А?АШТАН БЕС ЖАС?А ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ?А АРНАЛ?АН ??РАСТЫРМАЛЫ ОЙЫНШЫ?ТАР ЖАСАУ


Ағаштан бес жасқа дейінгі балаларды дамытуға арналған құрастырмалы ойыншықтар жасау
Ғылыми жетекші: Абдимоминова Д.К.,
аға оқытушы,пед.ғыл.магистрі
Садық Ә. Б., «Кәсіптік оқыту»
мамандығының 4курс студенті
Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігі балалар тауарлары нарығын дамытуды көздейтін жоба ұсынып отыр. Себебі: мамандардың айтуынша, елімізде 4млн бүлдіршінге шетелден ойыншық алу үшін 2 млрд теңге көлемінде қаржы кетеді екен. Бұл дегеніміз нарықтың 98 пайызы. Егер аталған жоба Үкімет тарапынан қолдау тапса, елімізде ойыншық өндіретін фабрикалар салынады [1, 3б.].
Ойыншық – баланы жан-жақты тәрбиелеу мақсатына пайдаланылады. Баланың дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі,белгілі бір мақсаттағы, ойластырылған әрекетке үйретеді, қиялын дамытып, еңбекке сүйіспеншілігін, техникаға қызығушылығын, білуге құмарлығын, аңғарғыштығын қалыптастырады, талғампаздыққа тәрбиелейді, өнерге ынталандырады.
Қазіргі таңда қай дүкенге, қай базарға барсаңыз да көздің жауын алар балаларға арналған ойыншықтарға кезіктіресіз. Мұндай ойыншықтарға балалар ғана емес, үлкендер де назар аударып, қызыға қарайды. Олардың арасында бірді-екілі ұлттық болмысымызды көрсететіндері болмаса, барлығы дерлік қытай ойыншықтары. Баласына қуаныш сыйлағысы келген ата-ана осы бір Қытайдың бағасы арзан, сапасы төмен ойын-шықтарын сәбилерінің қолына ұстатады. Қытай қуыршақтарының баланың денсаулығына қандай зиян келтіретініне мән беріп, назар аудармайды. Үнемі сапасыз ойыншықпен ойнаған баланың ағзасына үлкен зиян келеді. Мұндай сапасыз дүниелер баланың өсуін де тежейді екен. Қаламызда ойыншықтар сататын бір емес, бірнеше дүкендер бар. Сондай-ақ, базарда да ойыншықтардың сан алуан түрін таба аласыз. Әр апта сайын өтетін мерейтой, шілдехана, қыз ұзату, үйлену тойында да ойыншық  шашып жатамыз, алайда оның сапасына аса мән аудармайтынымыз өкінішті. Осы ретте ойыншықтардың сапасы туралы мамандардың пікірін тыңдасақ:
Балабақша әдіскері Саясат Ажиғалиева ханымның айтуынша, балабақшадағы ойыншықтар Ресейден портал арқылы алынады екен. Барлық ойыншықтар тазартылып, жуылып тұрады. Дегенмен, ата – ана ойыншықты бала санасының дұрыс қалыптасуы үшін ғана сатып алмауы керек, сонымен қатар бала денсаулығы – басты нәрсе екенін естен шығармаған жөн. Ойыншықтар баланы жан – жақты тәрбиелеу құралы десек те, артық болмайды. Сол себепті Қытай қуыршақтарымен уламай, ұлттық дәстүріміз бен мәдениетімізді көрсететін ойыншықтардың көбеюін тілейміз деп, өз сөзін қорытындылады.
Ал, санитарлық – эпидемиологиялық стансасының маманы Әйгерім Исабаева ханым базарда сатылып жатқан балаларға арналған ойындар мен ойыншықтардың негізгі бөлігі шындығында ҚХР шығарылғанын айта кетті. Барлық ата – аналарға балаларға арналған ойыншықтарды сатып алу кезінде ең алдымен неге назар аудару керектігін айтып өтті:
1. Сатушыдан сатылатын ойыншықтардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды талап етуге;
2. Ойыншықтарда ақаулардың, сызаттардың, қабыршақтанудың болуын тексеруге;3. Егер ойыншық боялған болса, бояуды саусақпен сүртіп көруге;4. Егер ойыншық жұмсақ болса, онда оның түгінің түсіп жатпағандығын тексеруге;5. Ойыншықтарда бөтен, өткір иістің болуын иіскеп көруге кеңес берер едім. Жоғарыда көрсетілген ақаулар мен иістер болған жағдайда, ол ойыншықты сатып алмау керек.
