Балаба?шада?ы та??ы ше?бер картотекасы Та??ы ше?бер


Таңғы шеңбер
Тәрбиеші: Балалар, бүгін мен сендермен осындай әсем, жарық, кең бөлмеде кездескеніме өте қуаныштымын. Қәне, бір-бірімізге қарап, әдемі күлкімізді сыйлайықшы!
Сәлем деймін достарға,
Сәлем деймін құстарға,
Сәлем деймін құрдасқа,
Сәлем деймін ұстазға.
Буги-буги билейміз,
Айналамыз тағы біз.
Алақанды соғамыз
1, 2, 3 буги-буги (2 рет).
Ашық болсын айымыз,
Биік болсын туымыз.
Тату болсын халықтар,
Тату болсын балалар!
Балалардың ұйқысын ашу үшін «Шапалақ» ойынын ойнаймыз.
Балалар шеңберге тұрып, қолдарын созады. Тәрбиеші 3 деген кезде, барлықтары бір уақытта қолдарымен шапалақ соғуға тиісті.
Тәрбиеші: Балалар, сендердің көңіл-күйлерің қандай? Сендер көңіл-күйлеріміз жақсы дедіңдер. Енді осы жақсы көңіл-күйлеріңді көрсетіңдерші.
Көңілді болғанда не істейміз?
Ренжігенде...
Қорыққанда...
Қуанғанда...
Таң қалғанда...
Шапалақты тыңда. Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші алақанын соққанда балалар бір аяқпен, екі рет шапалақтағанда қолдарын екі жаққа созып, үш рет шапалақтағанда жүруін жалғастырады.
Тәрбиеші: Ал енді балалар, бойымызды сергітіп билеп алайық.
Аяқпенен топ-топ-топ,
Ал қолменен хлоп-хлоп-хлоп,
Бір оңға, бір солға
Айналайық кел мұнда.
Қолымызды бір сілтеп,
Басымызды шайқайық.
Бір оңға, бір солға
Ойнайықшы кел мұнда.
Секіреміз жоғары,
Қиын емес секіру.
Бір оңға, бір солға
Секірейік кел мұнда.
Ойын: «Актер»
Тәрбиеші: Балалар, қазір біз «Актер» деген ойын ойнаймыз. Ол үшін мен қандай кейіпке енетіндеріңді айтамын, сендер соны мұқият тыңдап тұрыңдар.
күнге қараған мысық боламыз
анамыз ұрысып жатыр
кино көріп отырмыз
күлдірген өнер көрсетіп жатыр
қатты ренжуліміз
қуанып жатырмыз
ауыр шелек көтеріп келеміз
Ән: жыл мезгіліне байланысты
Ойын: «Табиғат дыбыстыры»
Поезд әні
Қәне, кімнің бойы ұзын? Поезд болып жиналып тұра
Паравозы ол поездың. қалады.
Қатар-қатар тұрайық,
Поезді біз құрайық.
Ал, паравоз баста алға,
Бәрімізді басқар да.
Пш-пш, пш-пш, біз кеттік,
Жүрісті тым үдеттік. (2 рет)
Гу-гу, гу-гу, гуілде,
Қалып қойма бірің де.
Пш-пш, пш-пш, біз кеттік,
Жүрісті тым үдеттік. (2 рет)