Е?бекке баулу. Ашы? саба? ?а?аздан салпынша? сыр?а жасау


Сабақтың тақырыбы: Қағаздан сырға жасау,салпыншақ сырға жасау, бұрама сырға жасау. Сабақтың мақсаты: Зергерлік бұиымдар туралы түсінік беру.Қағаз түрлерінен алқа жасау тәсілін меңгерту.Эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық ізденіске баулу. Сабақтың түрі: біліктілі іскерлік дағдыға қалыптастыру. Оқыту әдісі: ауызша,көрнекілік,практикалық. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: қайшы,қағаз түрлері, сызғыш, қарындаш,желім,қылқалам,ине,жіп. Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. Әріптер әлемінегі жұмбақ бұйым ұйымдастыру. 1.Екі аяғы бар, Көлденең таяғы бар Ол қай әріп? /а/ 2.Әсемде жоқ, Әселде бар Ол қай әріп? /л/ 3.Қыста бар, ыста жоқ. Ол қай әріп? /қ/ 4.Ауызда екеу, уызда біреу. Ол қай әріп? /а/ Жауабы: Алқа. Кіріспе сөз: Алқа-қыз-келіншектердің мойнына сәндік үшін тағатын бұйым.Зергерлік бұйымдарды жасайтын адамды "зергер"деп атайды.(білезік,сырға,сақина,шолпы, өңіржиек,қапсырма) Зергерлік бұйымдар алтын,күміс,асыл тастар, меруерт,гаухар маржаннан жасалған.Біздің халық "Зергердің көзі өткір,ойы жүйрік" «Зергердің қолы алтын» деп құрметпен қараған. Практикалық жұмыс. Оқулықпен жұмыс. Алқаны дайындық түрімен таныстыру көрсету. 1.Екі түсті қағаз дайындаймыз. 2.Жіңішке қағаздарды топтарға бөліп сызып аламыз. 3.Сызық бойымен сызамыз. 4.Қарындашқа шыршықтап орап,соңғы ұшына аздап желім жағып бекітеміз. 5.Инеге жіп бор екі түсті оралады өткізіп шығамыз. Қортынды бөлім: 1.Балалар,бүгін біз қандай бұйыммен таныстық. 2.Зергерлік бұйымдарға нелер жатады? 3.Зергерлер деп кімдерді айтамыз? 4.Алқаны қандай материалдардан жасаймыз? Әдемі жасаған заттарды,өз қолдарыңмен жасағанды сыйға тартуға болады. ІІ.Зергерлер металмен жұмыс істеген яғни әртүрлі бағалы металдарды әшекеи бұйымдар жасайтын адам. Металл – деп бойында созылмайтын жылу,және электр тоғын өткізгіштік балқу төзімділік қасиеттері бар.Мөлдірлік қасиеті жоқ затты айтамыз.Металл екі түрге бөлінеді қара және түсті металл.Қара металға болаттың және шатунның түрлері жатады.Ал түсті металға алтын,күміс,қола,қорғасын жатады. Үйге Сыныпта жасаған үлгіге қарап үйден сырғалар жасау