Бала тіршілігінде де, тәрбие прцессінде де ойыншықтардың маңызы өте зор. Ойыншықтар арқылы өзін қоршаған ортамен танысады, баланың көңіл-күйі көтеріледі. Ойыншықтарды тәрбиелік құрал ретінде пайдалану балалардың жас ерекшеліктеріне негізделеді.
Ойыншықтарға арналған баланың жасы, ойыншық қорабының сыртында немесе арналып салынған қағазда көрсетіледі. Ойыншықпен бірге берілетін нұсқау қағаздағы ескертулер ойыншық арналған жас тобындағы балаларға түсінікті болуы керек және мұнда ойын мен ойыншықты өңдеудің (жуып-тазалау, залалсыздандыру) ережесі жазылуы керек.
Ойыншықпен ойнауға белгілі жағдайда педагогикалық, эстетикалық, гигиеналық, техникалық талап қойылады,сондай-ақ ол баланың жас ерекшілігіне қарай өзгеріп отырады.
Ойыншықтардың қауіпсіздігіне санитарлық бақылау Денсаулық сақтау Министірлігі деңгейінде жүргізіледі. Оның функциясына ойыншық жасаудағы нормалық техникалық құжаттарды бекіту, сонымен қатар, шикізаттардың, материалдардың және тексерудегі заттардың барлығына келісім беру жатады. Ойыншықтарға қойылатын санитарлық ережелердің негізі талаптары төмендегідей болып келеді:
Өндіру мен таратуға, үлгілері мен нормалық техникалық құжаттарына санитарлық эпидемиологиялық қызмет орындарының дұрыс деп қойған қортындысы бар ойыншықтар ғана жатады;
Ойыншық жасаумен айналысатын жұмысшыларға, тамақ өнеркәсібінің, су құбырларының балалар мекемелерінің қызметкерлеріне қойылатындай талаптар қойылады. Жұмысқа түсер кезде олар дәрігер терапевтің жалпы тексеруінен өтуі керек және туберкулез ауруына тексеріледі, әрі қарай жылына бір рет дәрігерлік тексеру-ден өтіп отырады;
Ауызға тигізетін ойыншықтарды дүкеншілердің тексеріп беруіне тиым салынады. Ол үшін, ауамен үрленетін арнаулы қондырғы болуы керек;
Сатылып кеткен ойыншықтарды ақауы (дефектісі) барынан басқасын қайта қабылдауға болмайды;
Ойыншыққа арналған шикізаттар бекітілген нормадан артық химиялық заттар бөлмеуі керек. Өтелдерді ойыншық өндірісінде пайдалануға тиым салынады;
Үш жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықты шыныдан, түкті резеңкеден және металлдан жасалған лақтыратын снарядттарды (барлық жастағы балаларға) жасауға тиым салынады;
Ойыншықтың ішін толтыруға арналған материалдар, т.б. ойыншық жасауға пайдаланылатын жүн, терілер залалсыздандырылған болуы керек;
Балалар ернін тигізетін ойыншықтардың бөлшектері жылдам залалсыздандырылатын материалдан да-йындалуы керек;
Ойыншықтың шеттерінде жарығы, үшкірі, сынығы болмауы керек. Үшкір жерлері мен бұрыштары доғалданып келуі керек;
Ойыншықтың салмағы, өте ірі ойыншықтардан басқа, 7 жасқа дейінгі балалар үшін - 400 гр, 7-ден 10 жасқа дейінгі балалар үшін - 800 гр аспауы керек;
Суық қаруды бейнелейтін ойыншықтардың үшкір және өткір бөлшектері болмауы керек;
Боялған ойыншықтар, түссіз лакпен қапталуы керек. Олардың беті тегіс, жарылмаған болуы керек;
Жеті жасқа дейінгі балаларға арналған электірлі ойыншықтардың күшінің қуаты 12 вт, ал, 7 жастан жоғары балаларға 18 вт аспауы керек [2].
