлдер мен  өрнектер
құрастыруды түсіндіру.
 
 3.Сергіту сәті Моншақты біз  білеміз,
Көңілді, тату жүреміз.
Қай жаққа мейлі қарасаң,
Керек қой білім әрқашан.
 
   ІV.  Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1.Сұрақтарға жауап беру
- Моншақтан гүлдер мен өрнектер құрастыру үшін қандай заттар қажет?
- Бисер  дегеніміз  не?
- Олардан нелер жасауға болады?
2. Техника қауіпсіздік ережесін қайталау
(қайшы,ине)
2.Өздік жұмыс
Ұсақ моншақтардан гүлдер мен өрнектер құрастыру.
 
 VII.  Бекіту кезеңі:  Қорытындылау
-          Бүгін сабақта не істеп үйрендік?
-          Бұл заттарды не істеуге болады?
-
VIII.  Үйге тапсырма беру кезеңі:  
117-120 бет оқу, өз қалаулары бойынша моншақ түрлерін жасауІХ.Бағалау. Жасаған бұйымдарын салыстыра отырып бағалау.