Балаба?шам ?ош сау бол!
Айгерім Бәтешова, «Думан» балабақшасының тәрбиешісі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
Тақырыбы: «Автобуспен саяхат»
Білім беру саласы:Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Айналамен таныстыру
Мақсаты:Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, оны аялауға , баптауға үйрету,жол жүру ережелерін үйрету.
Әдіс-тәсілдері:Саяхат,түсіндіру,көрсету.
Көрнекілігі:Гүлдер,аңдардың киімі,бағдаршам.
Тәрбиеші топ бөлмесіне назар аудартып,тілектерін білдіреді.
Балалар бүгінгі күнге тілегімізді айтайық.
-еліміз аман болсын!
-Елбасымыз аман болсын!
-Денсаулығымыз мықты болсын!
-досымыз көп болсын!
-Әрқашан күн сөнбесін!
-Жүзімізден күлкі кетпесін!
-Балабақша жайнай берсін!
Балалар «Көбелекті ұста»ойынын ойнайық.
Ойынның шарты:
Сендер гүлдерсіңдер,сол гүлге көбелек ұшып келіп қонады.Көбелек қонған бала менің сұрағыма жауап береді.
Сұрақтар:
-Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
-Бір жылда төрт жыл мезгілі бар.Көктем,жаз,күз,қыс.
-Бізде қай мезгіл?
-Көктем мезгілі.
-Көктем мезгілінің айларын атаңдар?
-Наурыз,сәуір,мамыр.
-Біз қай айда жүрміз?
-Сәуір.
-Апта күндерін атаңдар?
-Дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі.
-Бүгін аптаның қай күні?
-жұма.
Жарайсыңдар балалар!
Балалар бүгін біз саяхат жасаймыз.
-Сендер саяхатқа шыққыларын келе ме?
-Иә.
-Онда балалар қандай көлік түрімен баруымызға болады?
Көлік түрлерін еске түсірейік.
-Балалар көліктер нешеге бөлінеді?
-Көліктер үш түрге бөлінеді.
-Әуе көлігі:ұшақ , тік ұшақ т.б
-Жер көлігі:жеңіл машина,автобус,трактор,пойыз т.б
-Су көлігі:кеме,қайық
-Қандай көлік түрлерімен саяхаттаймыз?
-Автобус.
Барлығымыз автобусқа мініп жол жүрейік.
Балалар көңілді жету үшін «Қошақаным»әнін орындайық.
-Балалар біз бағдаршамға келіп тоқтадық.
-Бағдаршам сен ескертші балаларға:
Алма кезек үш көзін,
Айтшы деп ұқ үш сөзін.
Тоқта,
Сақтан,
Жол ашық.
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда,
сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба.
Міне балалар сендер естеріңе сақтап алыңдар.
Балалар жолымыздан қалмайық.
Қанекей балалар енді орманға келдік.
Балалар қараңдаршы орманда аңдар жүр.
-Би: «Аңдар»
Аңдар:-Сәлеметсіңдерме,балалар!Мұнда қайдан жүрсіңдер.
-Автобуспен саяхат жасап жүрміз.
-Балалар аңдарда бізбен бірге саяхат жасасын.
-Жарайды.Балалар гүлдерге қараңдаршы.Бұл гүлдерге не болған.Гүлдер шөлдеп ,өспей тұрғанға ұқсайды.Онда балалар гүлге су құю керек.Балалар гүлдерге су құяды.
Саяхатымызды жалғастырайық.
Жолда шөлдеген,түбі шіріген ағашты көреді.Ағашқа су құйып,түбін әктейді.Ұшып жүрген құстарды көріп,тамашалайды.
Құстың ұясын ағашқа іледі.
Балалар табиғатқа қамқор болып,аялай білу керек.Ағашты сындыруға,гүлді басуға,жұлуға болмайды.
Балалар қараңдаршы ағаш түбінде «алтын сандық»тұр.Сандықтың ішінде не бар екен.Бетіндегі ашық хатты көріп,ашады.Мұнда балалар жұмбақ шешімін тапсаңдар, «алтын сандық»ашылады екен.
Онда бізге сый бар.Ендеше балалар жұмбақты шешіп көрейік.Қар,мұз еріп,
Су көбейіп.
Сай-салаға ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Гүл бәйшешек басады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
-Көктем мезгілі.
Сандық ашылады.Балалар сендерге орман иесі ағаштарға,гүлдерге су құйып,құстарға қамқор болғаны үшін,табиғатты аялай білгені үшін алғыс білдіруде.Гүлді сендерге сыйға тартуда.
Балалар гүлді алып,ризашылығын білдіруде.