Д?рыс к?пб?рыш?а іштей ж?не сырттай сызыл?ан ше?берлер радиустары арасында?ы байланыс ?айталау, есептер шы?ару саба?ы.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
9.3B Үшбұрыштарды шешу Мектеп:
№43 ЖОББМ
Күні: Мұғалімнің аты – жөні:
Айдынғалиева А.С
Сынып: 9b Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы: Дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлер радиустары арасындағы байланыс; қайталау, есептер шығару сабағы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарласамына сілтеме) ГМ9.23 дұрыс n бұрышты көпбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусы және сырттай сызылған шеңбер радиусы арасындағы байланысты қорытып шығарады, қолданадыr=Rcos180°n, мұндағы n көпбұрыш қабырғаларының немесе бұрыштарының саны;Есептер шығаруда қолдана алады.
Сабақ мақсаттары Оқушылардың дұрыс көпбұрышқа іштей сызылған, сырттай сызылған радиустары мен қабырғасының жартысынан құралған үшбұрыштың сүйір бұрышы болатындығын түсінеді. Бұл тікбұрышты үшбұрыштағы қатынастарды қолдану арқылы радиустар арасындағы тәуелділікті қорытып шығара алады.
Көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын таба алады. Бұрыштар саны 3,4,6 болғандағы ішкі және сыртқы радиустарды таба алады. Формулаларды қортып, есептер шығаруда қолдана алады.
Жетістік критерийлері Дұрыс көпбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусы және сырттай сызылған шеңбер радиусы арасындағы
байланысты қорытып шығарады, қолданады.
Тілдік мақсаттар Оқушылар тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін түсінеді. Сөйлем құрап айта алады.
Көпбұрыш, көпбұрышқа іштей сызылған шеңбер, көпбұрышқа сырттай сызылған шеңбер, шеңбердің радиусы, бұрыш.
Көпбұрыш - polygon
Радиус - radius
Шеңбер - circle
Биіктік - height
Тікбұрышты үшбұрыш – right triangle
Бұрыш - angle
Градус – degree
Құндылықтарды дарыту Оқушылар сыныптастарымен бірлесіп жауап беру, ұқыптылыққа, тәрбиелілікке, алған білімдерін тиянақтай білу, жеке, өз бетімен тест тапсырмаларына жауап бере алу.
Пәнаралық байланыстар Информатика, сызу, геометрия
АКТ қолдану дағдылары Интерактивті тақта. Тақырыпқа арналған презентация. Оқушыларға жұмыстануға жеке қағаздар. Карзина мен тоқаштардың ішінде жазылған есептер. Есептер жазылған қағаздар, жұлдызшалар. Оқушыларға тоқаштар беріледі.
Бастапқы білім Көпбұрыштың ауданы ұғымы мен оның қасиеттерін біледі;төртбұрыштар аудандарының формулаларын қорытып шығарады және оларды қолданады;
үшбұрыш ауданының формуласын (табаны мен оған түсірілген биіктігінің жарты көбейтіндісі) формуласын қорытып шығарады және оны қолданады;
Барлық үшбұрыш түрлерінің аудандарын біледі. Шеңберлердің аудандарын біледі.
Дұрыс көпбұрыштың қасиеттерін біледі, қолдана алады.
Күтілетін нәтижелер Оқушылар дұрыс көпбұрыштарды сырттай және іштей сызылған шеңберлердің радиустарын шығара алады, теоремаларды дәлелдей алады. Формулаларды қорытып, есептер шығару барысында қолдана алады. Оқушылар қолданбалы есептер шығара алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
2 минут
3 минут15 минут
Сабақтың ортасы
15 минут
20 минут
15 минут
Сабақтың соңы
5 минут І.Ұйымдастыру:
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау (оқу құралдары, оқушылардың сабаққа қатысуы, сыныптың сабаққа әзірлігі)
ІІ.Өткен материалдарға шолу:
Оқушылардың үй тапсырмасын орындағандарын қадағалау, тексеру.
ІІІ. Қайталау сабағы
Оқушыларға өткен формулаларды қайталау мақсатында экранға он сұрақ шығарылады. Сол сұрақтарға алдарына берілген қағаздарға маркерлермен жазады. Оқушылар жазып болғаннан кейін бір – бірімен қағаздарын алмастырып тексереді. Формулаларды қайталау мақсатында тақтаға формулаларды жазамын.

Оқушылардың өткен формативтік жұмысты шамалы жазғандықтан талдау жасаймын.
Оқушыларды топқа бөлу. Оларға үш түрлі стикер беру арқылы топқа бөлемін.
Оқушылар топқа бөлінгеннен кейін оларға есептер беремін.
1. Шеңберге іштей сызылған дұрыс үшбұрыштың периметрі 18 см – ге тең. Осы шеңберге іштей сызылған квадраттың қабырғасын тап.
2. Газ тетігі бүркеншігінің қимасы дұрыс үшбұрыш пішінді болып, қабарғасы 3 см – ге тең. сол тетікті дайындайтын жұмыр темір таяқшаның ең кіші диаметрі қандай болуы мүмкін?
3. Кеспелтек ағаштың көлденең қимасы квадрат, ал қабырғасы 6 см - ге тең. Осы кеспелтектен жонып алатын жұмыр таяқшаның ең үлкен диаметрін тап.
Оқушылар есепті шығарып болғаннан кейін тақтаға шығып қалай шығарғандарын өзге командаларға түсіндіреді.
Тақтаға ішінде тоқаштардың артына есептер жасырылған карзинаның суретін ілемін. Оқушылар корзиналардан топ – топ болып кезек - кезек есептер шығарады. Әрбір дұрыс есеп шығарған команда тоқаш алады. Ослайша барлық есепті шығарады.
Оқушыларға тақырыпқа сай есептер беріледі. Есепті шығарғаннан кейін жұлдызша алады. Ослайша барлығы есептер шығарады.
ІV Cабақты қорытындылау
Оқушыларға рефлекция сұралады.Ол үшін оқушыларға қолдарына смайлик ұстаған фотосуреттер үлестіріледі. Сол қағаздардың екінші жағына рефлексия жазады.
Оқушыларды бағалау:
Топтық жұмыста көп жұлдызша жинаған команда. Сабаққа белсенді қатынасқан оқушылар бағаланды.
V Үй тапсырмасы:
Оқушыларға көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын табуға алты есептер берілді.
Атанасиян, Геометрия оқулығынан 1092, 1094, 1096есептер. А.В. Погорелов
Геометрия
Орта мектептің
7-11 – сыныптарына арналған оқулық
Бекбоев, Абдиев
8 сыныпқа оқушыларына арналған оқулық
Карзина суреті бар қағаз, жұлдызшалар мен есептер жазылған қағаздар.
Геометрия. 7—
9 классы : учеб. для общеобразоват. уч-
Г36 реждений / [Л. С. Атанасян, В. Ф. Бутузов, С. Б. Кадомцев
и др.]. — 20-е изд. — М. : Просвещение, 2010.— 384 с.
Презентация
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Оқушылар тапсырмаларды топ болып орындайды. Бірінші тоқаштар үшін есептер шығарса, екінші жұлдызшалар алу үшін есептер шығарады. Оқушылар топ болып есептер шығарғандықтан әрбір шыққан есепке печенье жейді. Сабақ соңында жеке – жеке бағаланады. Оқушылар компьютерлермен жұмыс жасамайды. Презентация қарауға парта мен экранның арақашықтығы гигиеналық талаптарға сәйкес орнатылған.
Сабақ бойынша рефлексия
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?