Т?рбие са?аты .?ош бол ,балаба?шам!
"Балабақшамен қоштасу" ертеңгілігі
тәрбиеші:Бесіктегі баланың
Күлгенің көрген бір мұрат
Алдына түсіп ананың.
Жүргенін көрген бір мұрат.
Толқимыз толқып тұрсыз,баршаңызда
Мұндай күй болған сірә,ешқашаңызда
Қол соғып,қошеметтеп шақырайық
Балдырған бүлдіршін түлектерді.-деп алдарыңызға балабақша түлектерін шақырамыз
Шерікбайқызы Жанерке,Ниязбек Жайсан, Тилеубек Шапағат, Есболат Нұрболат.
Канекей балалар біз қоштасуымызды тақпақтан бастасақ.
Жанерке:Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді бастайық
Жүздерінен көркем шаттық арайлы,
Болсын солай әрбір күнің,әр айың.
Жайсан:Қуанышымыз біздің мол
Мектепке біз тарттық жол!
Ұмытпаймыз өзіңді,
Балабақшам қош сау-бол!
Шапағат: алты жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата-ананы Мектепке кетіп барамыз.
Нұрболат:
тәрбиеші:Мектеп ана шақырады бізді алдан
Алдымызда талай-талай сан арман,
Қоштассақ та балабақшам сеніменСанамызда өзін берген өнегең-дей отырып балалардың білімімін тексерсек
Балалар сендер мектепке баруға дайынсындар ма?сұрақ-жауап
Адамда неше көз бар?
Қолғапта неше саусақ бар
Кемпірқосақтың түсі нешеу
Аспанда неше күн бар
Адамда неше саусақ бар
Үшбұрышта неше бұрыш бар
Бағдаршамның неше көзі бар
Төртбұрышта неше бұрыш бар
Казір сөз кезегін -------------------------------------береміз.
Тәрбиеші: Қазір балалар сендермен «иә, иә», «жоқ, жоқ» ойынын ойнаймыз.
1.Мектепке біз барамыз ба?
2.Кілең 5-тік аламыз ба?
3.Айтқан тілді аламыз ба?
4.Ақылды бала боламыз ба?
5.Нан жейміз деп жылаймыз ба?
6.Ертеңгісін тұрамыз ба?
7.Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
8.Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
10.Оқушы біз боламыз ба?
Тәрбиеші:Қоштасып мен бүгін балалықпен,
Қоштасамын сиқырлы балабақпен
Танысып мектеп деген әлемменен
Достасамын біліммен,даналықпен казір алдарыңызда Шерикбайқызы Жанеркенің орындауында «Үш бақытым» қарсы алыңыздар
тәрбиеші: Ата-аналармен «иә, иә», «жоқ, жоқ» ойынын ойнаймыз.
1.Балаңызға әрқашан тірексіз бе?
2.Сабақ оқып,еспке сіз жүйріксіз бе?
3.Тамағын уақыттылы бересіз бе?
4.Төзімділікке әрқашан төзесіз бе?
5.Сериал көріп жатасыз ба?
6.Ұрып,нұқып үйретуге барасыз ба?
7.Оқыту мұғалімнің жұмысы деген сөзді айтасыз ба?
8.Сен оқыт мен оқытып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
10.Бала үшін асулардан асасыз ба?
Тәрбиеші: Қоштасып мен бүгін балалықпен,
Қоштасамын сиқырлы балабақпен
Танысып мектеп деген әлемменен
Достасамын біліммен,даналықпен.
Бүлдіршіндердін орындауында би қарсы алыңыздар.
тәрбиеші:Қызық күндер өткіздік,
Балабақша бағында
Көп оқыдық,көп білдікЕл мен Отан жайында-дей тұрып, алдарынызда Балабақша әні
тәрбиеші:Жаңа өмір басталсын,
Үміт сенім ақталсын
Ұмытылмай балбақша,
Көңілде мәңгі сақталсын. Би
тәрбиеші:Жаңа өмір басталсын Үміт сенім ақталсын
Ұмытылмай балабақша вальсі,
Көңілде мәңгі сақталсын-балалардың орындауында вальс.
тәрбиеші:Мектеп деген білім кені,жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиенің ұшқыны
Мектеп деген даналардың мекені.
Құрметті ата-аналар, қонақтар осымен балабақшамен қоштасу ертеңгіліг өз мәресіне жетті. Келіп тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет!