«?ош бол , А? ша?ала балаба?шам»
«Қош бол , Ақ шағала балабақшам»
Жыңғылды ауылындағы «Ақ шағала » балабақшасында үлкен мереке болды. Балабақша түлектерінің «Қош бол , Ақ шағала балабақшам» атты ертеңгілігі ауыл тұрғындарын бір серпілтіп тастады. Балдай тәтті бүлдіршіндеріміздің ертеңгілігінің шымылдығын балабақша директоры М.Садуова өзінің жүрек жарды лебізімен ашып берді. Бүлдіршіндер өз жыр шумақтарын :
Қуанамыз сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
2958465328041000-260985328041000Қоштасатын күн бүгін - деп қимастықпен арнады. Бұл күні балалардың да, ата – аналардың жүздерінен ерекше қуаныштың лебі есіп тұрды. Ертеңгілік соңында бүлдіршіндер ауыл алаңына барып , арман – тілектерін айтып қолдарындағы шарларын аспанға әуелетті.
«Ақ шағала» балабақшасының тәрбиешісі: Құлбарақова Р