Технология 5-сынып ?а?аздан ?арапайым жаймалы? ?рім то?у макетін жасау, матаны? ??і жа?ын аны?тау. Экономика ?андай болады?
Бекітемін: З.А.ЖакаеваОқу ісінің меңгерушісі
«___» _____________ 2015 жылСыныбы: 5 - сыныпСабақ №: 10
Тарау: №ІІІ Маталармен танысу. Мата өңдеу технологиясы. Тігін машинасымен жұмыс жасау.
Сабақтың тақырыбы: Қағаздан қарапайым жаймалық өрім тоқу макетін жасау, матаның өңі жағын анықтау. Экономика қандай болады?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Арқау жібі және негізгі жібін анықтай білу
Дамытушылық: Оқушылардың мата туралы түсініктерін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды әдемілілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, сарамандық жұмыс.
Пән аралық байланыс: Математика, бейнелеу, дүниетану
Көрнекіліктер байланыс: Мата талдығы, матаның оң, терісі көрсетілген плакат.
Көрнекі құралдар: Түрлі – түсті қағаз, қайшы, желім,қарандаш, сызғыш.
Сабақтың мазмұны:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын қорыту
Жаңа сабақтың мақсатын қою
Жаңа сабақ
Сарамандық жұмыс
Сабақты бекіту, бағалау
Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру: Сынып оқушыларының сабаққа қатысуын белгілеу, назарларын сабаққа аудару.
II Үй тапсырмасын сұрау: сұрақ – жауап
1. Талшық деп нені атайды?
2. Табиғи өсімдіктен алынатын талшықтарды ата?
3. Химиялық талшықтарды қалай атайды?
4. Мақта мен зығыр талшықтарының айырмашылығы неде?
III Үй тапсырмасын қорыту
Сөзжұмбақ арқылы қорытылады.
Т
А Б И
Ғ
И
Бұйым пішілетін зат? (мата)
Тігін құралы? (қайшы)
Ер адамдар бас киімі? (бөрік)
Өлшем алуға арналған құрал? (сантиметрлік таспа)
Өсімдік алынатын талшық(зығыр)
Тігін құралы (ине)
IV Жаңа сабақтың мақсатын қою:
Матаның шығуын және матаның арқау және негізгі жібін айыра білу, матаның оң, терісін айыра білу және айқаспаларын түрлі – түсті қағаздан жасап көрсету.
V Жаңа сабақ.
Матаны шығарудың ең алғашқы сатысы – талшықтардын жіп жасау.
Тоқыма фабрикасына түскен талшықтарды арнайы машиналарда қопсытады, қоқыстардан тазартады, тарайды. Содан соң бірыңғай ұзын таспа түрінде созады. Тоқыма машиналарында ұршықтың көмегімен оны иіреді.
Талшықтап жіп шығару процесін иіру деп атайды. Дайын болған жіп тоқыма фабрикасына түсіп, одан тоқу станоктарыны мата шығарады, матаның ұзына бойы орналасқан жібі негізгі жібі, ал бойы көлденеңнен орналасып жатқан жібі арқау жібі деп атаймыз.
Матаның екі жағындағы тарқалмайтын шеттерін - матаның жиегі дейміз.
Мата тоқылуы жіптердің айқасу жолдарынан тұрады. Айқаспалар мата түрлеріне қарай күрделене түседі. Соның ішінде ең жай түрі – кездеме тоқу.
Тоқыма станоктарынан алынған маталарды өңдейді, тазалайды, ағартады, бояйды және өрнек салады.
Матаның екі жақ беті болады. Оң және теріс. Матаның оң, теріс жағынан мата бетіне түскен суреті, бетінің жылтырлығы арқылы анықтаймыз.
VI Сарамандық жұмыс.
Екі түсті қағаздан бірдей төртбұрыш қиып алып, қағаздың беттеріне 1см ауа қашықтықта параллель сызықтар жүргізу.
1 – ші қағаздың жоғары жағынан 1 см орын қалдырып көлденең сызу.
Қағазды сызыққа дейін бірыңғай тіліктерге қию. Екінші қағазды бірыңғай жолақтарға қиып, таспа дайындау. Дайын қағаздардан мата айқаспаларын, яғни арқау жібін, негізгі жібін анықтауды үйрету.
Жұмыс барысында тексеру, нұсқау беру, қатені түзету.
5290820162560382206516256026155651625601322070162560-20320162560Қағаздан жасалған бұйымдар топтамасы.
VII Сабақты бекіту, бағалау.
Сабақты қорытындылау сұрақтары:
Матаны шығарудың ең алғашқы сатысы не?
Иіру деп нені атаймыз?
Матаның арқау жібін және негізгі жібін қалай анықтаймыз?
Матаның неше беті болады?
Мата жиегі дегеніміз не?
Енді сабақты бекіту мақсатында мына сөзсызбасын шешейік.
ш м а д е р қ
ы т қ ә к а ы
л а п с н б т
ж і т ә а с а
е б е н а в с
к л а п л с и
а т с а р ш а
Шыт, мақпал, жібек, атлас, парша, сәтен, дәке, лавсан, барқыт, сиса.
Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма беру. Мата қалдығынан коллекция жасау. Коллекцияны ою - өрнек үлгісінде жасау.
Экономика негіздері. Экономика қандай болады?
Нарықтық экономика. Жер мен капитал жекелеген адамдардың меншігінде болатын экономикалық мәселелерді рынок көмегі арқылы сатып алушылар мен сатушылар шешеді. Тауар үшін сатып алушылар мен сатушылар кездесетін орын - рынок. Өнімдер рынокта сұраныс бойынша өндіріледі. Сұраныс болу үшін тауардың құны төмен, сапасы жоғары болуы тиіс. Осы арада нарықта бәсекелестік пайда болады. Бәсеке - алдыңғы технологияны пайдалана отырып, жақсы, сапалы тауарды өндіруге итереді. Сұраныс бар жерде бәсекелестік пайда болады. Дәстүрлі экономика - жерге, капиталга,тайпа тұрғындары иелік етіп,экономикалық мәселелерді, тайпада бұрыннан бері келе жатқан дәстүр бойынша шешеді. Оңтүстік Американың нулы ормандары мен Индонезия джунглияларында экономиканың әлі де дәстүрлі түрімен өмір сүріп келеді.