Осы жоғарыда аталған талаптарды кейбір өндіріушілер сақтай бермейді. Сордықтан да өз елімізде экологиялық таза материалдардан жасалатын балаларға арналған ойыншықтарды жасайтын орындардың қажет екені сезіледі. Ол жасалатын ойыншықтар баланың ойлау қабілетін, дұрыс сөйлеу мәнерін дамытуға, оның білімі, шеберлігін және дағдысын қалыптастыруға көмектеcеді. Ойнай жүріп бала затты танып біледі, оның түрін, көлемін, түсін ажыратады, есептік арақатынасымен, санымен, кеңістік жайлы түсінікпен т.б.танысады. Солардың бірі дидактикалық ойыншықтар.
Дидактикалық ойыншықтарға жататындар: біртүсті және түрлі түсті сақиналардан жасалған конусты күмбездер, бірінің ішіне бірі салынатын әртүрлі тостағандар, бөшкелер, шарлар,матрёшкалар, әртүрлі серіппелі, бұрандалы ойыншықтар т.б. Келесі түрі бейнелік ойыншықтар.
Бейнелік,ишара ойыншықтардың тәрбиелік маңызы зор. Оған қуыршақтар (киім-кешек, үй жиһазы, ыдыс-аяқ) ; адамдар мен жануарларды, табиғат элементтерін бейнелейтін фигуралар жатады. Бұл қуыршақтармен ойнаған балалардың қоршаған орта жайлы түсінігі айқындалып, ұғымы кеңейе түседі, ой-өрісі мен қияли дамып, сөздік қоры артады. Ал,техникалық ойыншықтарға жатытындар көліктік, құрылыстық т.б бұйымдар. Балалардың ойын барасында көп күш жұмсамай-ақ еңбек процесін бейнелеуіне мүмкіндік береді. Конструкторлық ойыншықтар (құрастырмалы, құрастырмалы алмалы-салмалы) тақырыптық, сұлбалық, немесе әмбебап конструкторлар болып бөлінеді. Құрастырмалы алмалы-салмалы ойыншықтар мектеп жасына дейінгі балаларға арналады. Олар арнаулы бекіткіштер арқылы құрастылатын аздаған бөлшектерден тұрады [3,12б.].
Бір жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтар олардың көру, есту жағдайларын, дыбыс реакцияларын, дене тұлғасын өзгертуге арналған қимыл-қозғалыстарын (отыру, тұру, қолдарымен бір нәрсені қармап ұстау т.с.с.) дамытуға арналады.
Одан кейінгі жастарда бала айналасын тереңірек танып, біле бастайды, қимыл-қозғалыстары реттеліп, тіл дами бастайды. Сондықтан бұл жастарда біраз күрделірек, түсіну үшін ойлану қажет ететін әртүрлі мозайкалар, таяқшалар мен кубиктер, құрылыс материалдары, дамыту ойыншықтары қолданылады [4, 125б.].
Жұмыстың мақсаты: Ағаштан бес жасқа дейінгі балаларды дамытуға арналған құрастырмалы ойыншықтар жасау
Міндеттер:
Тақырыпқа байланысты ғылыми әдебиеттерге талдау жасау.
Жас ерекшелігіне сай құрастырмалы ойыншықтарға сараптау жасау
Ағаштан бес жасқа дейінгі балаларды дамытуға арналған құрастырмалы ойыншықтардың технологиялық картасын құру
Құрастырмалы ойыншықтар жасаудың экономикалық есебін құрастыру
Зерттеу нысаны: Ағаштан бес жасқа дейінгі балаларды дамытуға арналған құрастырмалы ойыншықтарды жасау үрдісі
Зерттеу пәні: Ағаштан бес жасқа дейінгі балаларды дамытуға арналған құрастырмалы ойыншық.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Жас Алаш №30 (15592) 19 сәуір, сейсенбі 2011
"Балалар ойынына және ойыншықтарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен
Балаларды ерте жастан дамытуға арналған заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар. – Астана, 2015. – 15 бет.
Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы (Оқулық).- Алматы 2002.344б.